Об организации образовательного процесса в дошкольных организациях республики казахстан в 2016-2017 учебном году


Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 Педагогикалық кеңесте қарастырылады және бекітіледі



бет4/7
Дата14.10.2023
өлшемі135,16 Kb.
#114034
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың бірізділігі мен саны №1 Педагогикалық кеңесте қарастырылады және бекітіледі.

Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда:
Мектепке дейінгі ұйымда педагог-мамандар бар болған жағдайда, олар Перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрайды, нақты жас тобының Перспективалық жоспарында педагог-маманның жоспарына сілтеме жасалады. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады.
Перспективалық жоспарға сәйкес балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, серуен, балалардың үйге қайтуы, процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамыту мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру.
Күн тәртібі, Перспективалық жоспар, Циклограмманың құрылымы әрбір топқа мектепке дейінгі ұйымның №1 Педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері

  • тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтар, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
  • балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда әрекеттік тәсіл;
  • баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі) мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;
  • тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет