Кепілхат –белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алынғанын куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды
реттейтін ресми құжат түрі.
Қолхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат,
құжат) алғандығын және оны белгілі мерзімде қайтарып беретіндігін
міндеттеп көрсететін құжат.
Құжаттау үрдісі элементтері: құжаттарды дайындау; құжаттарды
жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын
бақылау;құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында
белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық
тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының
бір түрі.
Өмірбаян – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін ісқағазының
бір түрі.
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру,
сұрау туралы ресми құжат.
238 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу Өтінім – мекемеішілік қатынаста қажетті заттарды алуға арнайы
бланк түрінде толтырылатын құжат.