Об организации летней школы


Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет6/6
Дата09.05.2022
өлшемі1,23 Mb.
#33420
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
26.04.каз слайд

Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  • Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін жұмыс істейді.
  • Жазғы мектепте оқыту:

  • 1-8,10 сыныптағы білім алушыларға;
  • 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.
  • Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.
  • Орта білім беру ұйымының басшысы:

  • – мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;
  • – жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;
  • – оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;
  • – жазғы мектептің жұмысын бақылайды.
  • Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары:
  • – барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;
  • – оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;
  • – оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
  • – педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;
  • – педагогтер, психологтар, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;
  • – бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
  • – білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
  • - білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.
  • Педагогтер:
  • – жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;
  • – білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;
  • – білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
  • – құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;
  • – жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;
  • – білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;
  • – білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.
  • Мектеп психологтері
  • – білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;
  • – білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;
  • – психологиялық тренингтер өткізеді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет