Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 Педагогикалық кеңесте қарастырылады және бекітіледі.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда: Мектепке дейінгі ұйымда педагог-мамандар бар болған жағдайда, олар Перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрайды, нақты жас тобының Перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады. Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, серуен, балалардың үйге қайтуы, процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру.
Күн тәртібі, Перспективалық жоспар, Циклограмманың құрылымы әрбір топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда әрекеттік тәсіл;
баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;
тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.