О. И. Блинова Мотивология и ее аспекты. 2-е издание. Томск: Из-во Том ун-та, 2007. 394 с. «Уәждемелік белгі атауға негіз болған денотат белгісі»



Дата13.03.2023
өлшемі13,64 Kb.
#73820

Қолжазба күнделік әдісі
1.Тақырыбы: Туынды сөздердің уәжділігі
2. Кілт сөздер: уәж, семантика, белгі, когнитивті лингвистика
Тақырып бойынша ғалымдардың пікіріне сүйене отырып кестені толтыру




Автор

Еңбек атауы

Анықтама

түйін

1

Кияк Т.Р

Мотивированность лексических единиц. – Львов, 1988. – 160с.

«Шынайы өмірдің заттары мен құбылыстарына атау беруде таңдалынар белгі - аталым белгісі болып танылмақ»

Аталым белгісі дегеніміз қоршаған айналамыздағы заттарды атаудағы таңдалып алынған белгі

2

О.И.Блинова

Мотивология и ее аспекты.-2-е издание. -Томск: Из-во Том.ун-та, 2007. -394 с.

«Уәждемелік белгі - атауға негіз болған денотат белгісі»

Атауға түрткі болған,оның жасалуына негіз болған белгіні уәждемелік белгі не уәжділік деп атаймыз.

3

Б.Қасым

Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: Филол. ғыл. док. дисс. – Алматы, 2002. – 313 б.

Зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс - тіл деректеріне, атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа мағына мен жаңа мазмұн пайда болған уақытта сол кезеңде барып жаңа сөз қалыптасады

Болмыс пен танымдағы өмір шындығынан белгі алынып, келесі кезекте атау пайда болады.

4

Салқынбай А.Б.

Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект: Филол. ғыл. док. дисс. – Алматы, 1999. – 284б.

«Адам баласы өзіне таныс зат пен құбылысты одан әрі тереңдей білу арқылы, олардың белгісі мен қасиетін, қабілеті мен сапасын айқындап, әртүрліпайымдауларжасайды. Ал бұрын бейтаныс ұғымы мен таңбасы жаңа затты не құбылысты көргенде, мұндағы ұғым бұрынғы бар танымдық хабармен ұқсатылып,салыстырылып байланыстырылады.Бұл аналогиялық сөзжасамның көрінісі деуге болады. Адам жаңадан таныла бастаған заттар мен құбылыстарды бұрынғы түсінігі арқылы саралап, жаңа қасиеттерін айқындап, ерекше пайымдаулар жасайды»

Адамның өзіне таныс деректері жаңа тани бастаған деректерін көргенінде салыстырылады және ұқсастық белгілері анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет