О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет173/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. 
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат 
негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Өкімдік  бөлік  «БҰЙЫРАМЫН»  деген  сөзден  басталады  да, 
бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен 
белгіленеді.
Бұйрықтың  өкімдік  бөлігі  нақты,  қысқа,  анық,  басы  артық 
түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және 
қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер  бұйрық  орындаушының  үнемі  атқаруға  тиіс  мәселесіне  бай- 
ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы-
на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.
Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы-
лады. Мысалы,

тыйым салынсын 

босатылсын 

қабылдансын

белгіленсін

жүктелсін

тағайындалсын

ауыстырылсын.
Сондай-ақ  мекеме  ішіндегі  жұмысты  жүргізу  ыңғайына  қарай 
бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет