О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет158/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

10. Түсінікхат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) 
жекелеген  ережелерінің  мазмұнын  түсіндіретін  құжат;  2)  лауазымды 
тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі оқиғаны түсіндіріп, жоғары 
тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер 
ішкі  еңбек  кестесін  және  еңбек  тәртібі  ережесін  бұзған  жағдайда 
(жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және 
т.б.) жазылады.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
қызметтік хат  
– служебное письмо
қызмет  
– служба
сауалнама  
– анкета  
 
қабылдаушы  
– адресат 
жолдаушы  
– адресант 
баған  
– графа 
кесте  
– график 
құжаттама  
– документация    
мерзімінен бұрын  
– досрочно 
екінші дана  
– дубликат 
ақпарат, хабар, мәлімет  
– информация 
ілеспе хат  
– сопроводительное письмо 
тізім  
– список 
талап  
– требование  
ұсыныс хат  
– рекомендательное письмо  
тарату  
– распространять  
тарау  
– раздел  
жөнелту  
– отправка  
орнату  
– установить 
жедел  
– быстро, экстренно  


178
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
лайық  
– подходящий  
орындаушы  
– исполнитель
әкімшілік  
– администрация
өзекті мәселе  
– актуальная проблема
кезек күттірмейтін мәселе   – неотложная проблема
маңызды  
– важный
бос орын  
– вакансия
бөлінді  
– выделено
іссапар  
– командировка
іссапарға жіберу  
– командировать
көрсеткіш  
– показатель
өңдеу  
– обработка
белгілеу  
– обозначение
қарау, талқылау  
– рассмотреть


179
Орынғазы Әбутәліп
 22-cабақ 
ҚҰТТЫҚТАУХАТ!
Құттықтаухатты қолданылуына қарай екі түрге бөлуге болады.
1. Ресми. 2. Бейресми.

 Анықтамасы:
Ресми  құттықтаухат  –  ресми  ұйымдар  мен  мекемелерді  және 
лауазымды  адамдарды  құттықтаған  жағдайларда  арнаулы  ресми 
құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданады.

 Анықтамасы:
Бейресми құттықтаухат – жеке адамдарды маңызды мерекелерде, 
мерейтойларда, тағы басқа жағдайларда жазылады.
Құттықтаухат  құрметті,  қадірлі,  аса  қадірлі,  қымбатты  деген 
сөздермен басталады. 
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш 
иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
–  Сіз  осы  жылдар  аралығында  зор  жетістіктерге  (табыстарға) 
жеттіңіз.
– Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
– Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
– Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
– Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың 
(кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-
жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен 
аяқталады.
6
 Құрылымы:

Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа-
зылуы.

Құттықтау себебі.

Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.

Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.


180
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
 Тілдік бірліктер:
Басында:
Соңында:
•  Құрметті
•  Қадірлі 
•  Аса қадірлі 
•  Қымбатты
•  Сүйікті
•  Шын жүректен 
•  Ізгі тілекпен 
•  Шынайы көңілмен
•  Ізгі ниетпен 
•  Тілек білдіруші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет