О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет98/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кепілхат қандай құжат?
2. Кепілхат қандай құжаттың негізінде жасалынады? 
3. Сенімхаттан кепілхаттың айырмашылықтары неде?
4. Кепілхат қайда куәландырылады?
5. Кепілхаттың құрылымы қандай?
6. Кепілхат қанша дана болып дайындалады?


108
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Үлгі:
Кепілхат
Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан
Мен,  Алматы  қаласы,  Абай  даңғылы,  23  үй,  89  пәтердің  тұрғыны, 
11.03.2005  жылы  ҚР  ӘМ-гі  берген  №46578978011  жеке  куәліктің  иегері 
азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы, 
Алматы  қаласы,  Абылай  хан  көшесі,  2  үй,  12  пәтердің  тұрғыны, 
10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің 
иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге 
алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.
Өз міндеттерімді орындауға:
– келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
– алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
– келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
– мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға 
кепілдік беремін.
Кепілхат  үш  дана  етіп  жасалған,  бірінші  данасы  –  Алматы  қаласы 
№122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова 
Мөлдір  Даниярқызында,  үшінші  данасы  –  азамат  Оразова  Әйгерім 
Құдайбергенқызында сақталады.
Тараптардың қолы:   
               Ә. Оразова
 
 
 
 
 
М.Тайлақова
Мен,  11.03.2003  жылы  ҚР  ӘМ-гі  берген  №46578978011  лицензия 
негізінде  әрекет  ететін,  Алматы  қаласы,  №122  нотариалдық  кеңсенің 
нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда 
жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым.
Кепілхатқа  менің  қатысуыммен  азамат  Оразова  Әйгерім 
Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды.
Кепілхат  иесінің  жеке  басы  анықталды,  құқықтық  іс-әрекетке 
қабілеттілігі тексерілді.
№245 тізбесіне тіркелген.
1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
______________ Нотариус Д.Рамазанов


109
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет