О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет101/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   239
15-cабақ 
ТАПСЫРЫС

 Анықтамасы:
Тапсырыс – келісімшарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, 
көлемді  заттарды  алуға  сұраныс  жасау  үшін  жасалатын 
ісқағаздарының бір түрі.
Тапсырыстың аса маңызды түрі өнім өндіру мен беру, соның ішінде 
экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс деген болады.
Тапсырыс қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді: 

сатып алу, 

алмастыру, 

коммерциялық ұсыныс.
Тапсырыс мәтіндік тұрғыда сипатталады. 
Мысалы, техникалық құрал-жабдық, жиһаз, құрылыс материалда-
ры, медициналық дәрі-дәрмек т.б.
Тауардың нақты атаулары жазылады. 
Мысалы, компьютер, үстел, шкаф т.б.
Тауардың бағасы мен саны берілген тапсырыстың көлеміне байланыс-
ты «ең аз» немесе «ең көп» екендігі көрсетілуі қажет.
Жеткізілім шарты екі жақтың келісуіне байланысты көрсетіледі.
Мысалы, сатып алушы өзі жеткізіп алады немесе сатушы жеткізіп 
береді.
Төлем шартында оның қандай жолмен жүзеге асырылатындығы тура-
лы көрсетіледі. 
Мысалы, қолма-қол немесе банк арқылы есептесу (теңге, рубль, сом, 
доллар т.б.). 
Жеткізілім мерзімі нақты көрсетіледі. 
Мысалы, 5 қазан 2009 жыл.
Ұсынысқа қосымшада (құжаттар) келісімшарт көшірмесі көрсетіледі. 
Мысалы, 2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777 келісімшарт 
негізінде.
Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатып алушы үшін), 
тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.
Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер 
туралы Өндірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.
6
 Құрылымы:
1. Тапсырыс түрі.
2. Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы.


113
Орынғазы Әбутәліп
3. Тауардың атауы. 
4. Тауардың бағасы. 
5. Тауардың саны.
6. Жеткізілім шарты. 
7. Төлем шарты. 
8. Жеткізілім мерзімі. 
9. Ұсынысқа қосымшалар (құжаттар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет