12
қарағанда, қазіргі адамның «қалыпты» орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс
екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60
жылдары ӛскен жастардың бойы 30-40 жылдарда ӛскен жастардың
бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың
бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей
ұзын кӛрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен
жақсаруының алдары деуге болады.
Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың
эволюциясын растайтын мәлеметтер де бүгінгі таңда жоқ. Мидың
эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен,
бірақ Homo sapiensпайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның
мӛлшері ӛзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі
адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі
дамып, ӛсіп отырған болатын. Мысалы: австралопитектің миының
мӛлшері 500-600 см
3
болған болса, питекантроптың миы 900см
3
,
синантроптардың миы 1000 см
3
–ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының
орташа мӛлшері ересектерде-1400см
3
, әйелдерде-1270см
3
. Сонымен қатар
адамның жеке басының дарындылығы оның миының мӛлшеріне тікелей
тәуелді бола бермейді.
Сонымен
антропогенез
процесінің дамуы
адам
түрінің
қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай
бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші
факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. Осы кезден
бастап эволюция әлеуметтік ӛмірмен байланысты іске асып, адамның
болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін
адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен
қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның
ӛмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік
инфомация келгенін атап айту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: