О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі. Ресми Құттықтаухат!



Pdf көрінісі
бет161/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239
4-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Ұлттық ғылым 
академиясының академигі 
Мұхтар Әлиұлына
Қадірлі Мұхтар Әлиұлы!
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжы- 
мы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттық- 
таймыз.
Адам жанының арашасы болған сіздің Тәуелсіз Қазақстан мен әлем 
медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға 
амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
Университетінің президенті, академик О.Сәбден

5-үлгі. Бейресми
Алтын әжем Алтынай!
Асыл  әжем,  тілеуімізді  тілеген,  еркелігімізді  көтерген,  көрмей  қалса 
сағынған!  Көңілі  кең,  жүрегі  мейірімді,  кеудесі  қазына,  сөзі  қасиетті  ақ 
әжем!  Нұрлы  жүзіңе  жарасқан  ақ  жаулығыңнан,  немересін  барлығынан 
артық жақсы көрген ыстық ықыласыңызға тәнтіміз. Бар тәттіні аузымызға 
тосып, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағымызға құюдан жалықпаған 
біздің  дана  әжеміз.  Сізді  бүгінгі  70  жасқа  толған  мерейтойыңызбен 
құттықтаймыз!!! 
Әжетай!  Сізге  зор  денсаулық,  қажымас  қайрат,  ұзақ  өмір  және  екі 
дүниенің  бақытын  тілеймін.  Алла  сізге  күш-қуат  берсін!  Жасыңыз  ұзақ 
болсын,  ауырмаңыз!  Ұл-қыздарыңыз  бен  немере-шөберелеріңіздің 
ортасында  әрдайым  жүзіңізден  шуақ  шашырап,  қызығына  тоймай  жүре 
беріңіз! 
Ізгі  ниетпен  немерелеріңіз:  Жұлдыз,  Жәнібек,  Қазыбек,  Аяулым, 
Сағыныш, Дидар, Айбол, Абзал, Ақтілек, Жансая, Ақнұр, Аружан, Балнұр, 
Айзере.


183
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет