О. П. Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізгі алынып жүрген заттық,атрибутивтік,іс-әрекет(процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес,жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше


Бейвербалды коммуникациялар тілдік таңбалардың барлық қызметін орындай алады



бет2/2
Дата17.02.2023
өлшемі29,39 Kb.
#68736
1   2
Байланысты:
1-6билет фк

Бейвербалды коммуникациялар тілдік таңбалардың барлық қызметін орындай алады. Мәтінге өзгерістер енгізетін бейвербалды компоненттер мынадай жағдайда пайда болады. Біріншіден, сөз бен сөз тіркесін ұмытқанда және оны іздеу барысында; екіншіден, айтып жатқан сөзінің құнды, қажет екенін білдіру мақсатында; үшіншіден, бір вербалды компоненттің бейвербалды компонентпен ауыстырылуы қажет болған жағдайда. Сөйлеудегі осындай деформацияларды И.Н. Горелов «бейвербалды таңбаның көріністері» деп атайды да, әрі қарай ойын былай тұжырымдайды:
Бейвербалды тәсілдермен хабарлаудың, ақпарат жеткізудің жинақталған, топталған мынадай мағыналық компоненттері бар: сілтеу, бейнелеу, түрту, нықтау, қарсылық білдіру, келісім беру, риза болу (модальдық), күрделі (сұрақ – аң-таң боп қалу), символикалық (қорқыту)
Ым тілін зерттеуші ғалым К.У. Геворкян қол сүйіп амандасу мен ізеттілікті білдіретін қол сүю кинемасы ананың кеудесін сүю қимылынан пайда болған, яғни бұл қол сүю кинемасының өзгеріске ұшыраған түрі деген пікір айтады. 
Қытай халқында асханалар мен дәмханаларда даяшы үстелге ас-су әкеліп қойғаннан кейін, тапсырыс берген адам ыдыстың қасына қолын апарып, үстелді сұқ саусағымен тықылдатады. Бұл кинема «әкелген ас-суыңа рақмет» дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, алғыс білдіруде қолданылатын қимыл болып табылады.

Билет № 3



  1. Сөздің және сөз тіркесінің қызметі туралы түсінік беріңіз.

3билет.1сурақ
Сөз-зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік.
Сөздің қызметі:
1)Қарым-қатынас, байланыс құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі;
2)Затты атап білдіруіне байланысты атауыштық қызметі;
3)Көркемдік мәнер жасау құралы ретіндегі эстетикалық қызметі.
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
1)Номинативті-Анықталатын затты,белгіні,іс-әрекетті атайды.
2)Сөйлемнің құрылыс материалы, оның ішіне бастапқы,негізгі деп кіреді.
3) сөз тіркесі сөйлем ішіндегі негізгі элемент қызметін атқарады.
2. Төмендегі фразеологизмдердің тілдегі баламаларын анықтаңыздар.
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болу; жағасы жайлауда болу; ат үсті қарау; қол қусыру; бетінің түгі шығу; оқпаны толмау; түйені түгімен жұту; бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару; тізе бүгу; қызыл кеңірдек болу; ұзын арқан, кең тұсау ету; сиыр құйымшақтану; сиыр бүйректену; су аяғы құрдым болу; жағына пышақ жанығандай; үрлеп ауызға салғандай; жүзіктің көзінен өткендей; іш тарту; ірге тебу; табан тіреу; ат-тонын ала қашу; азар да безер болу.
1)Қағағы қар,сағанағы сарқ болуы-мәз-мейрам, уайым-қайғысы жоқ деп ұғындырады. 
2)жағасы жайлауда болу-көңілдену,бейқам тыныш өмір сүру
3)ат үсті қарау-бір нәрсеге жеңіл желпі қарау
4)қол қусыру-ештеңе жасамау
5)бетінің түгі шығу-ұялу,ұят(если түгінің орнына оты болса) 
6)оқпаны толмау-
7)түйені түгімен жұту-пара алу ,жемқор болу
8)бір жеңнен қол,бір жағадан бас- татулық
9)тізе бүгу-мойынсұну
10)қызыл кеңірдек болу-ұрсысу
11)ұзын арқан-бейқам,тыныш
12)кең тұсау ету-бейқам,тыныш
13)сиыр құйымшақтану-уәдесінде тұрмау(бірақ уәдешіл)
14)сиыр бүйректену-ынтымақсыздану,берек бірлік жоғалту
15)су аяғы құрдым болу-жоғалту,көзін құрту.
16)жағына пышақ жанығандай-арық адам(мал)
17)үрлеп ауызға салғандай-сұлу,сымбатты
18)жүзіктің көзінен өткендей-епті(сүйкімді)
19)іш тарту-жақын тарту
20)ірге тебу-қоныстану
21)табан тіреу-қоныстану,тұрақтану(немесе табандылық көрсету)
22)ат тонын ала қашу-қашу(бірдеңеден,біреуден)
23)азар да безер болу-қарсылық көрсету ,мойындамау

Билет № 4



  1. Тілдің қызметін берілген анықтамасын жазыңыз.

Лингвистикада тілдің коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық қызметтері бар.
1.Коммуникативтік қызмет (лат. communicatio — жалпы жасаймын, байланыстырамын) — әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері.Біздің күнделікті өмірімізде тіл қызметінің осы түрі жиі қолданылады.Күнделікті тіршілігіміздегі, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, тіптен ауызша сөйлесуінің өзі тілдің коммуникативтік қызметінің алғашқы формаларының бірі болып саналады.
2.Когнитивтік кызметі, яғни "ойлаудың тікелей шындығын" білдіруі – тілдін функцияларынын екі негізгі базасы болып табылады.
3.Прагматикалық қызметі-семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы.
2. Төмендегі мысалдарды талдау арқылы тіл мен таным, тіл мен ойлаудың ерекшеліктерін анықтаңыздар. Таным мен ойлауға қатысты бірнеше мысалдар келтіріңіздер.Қызу мінез, қызып кету, қызмет, қыз, қызыл; ұйқы, ұя, ұйы, ұяң мінез; қорқу, қору, қор болу, қорғау, қорық (зат есім), қор жинау; ошақ, отан; ит өлген жер; тақырға отырғызып кету; ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; алқа, алқақотан отыру, алқалы жиын.
Билет № 5

  1. Тілдің шығу тегі, тарихи дамуы тұрғысынан зерттейтін саласы туралы айтыңыз, анықтамасын жазыңыз.

Тілдің шығуы — адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы қарым-қатынас қажеттілігінің туындауы. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын — қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі көрнекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды.


Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua – тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

  1. . Ғалымдар сөзге телінетін бірнеше мағыналар бір сәтте тоғысып, қажет сөзді нақты бере алатын бір ғана мағына таңдалатыны айтылған. Мұның бәрі сөз бен мағынаның бір-біріне байлаулы еместігінен шығады. Олардың пікірінше, ой мен сөз арасында үйлесімге қарағанда қарама-қайшылық бар. Сөйлеу – ойлаудың айнасы емес, сондықтан сөйлеу көйлек тәрізді ойға киіле салмайды. Демек, сөйлеу – дайын ойдың көрінісі емес. Ол сөйлеуге дейін бірнеше кезеңдерден өтеді. Сонымен бірге ой мағынаға ұласу арқылы сөз ішінде орнығатынын танимыз. Десек те, ой сөзбен бейнеленбейді, бірақ сөзбен жүзеге асырылады,- деп жазады.Мәтінді оқып, сөйлеудің ойдың нақты көшірмесі бола алмайтындығын нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз, жазып беріңіз


Мысал,жаңадан тілі шығып келе жатқан сәби өз ойын жеткізу үшін,сөйлемді толықпайтып жатпайды, сөйлемнің ішіндегі ең маңызды айтар ойын,жеткізер не тіркесті ғана айтады.Бірақ сол бір ғана сөзге қарап үлкендер баланың айтайын деген бүкіл ойын түсінеді.Мысалы маған ана шайды әпер деудің орынан ,сәби ыдысты көрсетіп шәй деуі мүмкін немесе менің тәтті ішкім келеді деудің орнына шәй ішем деуі мүмкін .Тіпті сәби алғашында сөйлемге енетін сөздерді білмеуі мүмкін , сол үшін ішем,кел,бер деуі мүмкін.Мұның өзі тілді меңгере бастаған баланың ойлау қабілеті барлық сөз тізбегін білуге байланысты емес,белгілі бір тіркестің өзі ойды жеткізе алатындығын дәлелдейді.

Билет № 6


Тілдердің генологиялық классификациясы деген не, түсінік беріңіз

Тілдердің генеологиялық классификациясы-тілдерді туыстығына,шығу тегіне,тарихи даму жағдайларының ортақтығына қарай топтастыру принципі.


Генеалогиялық классификацияда тілдердің туыстас тілдер болып саналуы үшін олардың лексикасы жағынан өзара ұқсас, ал дыбысталу
жағынан бір-біріне жақын сөздер болуы қажет. Классификацияның бұл түрі – салыстырмалы- тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әртүрлі тілдік топтарға бөліп қарастырады.

  1. Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны туралы сипаттама беріңіз.

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.
Тіл және ойлау. Тіл және сана. Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді. Бұл саладағы пікірлерді былайша топтауға болады:


1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Шлейермахер, Гаман, 18-19 ғ.).


2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғалымы Бенеке, 19 ғ.).


3. Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы Гумбольдт, фран. ғалымы Леви-Брюль, 18-19 ғ.).


4. Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-тең бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатысы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет