О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет139/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   161
СҰРАҚТАР:
Н.Ә. Әміреев:
---------------------------------------------
Жауап:
---------------------------------------------
А.Б. Тұманова:
---------------------------------------------
Жауап:
---------------------------------------------
8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.
«ЖАРЫССӨЗ:»
деген 
сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз 
күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал 
екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір 
ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл 
бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары 
жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа-
зылады.
9. Дауысқа салу.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- 
нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- 
дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
«Қалыс қалғандар» саны – 0.
10. Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- 
мет.
Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- 
тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы 
қабылданады. 
Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты
не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және
орындау мерзімі көрсетіледі. «ҚАУЛЫ» және «ШЕШІМ» деген
сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады.
Мысалы,


223
Орынғазы Әбутәліп
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке 
жүктелсін.
Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын», 
«қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық 
райда жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет