Саралап оқыту дегеніміз не және ол бізге не үшін керек?



Дата25.11.2022
өлшемі19,6 Kb.
#52704
Байланысты:
саралап оқыту


Саралап оқыту дегеніміз не және ол бізге не үшін керек?
Кэрол Энн Томлинсон саралап оқытуды балаларды жеке оқыту стильдері мен ұйымдастырылған оқу қызметі ретінде сипаттайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, саралап оқытудың тиімділігі бұл әдістің оқуда әртүрлі қиындықтары бар балалардың немесе қабілетті, дарынды балалардың оқуына пайдалы болуында.
Барлық балалардың оқып-үйрену деңгейі немесе қабілеттері бірдей емес. Саралап оқыту алдын ала ойластырылған үдеріс болып табылады. Әрбір баланың өзіндік оқып-үйрену стилі болады. Соларды ескеру арқылы баллалардың барлығына да табысты болуға көмектесу.
1. Мазмұн арқылы саралау
1) жекелеген балалардың белгілі бір тақырыпты немесе бөлімді оқуды қай жерден бастауы керектігін анықтау үшін алдын-ала тестілерді пайдалану;
2) Блум таксономиясының әртүрлі деңгейлеріндегі ойлауды ынталандыру (есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жасау);
3) ұйымдастырылған оқу қызметін әр бөлім бойынша құрылымдалған бағыттардан тұратын анағұрлым шағын және басқарылатын бөліктерге бөлу.
4) күрделілігі әртүрлі деңгейдегі кең ауқымды оқу тұжырымдамалары мен дағдыларын таңдаңыз.
2. Процесс арқылы саралау
1) әртүрлі оқу дағдыларын дамытуға арналған әртүрлі материалдардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
2) аудиал, визуал және кинестетик балаларға арналған іс-шараларды әзірлеу;
3) балалардың сұранымдары мен қалауы бойынша өз бетінше оқу қызметіне арналған орындарды (бұрыштарды) жабдықтау;
4) балаларға күрделігі мен абстрактілі ойлау деңгейі бойынша әртүрлі іс-әрекеттерді ұсыну;
5) мазмұн, бағалау мүмкіндіктері мен нәтижелерін қамтитын факторлар негізінде тәрбиеленушілерді топтастыру мен қайта топтастырудың икемді тәсілдерін пайдаланыңыз.
3. Өнім арқылы саралау
1) әртүрлі бақылау стратегияларын пайдалану;
2) балаларға оқытудың әртүрлі стильдерін бейнелейтін ойын және жұмыс түрлерін ұсыну;
3) бағалауды үздіксіз интербелсенді үдеріске айналдыру.
4. Оқу ортасы арқылы саралау
1) оқыту үдерісіне физикалық элементтермен қатар психологиялық элементтерді де қамту арқылы оқуды оңтайландыру;
2) жеке жұмыс пен топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға көмектесетін әртүрлі жиһаздар мен құрылғыларды пайдалана отырып, икемді жоспарлау;
3) топты басқару әдістері қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік береді.
САРАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі әдісін қарастыруға болады:
Тапсырма. Мұның құрамына білім деңгейіәртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
- Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.
- Күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер (ресурстар)
- Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
- Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
- Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.
- Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
- Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам немесе баяу жұмыс істейді.
- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды
- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.
- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
- Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау
- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.
- Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу
Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:
- мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі),
- талаптары әртүрлі оқушылар,
- жигсо топтары (бірін бірі үйрететін топтар),
- кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топтары,
- гендерлік топ (ұл, қыз деп бөлінген),
- аралас гендерлік топ,
- ұйымшыл топ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет