«Қобыланды батыр» жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес



бет1/4
Дата17.05.2022
өлшемі61,77 Kb.
#34730
  1   2   3   4


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

I.Негізгі бөлім.

1.1 «Қобыланды батыр» жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес
оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.14

1.2 Дәстүрлі емес оқыту формасының тиімділігі ... ... ... ... .15.16

II. Тәжірибелік бөлім.
2.1 «Ел намысы . ер намысы» тақырыбында дәстүрлі сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.18
2.2 «Ел намысы . ер намысы» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Тест сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
КІРІСПЕ

Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры( Қосымша1). Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”,  "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.

Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.

Жалпы, әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты - әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы» , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету.

Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың маңызы зор. 6-9 сыныптарында батырлар жырын оқытудың маңызы - оның өзіне тән ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын, жалпы ондағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын айқындап көрсету.

Батырлар жыры өздерінің тақырыптары жағынан сан алуан болды. Айталық олар батырлар туралы, салт-дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” эпостарын жатқызуға болады.

( Қосымша 2,3,4)

Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын жырлары – “Қобыланды батыр” . Деректерге қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың аяғынан айтылып келе жатыр делінген. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында “Қобыланды батыр” жырын эпик ақын Марабай Көлбаев жырлаған. Бұл жырды ең алғаш рет Ыбырай Алтынсарин Марабай ақыннан жазып алып, 1879 жылы бастырған. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар жарық көрген.

“Қобыланды батыр” жыры – эпикалық поэма. Оның 10000-нан астам сөзі Қобыландының ғажайып тууы, ата-анасы, балалық шағы, қаһармандықпен үйленуі, оның Қазанмен, Алшағарымен, Көбіктімен т.б сыртқы дұшпандармен соғыстары, Қарлығамен арадағы қарым-қатынасы, ерлігі, жауға шапқан жорығы суреттеледі.

Сөйтіп, батырлар жырын оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет