О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі.  Жеке (функционалды) түрі Мінездеме



Pdf көрінісі
бет51/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   161
3-үлгі. 
Жеке (функционалды) түрі
Мінездеме
 
Алпамысов Сәкен Азатұлы 1966 жылы Алматы қаласында туған. 
Білімі жоғары. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
1990-1996 жылдар аралығында «Қызыл-ту» өндірістік бірлестігінде 
инженер болып қызмет істеді. 
1996 жылдан бастап осы бірлестіктің «Бақылау-өлшеу аппаратурасы» 
бөлімінің аға инженері қызметін атқаруда.
Алпамысов Сәкен Азатұлы бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде 
аға инженер болып істеген кезінде, қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер 
ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша 
кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Компьютермен жұмыс істеу 
тәжірибесі мол. Француз тілінен базалық білімі бар. Үйленген. Мектеп 
жасына дейінгі ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. 
1996 жылы Санкт-Петербург электротехникалық институтында 
«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» мамандығы бойынша 
дайындықтан өтті. Оқу орнынан берілген пікір жағымды. 
Мінезі ашық, бірақ аздаған сабырсыздығы бар. Ұйымдастырушылық 
қабілеті ерекше. Ерік-жігері орташа. Қиын жағдайда өз бетінше, дұрыс 
шешім қабылдай біледі. Өндірістік мәселелерді талқылағанда тік 
мінезділік көрсетеді, тым турашыл. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін 
тез түзеуге тырысады. 
Мінездеме «Еңбек келісімін» ұзарту үшін берілді.
Мінездеме беруші:
«Қызыл-ту» өндірістік бірлестігі 
Бақылау-өлшеу аппараттары
бөлімінің бастығы А. Бақбергенұлы 
8 сәуір, 2010 жыл _____________________________
(қолы)
 


75
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• 
ұлт
• 
отбасы
• 
лауазым
• 
қызмет
• 
азамат
• 
білім
• 
жоғары білімді
• 
тәжірибелі
• 
тәжірибелі маман
• 
жоғары білімді маман
• 
өз ісін жетік білетін маман
• 
қызмет істеген жылдары
• 
беделді
• 
үлгілі
• 
әріптестері арасында сыйлы
• 
қызметке жоғарылату
• 
аспирантураға түсу
• 
оқыды
• 
бітірді
• 
меңгерді
• 
аяқтады
• 
жұмыс істеді
• 
берілді
• 
үйленген
• 
үйленбеген
• 
тұрмыс құрмаған
• 
тұрмыста
• 
ажырасқан
• 
атқарып отырған қызметіне 
лайық
• 
жоғары қызметке ұсынуға 
лайық
• 
тапсыру үшін берілді
• 
ұзарту үшін берілді
• 
әлденеше рет сөгіс алған 
• 
әріптестеріне, азаматтарға мейірім- 
мен қарайды 
• 
әріптестерінің арасында беделді 
• 
байсалды адам 
• 
білікті маман 
• 
білімді маман 
• 
ешқандай сөгіс алмаған 
• 
жауапкершілігі 
жоғары 
және 
тәртіпті қатаң сақтайды 
• 
жоғары педагогикалық білімі бар 
• 
жұмыс істеген уақыты ішінде 
• 
компьютер бағдарламаларын жетік 
біледі 
• 
кішіпейіл, көпшіл, адал, өнегелі 
адам 
• 
қазақ тілін білу деңгейі жоғары 
• 
қарапайым адам 
• 
мәдениетті жігіт (қыз) 
• 
мінездеме директор лауазымына 
ұсыну үшін берілді 
• 
мінезі сабырлы 
• 
мінезі салмақты, орнықты 
• 
оқу барысында бірнеше конферен- 
цияларға қатысты 
• 
өзін жақсы жағынан көрсетті 
• 
республикалық 
олимпиада 
жеңімпазы болып табылады 
• 
тәрбиелі адам 
• 
тез тіл табысқыш 
• 
кәсіби деңгейін ұдайы арттырып 
отырады 
• 
тындырымды, батыл, белсенді адам 
• 
іскер адам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет