Сабақтың тақырыбы: Ел намысы- ер намысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға батырлар жыры жайлы ұғым беріп, “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып , жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау.
Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, олардың тапқырлық, ізеттілік қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: батырдың батылдығын, ерлігін анықтау, оқушыларға үлгі тұту, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, дәріс
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардан үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, дәріс жазуға дайындау.
Мәтінмен жұмыс:
Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрінген. Халықтық арманы да осы арқылы берілген. Оның арманы – “Қара аспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы”, ел қамы. Сондықтан да “Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді”.
Халық Қобыланды бойына батырлықты жастайынан дарытқан. Алты жасында қолына қару ұстатады. Жанына болат байлатады.
Ол – аңшы. Ол –мерген.
Батырдың өскен ортасы да оның мінезінің қалыптасуына ықпал етеді. Ол ыстық-суықты малшылармен бірге кешіп , бірге өседі. Бойындағы жақсы қасиеттер еңбек адамдары арасында қалыптасады. Жырда Қобыланды тек батырлық , ерлігімен ғана емес, бүкіл жан жылу\ымен , адамершілігімен де көрінген. Батырдың ата-анасына сүйген жары Құртқаға, қарындасы Қарлығашқа деген туыстық мейірімі, жарға деген адал жүрек сезімі арқылы оның бойындағы адамгершілік сапаларын байқаймыз.
Қобыландының шынайы батырға тән мінезі Алшағырмен кездескен жерден байқалады. Ол Қазанмен шайқасарда жекпе-жекті қалайды. Қапылыста , қамсызда, әккілікпен ұрланып келіп, жауын жығу – ердің емес, батырдың емес , қорқақтың ісі. Қобыланды мұндай жолға бармайды, Өйткені ол шынайы батыр. (жалғасы кітаптан)
II. Бекіту кезеңі (сұрақ-жауап)
Үйге тапсырма беру
Мәтін бойынша дайындалу.
Тәжірибелік бөлім №3
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді етпеу тілегін қамтитын, қазақ халқының басынан кешірген жауынгерлік өмірі суреттелетін жырлар
А) батырлар жыры
Б) лиро-эпос жырлар
С) жоқтау
Д) беташар
2.Батыралар жырын көрсет
А) “Аяз би”
В) “Қобыланды батыр”
С) “Алдар көсе”
Д) “Қозы Көрпеш- Баян сұлу”
3.“Қобыланды батыр” жырының басты кейіпкері
А) Құртқа
В) Тоқтарбай
С) Қобыланды
Е) Тайбурыл
4.Қобыландының атасы
А) Қыпшақ
В) Тоқтарбай
С) Қарақыпшақ
Е) Естеміс
5.Қобыландының қарындасы
А) Қарлығаш
В) Қаракөзайым
С) Құртқа
Д) Гүлбаршын
6.Алты жасқа келгенде
Арыстан туған...
Қазнадан қамқа киеді
Өзімнің еншім болсын деп
Тобылғы менді торы атты
Енші қылып мінеді
Бұл кім туралы айтылған?
А) Қобыланды
В) Құртқа
С) Қарлыға
Д) Қамбар
7.Қобыландының тұлпары
А) Құлагер
В) Тайбурыл
С) Тарлан
Д) Ақмаңдай
8.Қыпшақтарға шабуыл жасаған Қызылбас елі неліктен олай деп аталған?
А) Елдің ханы Қызылбас болған
В) Бастарына қызыл бөрік киген
С) Шаштарын қызылға бояған
Д) Туы қызыл түсті болған
9.Қобыланды батырда суреттелетін қазақ елінің қақтығысқан жаулары қандай?
А) қалмақтар
В) Көбікті ханға қарсы
С) Қият-ноғай мекені
Д) жауаптардың бәрі дұрыс
10.Қобыландының жары Құртқа кімнің қызы?
А) Көклан
В) Тарлан
С) Көбікті
Д) Қазан
11.Қобыланды Құртқамен қалай қосылды?
А) Қалың мал беріп
В) Әкесінен ұрлап
С) Құртқа қойған шарттарын өтеп
Д) Бәрі дұрыс
12.Қобыланды жырда қалай бейнеленген?
А) көрсеқызар, қорқақ бейнесінде
В) халық қамы үшін күрескер бейнесінде
С) өз жерін сатып, сатқын бейнесінде
Д) дұрыс жауабы жоқ
13. Қобыландыға үнемі болысып жүрген кім?
А) Қараман
В) Алшағыр
С) Көклан
Д) Алпамыс
14. “Қобыланды батыр” жырының негізгі тақырыбы
А) махаббат
В) Отан қорғау
С) білімге шақыру
Д) Қобыландының бүкіл өмірі қамтылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, батырлар жырын мектеп жасындағы балаларға оқытудың маңызы өте зор. Себебі, батырлар жыры арқылы оқушылар қазақ елінің өткен тарихына үңіле түсумен қатар,Отанды сүюге, құрметтеуге, халқының амандығы, арман-мақсаттары үшін жан аямауға тәрбиеленеді, яғни мұғалім батырлар жырын оқыта отырып оқушыларға патриоттық тәрбие береді.
“Қобыланды батыр” жыры - өзінің идеялық - көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді үлкен проблемалар көрсетілген. Басқа батырлар жыры сияқты “Қобыланды батыр” жырының негізінде де тарихи оқиғалар жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрып салт-санасы рухани тіршілігі , арман-мұраты көрініс береді. Батырлар жырын оқыту кезінде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың тиімділігі көрінеді.
Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалық жағдай”, “ оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдері блок-блокпен жинақтап оқытуға ынталанады. Дәстүрлі оқытуда оқытудың мақсаты өзгерсе, оның барлық құрылым жүйесі басқаша өзгереді. Яғни, батырлар жырын 6 – 9 сыныптарда өткізу кезінде мұғалім әрқашан оқытудың тиімді әдістерін қолданған жөн. Мысалы, айтып кеткендей оқытудың дәстүрлі емес түрлері пресс – конференция, пікірталас сияқты әр түрлі сабақ түрлерімен батырлар жырын оқытатын болса, оқушылар жырдың ұзақтығына, тілінің сонылығына қарамай қызыға оқып, пәнге деген ынталары, қызығушылықтары артады, және сонымен қатар сабақтың бұл түрлері оқушыларды ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге, бір-біріне көмек көрсете білуге тәрбиелейді.
Қорытындылап айтқанда, батырлар жырын оқыту кезінде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтарды салыстыра отырып,олардың тиімділігін көреміз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7 122-бет
Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет
Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мен композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет
Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет
Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
Тілешова С. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет
Ісләмжанұлы І. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |