Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Редакциялаудың теориясы мен практикасына, әдіс-тәсілдеріне қатысты... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Қорыта келгенде, М.Садықовтың «Редакциялау- дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсынуға болады. М.Бердібаев – мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про- фессор. Оқу құралына қатысты негізгі ой-пікірлер мен сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Енді талдауды қорытындыласақ... Пікірлердің барлығы оң. Әріптесіміздің аталған еңбегін студенттерге қажетті құрал ретінде баспаға ұсынуға болады. Осы ұсынысты ашық дауысқа салайық. Дауыс беру нәтижесі: «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ. 2. ТЫҢДАЛДЫ: Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, фило- логия ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау жөніндегі хабарлама жасады. А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент мінде- тін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жыл- дың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл. 2001 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық диссер- тация қорғағаннан кейін 9 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішінде 2 оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық көрді. Оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін
227 Орынғазы Әбутәліп қолдай отырып, А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын. 2. ЖАРЫССӨЗ: