24-cабақ
БҰЙРЫҚ
Анықтамасы:
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда
тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді
шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті
ісқағаздарының бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға
жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар-
лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған
бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп
аталады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте,
“... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “...
орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес”
деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа
ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке
Достарыңызбен бөлісу: |