Объемными блоками называют крупные железобетонные коробки, представляющие отдельные помещения или квартиры и изготовляемые в заводских условиях (рис. 13. 1)



бет2/7
Дата18.10.2022
өлшемі1,64 Mb.
#43739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ББҰАП

Ғимараттардың қабырғасы – олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді қаматамасыз ету қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, қабырғалар ғимараттың саулеттік және көркемдік келбетін қалыптастырады
Әрбір ғимараттардың бейне әсімдіктері қабырғаларда орналасатын терезелердің пішіндері мен өлшемдері және сәулеттік құрамалары арқылы суреттеледі.
Іргелік (цоколь)- қабырғалардың жер деңгейімен үйлесетін, астыңғы жақтары.
Ойық – терезе немесе есік орналасатын қабырғаларда қалдыратын тесіктер.
Аралық қабырға – ойық орталарында немесе бұрыштардағы қабырғалардың қаланыс ауданы.
Ойық маңдайшасы – ойықтарды үстінен жабатын, темірбетоннан, кірпіштен, ағаштан жасалған конструктивтік бөлшек.
Ернеу  (карниз) - ғимараттарды әсемдеуге арналған қабырға жазықтығынан көлденең шығып тұратын әдемілеп жасалған томпақтар.
Жақтама – төрт бұрышты шатырдан жоғары орналасқан әсемделіп жасалған қабырға жалғасы.
Қабырғалар берік, орнықты, ұзақ уақыт пайдаланытын, отқа төзімді, бөлмелердегі қажетті температуралық - ылғалдық рәсімін сақтайтын, дыбыс өткізбегіш қасиеті жоғары, технологиялы, индустриалды, үнемді болуға тиіс. 
Қабырғалардың жұпталуы:
Қолданатын материалдар түріне қарай:-тас;-кірпіш;-ағаш;-бетон;-жергілікті жасанды материалдардан құралады.
Жұмыс істеу сипатына қарай:-салмақ көтеретін;-тек өз салмағын көтеретін;-аспалы болады;
Орналасуына байланысты:-ішкі;-сыртқы.
Аспалы қабырғалар қорғағыш міндетін атқарып, қаңқалы ғимараттарда қолданылады.Қабырғалардың қалыңдығы жылутехникасы есептерін шығару арқылы, қоршаған ортаның қасиеттеріне байланысты қабылданады. Кірпіш негізгі қабырға материалы ретіде құрылыста 60% қолданылады. Кірпіш қабырғалар жергілікті саздарды қалыптарға салып отқа күйдіріп жасалады. Кірпіш өлшемдері 120х65х250мм, 120×88×250 мм, 120×138×250 мм болады. Кірпіштің 120х65мм, 120х88мм беті көлденең беті деп аталады.
Кірпіштерден қаланған қабырғада көлденең және биікке бойлайтын қатарларының жіктері байланысуы үшін, қалау ережелерін сақтаған жөн. Құрылыс тәжірибесінде тараған қалау ережелері 2 - қатарлы және 6- қатарлы болады. 6- қатарлы қабырға қалауы өнімділігі жоғары болады.Жеті қабаттан жоғары ғимараттарда қабырғаның жаппа деңгейінде болат байламдар салып қалайды. Бұл байламдар сыртқы қабырға бұрыштарына және ішкі қабырғамен қиылысқан жеріне салынады. Егер қабырғаның сыртқы беті сыланбайтын болса жіктерін сылақтарға толтырып, жікті тіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет