О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Хабарландырудың басты мақсаты –



Pdf көрінісі
бет166/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Хабарландырудың басты мақсаты – көпшілікке нақты бір мәліметті 
жеткізу.  Бұл  мәлімет  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  егер  тұлға  өз 
мүлігін  сатса,  ол  хабарландыруда  оның  сипаттамасын  міндетті  түрде 
жазу керек. Ал егер мекеме ішінде бір шара өткізілсе, онда оның уақыты 
мен өткізілетін орны жазылуы керек.
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос 
қызмет  орындарына  конкурс  жариялау  үшін  де  хабарландырулар  жа-
рияланады.  Хабарландыруларда  қызметке  алынатын  кандидатураға 
қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады
Хабарландырулармен  теледидар,  радио,  газеттерден  және  хабар-
ландыру  тақталары  арқылы  танысуға  болады.  Хабарландыру  әртүрлі 
жағдайлар,  мысалы,  бос  қызмет  орны  туралы,  жылжымайтын  мүлікті 
сату,  сатып  алу  және  қандай  да  бір  қызмет  түрлерін  ұсыну  туралы, 
сондай-ақ қандай да бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабар-
лау үшін беріледі. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. 
Мысалы, бос қызмет орны туралы хабарландыруда бірінші – қандай 
мекеме байқау жариялайтыны, екінші – қандай қызмет орнына жария- 
лайтыны,  одан  кейін  үміткерлерге  қойылатын  талаптар  мен  конкурсқа 
қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, конкурс мерзімі, мекеменің мекен-
жайы көрсетіледі.
Хабарландыру  хабарландырылатын  мәселенің  мазмұнына  қарай  6 
түрге бөлінеді:
1.  Бос орындарға хабарландыру. 
2.  Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру. 
3.  Мәдени шараларға хабарландыру. 


189
Орынғазы Әбутәліп
4.  Тендерге хабарландыру.
5.  Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыру.
6.  Жалпылама хабарландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет