Ө. Сұлтанғазин атындағы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18914
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
bu-kuzembaiyli





Ө. Сұлтанғазин атындағы

 

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК  



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АҚПАРАТТЫ-КІТАПХАНА ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АМАНЖОЛ 

 

КҮЗЕМБАЙҰЛЫ 

 

Тарих ғылымдарының докторы, 

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы 

Қостанай мемлекеттік 

педагогикалық университетінің 

профессоры 

 

 

 

 

 

 

 

 

Библиографиялық қөрсеткіш 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Ө. Сұлтанғазин атындағы 

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК  

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АҚПАРАТТЫ-КІТАПХАНА ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АМАНЖОЛ 

 

КҮЗЕМБАЙҰЛЫ 

 

 

 

Библиографиялық қөрсеткіш 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай – 2020 

 

 


ББК 91.9:63 

К 71 

 

 



 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Н.Н. Альмухамбетова 



Т.С. Сусик 

Редактор: 

С.С. Безаубекова 

 

 



 

Аманжол  Күзембайұлы:  биобиблиографиялық  көрсеткіш  [Мәтін]  / 

Ақпаратты-кітапхана  орталығы;  құраст.  Н.Н.  Альмухамбетова,  Т.С. 

Сусик;  ред.  С.С.  Безаубекова.  –  Қостанай:  Ө.  Сұлтанғазин  атындағы 

ҚМПУ, 2020. – 52б. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




ОҚЫРМАНДАРҒА! 

 

Бұл  көрсеткіш  тарих  ғылымдарының  докторы,  Қазақстан  тарихы 



кафедрасының  профессоры  Аманжол  Күзембайұлының  75  жылдық 

мерейтойына орай шығарылып отыр. 

Көрсеткіште  ғалымның  өмірі  мен  шығармашылық  еңбегін 

сипаттайтын мәліметтер, оның ғылыми еңбектері енгізілген. 

Көрсеткіш  материалдар  алфавиттік  және  хронологиялық  тәртіппен 

орналасқан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, 

ПРОФЕССОР А. КҮЗЕМБАЙҰЛЫНЫҢ 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ 

 

Аманжол Күзембайұлы,  

тарих ғылымының докторы, профессор 

 

 

1945  жылы  Қостанай  облысының  Менді-

ғара  ауданына  қарасты  Ұзын-ағаш  ауылында 

дүниеге  келген.  1953-1960  жылдары  Майлы-

ағаш  жеті  жылдық  мектебінде  оқыды.  1960-

1964 жылы Қостанай қаласындағы Ы. Алтын-

сарин  атындағы  қазақ  мектебінде  білімін 

жалғастырды.  1964-1965  жылдары  Арқалық 

ауданындағы  Ангар  кеңшарында  токары, 

сәуір  айынан  тамызға  дейін  Арқалық  аудан-

дық  комсомол  комитетінің  бөлім  басшысы 

қызметтерін атқарған. 

1965 жылдың қыркүйегінде Қазақ мемле-

кеттік  университетінің  тарих  факультетіне 

оқуға  түсті.  Университет  қабырғасында  қазақ 

тарихы,  археологиясы,  этнографиясы,  антро-

пологиясы  салаларынан  арнаулы  білім  алған  ол  бүкіл  ғұмырын  ғылымға 

арнады.  

А. Күзембайұлы Қарағанды мемлекеттік педагогика институтының жал-

пы  тарих  кафедрасына  оқу  министрлігінің  жолдамасымен  1969  жылдың  4 

қыркүйегінде қызметке орналасты. Ол бұл кафедрада ерте дүние тарихынан 

сабақ берді. Институттың және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласты.  

1971  жылы  Аманжол  аспирантураға  түсті.  Ғылыми  жетекшісі  болып 

тарих ғылымының докторы, профессор Әмір Қанапин бекітілді. 

Ғылыми зерттеу жұмысын уақытынан бұрын қорғаған  Аманжол Күзем-

байұлы  Қарағандыға  қайта  оралып,  1973  жылдың  мамыр  айында  Қазақ 

мемлекеттік  университетінің  жанындағы  Ғылыми  Кеңесте  ол  өзінің  канди-

даттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.  

А.  Күзембайұлы  университеттің  жұмысына  белсене  араласып  кетті. 

Жоғарғы оқу орнында негізгі шаруа оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру. Сол 

кездегі  оқытудың  жаңа  технологияларын  игере  отырып  ол  оқу-әдістемелік 

құжаттарды бір жөнге келтіру мәселесіне ат салысты. Бұл саладағы жемістің 

еңбегін  бағалаған  университет  басшылығы  оны  оқу-әдістемелік  басқар-

масына  бастық  етіп  тағайындады.  Ол  университеттің  кітапханасын  қажетті 

оқулықтармен,  оқу  құралдарымен,  арнаулы  монографиялық  еңбектермен 



толықтыруға  ат  салысты.  1978  жылы  ол  Томскі,  Ташкент,  Омскі  универси-

теттеріне  барып,  тәжірибе  алмасып,  біршама  оқу-әдістемелік  әдебиеттерін 

алып қайтты. 

1978 жылы ол Қазақстан тарихы кафедрасының доценті болып, ал 1984 

жылы  сол  кафедраның  меңгерушісі  болып  сайланды.  Бұл  жылдары  кафед-

раның  оқытушылар  құрамы  толығып,  ғылыми  деңгейі  көтеріліп,  беделінің 

өскен  тұсы  еді.  Әсіресе  университетте  археология  –  этнография  мұражайы 

ұйымдастырылып, қазба жұмыстарын келісім – шарт негізінде жүргізу жолға 

қойылған кезі еді.  

1984  жылы  алғаш  рет  өзі  бастап  этнографиялық  экспедиция  ұйым-

дастырды. Кейінде көптеген студенттер осы экспедиция айналасында бірігіп, 

«Қарағанды тарих мектебі» деп аталатын ғалымдар тобы қалыптасты. Бүгін-

де Қазақстанның әр түрлі оқу орындарында оның шәкірттері қызмет істейді. 

Ол  алғашқылардың  бірі  болып  қоғамдық  ғылымдар  саласында  ғылыми 

зерттеу  жұмыстарын  шаруашылық  келісім-шарттар  негізінде  жүргізді.  Ол 

Орталық Қазақстанның көне ескерткіштерін табу, зерттеу, есепке алу, құжат-

тау  сияқты  жұмыстарына  үлкен  ыждаһаттылықпен  кірісті.  Факультет  тари-

хында алғашқы оқу құралы (Историография дореволюционного Казахста-

на)  жазды,  ғылыми  жетекші  ретінде  алғашқы  рет  ғылым  кандидаттарын 

дайындады,  алғашқы  ғылыми  жинақтардың  редакциясын  басқарды.  Қазақ 

тарихшыларының ішінде 80-90 жылдары халқымыздың тарихын қайта жазу 

қажеттілігін айта бастағандардың ішінде Аманжолда болды.  

1987 жылы жазылған «Казахстан в древности» атты оқу құралы тарих-

шылар  арасында  үлкен  сұранысқа  ие  болды.  1992  жылы  осы  кітап  кеңейті-

ліп,  хронологиялық  шегі  ұзартылып  жоғарғы  мектеп  студенттері  үшін  оқу-

лық ретінде басылып шықты. Оқулықта көптеген сын-пікірлер айтылды. Қа-

зақ тарихының күрделі мәселелері жаңа көзқараста талданып, ұлттық тұрғы-

дан  көрініс  тапты.  1993  жылы  оқулық  Қазақ  академиясының  тарих  және 

этнология  институт  бөлімдерінің  біріккен  мәжілісінде  талқыланып  жоғары 

бағаланды. Сол жылы ол осы институт жанындағы докторлық Кеңесте «Қа-





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет