орталық-күмбезді (Константинопольдегі Әулие София соборы);
орталықтандырылған (Равенндегі Сан-Витале шіркеуі);
төрттаған күмбез (Венециядағы Сан-Марко шіркеуі);
базиликтер (Турманиндегі Базилик) сияқты негізгі төрт түрін қалыптастыру болып табылады.
Константинопольдегі Әулие София соборы Сәулетшілері: Траллдан Анфимий, Милеттен Исидор (532-537 ж.) Орталық күмбез собор үлгісі Константинопольдегі Әулие София соборы болып табылады (28-сурет). Оның жобасын әзірлеу және жүзеге асыруда 100-ден аса сәулетшілер мен 100 мыңнан аса құлдар қатысты. Соборды тұрғызудағы негізгі идея басты христиан
ғибадатханасын жасап шығару. Собор көлемі 74,8 х 69,7 м.
28-сурет
Собор Патша қаласының ең жоғарғы нүктесін алып жатыр және қала төбешіктерінің бірінде орналасқан. Собор сарай маңындағы шіркеу болып саналады. Алдында діңмаңдайшалы түндікті аула және мәрмәр субұрқақ орналасқан мәрмәрмен қапталған нартекстен салтанатты есік ғибадатхана ішіне апарады. Орталық есік арқылы тек император мен патриарх қана кіре алды.
Қарапайым адамдар сәулеттік бөлшектер масштабы адамға лайық__бүйір жақ есіктерден ғана кіре алатын болған. Ғибадатхана әртүрлі жарықтандырылған. Ең жарық жері орталық күмбез астындағы – амвон (литургиялық қызмет өткізілетін алтын мен күмістен жасалған гимарат). Залдың орталық бөлігінің жарықтандырылуы төменнен жоғарыға қарай, демалыс жай мен бүйір жақ астаукеңістіктің доғатізбегі арқылы қабылданатын төменгі қабаттың көмескі жарығынан апсиданың жарқыраған терезелеріне қарай, жартылай күмбездердің (олардың негізіндегі) сан алуан терезелері арқылы түсетін күн сәулелерінің тұтасуына қарай үдей түседі.
Орталық күмбез 40 терезеден тұрады, акустика мен конструкцияны жеңілдету үшін оның қалыңдығына родос құмыралары орнатылды (осындай 12 құмыраның салмағы әдеттегі 1 құмыра салмағына тең). Ортасында алтын төрттағаны бар, іші көгілдір таскестеме қапталған бас күмбез аспанда қалқып тұрғандай. Жарық беріп тұрған 40 терезе жарық сақина сияқты, ал күмбез аспанға алтын шынжырмен ілініп тұрғандай әсер қалдырады. Собор қабырғалары қызғылт порфирмен және сәнділік беріп тұратын алтын смальталы түрлі түсті мәрмәрмен қапталған. Бүйір жақ астау кеңістіктерде сылақ нақышты суреттер пайдаланылған.
Ішкі өңдеуге қарағанда сыртқы қаптама өте жұпыны және қарапайым. Ғибадатхана қабырғаларының қалыңдығы – 1,1-1,5 м. Күмбез қорғасын жапырақтармен жабылған. Күмбез желкен конструкция көмегімен биіктігі 23 м және көлемі 5,3 х 7,5 м 4 қақпабағанаға тіреліп тұр. Күмбез диаметрі 31,4 м. Илемділік үшін цементке май қосқан, су орнына арпа тұнбасын қолданған. Қабырғалар өте қалың қабат ерітіндіде күйдірілген кірпіштен орындалған. Константинопольді түріктер басып алған соң 1453 жылы собор мешітке айналдырылды. София сыртқы кескінін жоғалтпағанымен, 4 сымбатты минаретке ие болды. Кейіннен сыртқы қарсыкермелері салынды.