О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет139/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   239
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сұраныс хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жасалады?
3. Оның құрылымы қандай?
 Тілдік бірліктер:
•  жіберуді ұсынады
•  ауысуына байланысты
•  меңгерушісінің атына
•  еңбекақысы туралы ақпарат
•  жеке тұлғаның атынан
•  конференция тақырыптарын сұрау
•  тізімін сұрау
ç
 Тапсырмалар:
1.  Қалалық  мұрағат  меңгерушісінің  атына  1975–1990  жылдары 
Тұрмыстық химия зауытында технолог ретінде жұмыс істеген анаңыздың 


160
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
еңбек өтілі туралы анықтама беруін сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2010 жылы өткізілетін 
оқырмандар  конференциясының  тақырыптарын  сұрап,  мектеп 
директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
3.  Қалалық  оқу  бөлімінің  бастығына  қажетті  маман  мұғалімдерді 
жіберуін  сұрап,  мектеп  директорының  атынан  сұраныс  хат  үлгісін 
жазыңыз.
4.  «РАДиАЛ»  жекеменшік  баспаның  бас  редакторының  атына 
автордың атынан кітапты 500 данамен қайта бастыруын сұрап, сұраныс 
хат үлгісін жазыңыз.
5. «Алматықұрылыс» АҚ-ның президентінің атына үйіңізді өзіңіздің 
жобаңыз  бойынша  салуын  сұрап,  жеке  тұлғаның  атынан  сұраныс  хат 
үлгісін жазыңыз.
6.  Халық  банкінің  жергілікті  филиалы  директорының  атынан  «Ме-
рей»  жиһаз  жасау  АҚ  президентінің  атына  осы  мекеменің  қызметкері, 
банк  кредиторының  еңбекақысы  туралы  ақпарат  сұрап,  сұраныс  хат 
үлгісін жазыңыз.
7. Университет кітапханасы меңгерушісінің атына кітапхана қорына 
келіп  түскен  «Филология»  сериясының  оқу-әдістемелік  әдебиеттер 
тізімін  сұрап,  филология  факультеті  деканының  орынбасары  атынан 
сұраныс хат үлгісін жазыңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
жіберуіңізді сұрайды  
– просит отправить
ауысуына байланысты 
 – в связи с переводом
меңгерушісінің атына  
– на имя заведующей
еңбекақысы туралы ақпарат  
– информация о зарплате
жеке тұлғаның атынан  
– от имени физического лица
конференция тақырыптарын сұрау   – просить темы конференции
тізімін сұрау  
– попросить список


161
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет