Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет5/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

 
Міндеті: 
- Оқушыларды тың мәліметтерді қабылдай білуге баулу
- Білім – біліктілік дағдыларын қалыптастыру; 
-  Анықтамалық,  ғылыми  әдебиеттермен,  мерзімдік  басылымдармен, 
интернетпен  жұмыс жасап, еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу; 
 
Оқу  жоспарының  вариативтік  бӛлімінің  қосымша  сағаттарына 
негізделіп 
жинақталған 
бағдарламалар 
жинағы, 
биология 
пәні 
мұғалімдеріне пайдаланылуға ұсынылады. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
«Адам эволюциясының қҧпиялары» таңдау курсының бағдарламасы 
(10-11 сыныптарға арналған) 
 
Қҧрастырған: Ризуанова К.Е –№44 ЖОББМ биология пәнінің  
І санатты мұғалімі 
 
Тҥсінік хат 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  жаратылыстану-математика 
бағытында  оқытылатын  бағдарлы  сыныптарда  жүргізу  үшін  «Биология» 
пәні  бойынша  «Адам  эволюциясының  құпиялары»  тақырыбында  таңдау 
курсының  бағдарламасы  құрылды.  Таңдау  курсы  жоспары  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына 
сәйкес,  жалпы  білім  беретін  мектептердің  10-11сыныптарына  арналған 
бағдарламаға,  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін 
мектептерінде  12-жылдық  оқытуға  кӛшу  экспериментіндегі  10  сыныпқа 
арналған  бағдарламаға,  Биология  10  сынып  (авторлары:  Т.Қасымбаева, 
К.Мұхамбетжанов),  Биология  10  сынып  (авторлары:  Е.А.Очкур, 
Л.Е.Аманжолова),  Биология  11  сынып  (авторлары:  Р.Сәтімбеков, 
Р.Әлімқұлова, 
Ж.Шілдебаева) 
оқулығына 
негізделіп 
құрылды. 
Бағдарлама6  -10  сыныптарда  оқытылатын  биологияның  базалық 
материалдары  негізінде,  соның  ішінде  «Цитология»,  «Генетика  және 
селекция  негіздері»,  «Адам  генетикасы»,  «Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда 
болуы  және  дамуы»,  «Эволюциялық  ілім»,  «Жердегі  органикалық 
дүниенің  дамуы»  бӛлімдерінің  материалдарын  басшылыққа  алып 
жасалған. Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.  
Курсты  оқыту  жас  ұрпақты  адам  эволюциясы  туралы  білімінің 
кеңеюіне,  тірі  табиғаттағы  адамның  орны  туралы  білім  жүйесін 
қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы 
жаратылыстану-ғылыми 
кіріктірілген 
білімдерін 
қалыптастыруға 
кӛмектеседі.  
Таңдау  курсының  білім  мазмұны  теориялық  және  практикалық 
оқытуға  бағытталған  тақырыптарды,  практикалық  дағдыларды  меңгерту 
мақсатында  қарастырылған.  Таңдау  курсын  ӛткізу  үшін  дәріс,  ой-толғау, 
диспут,  семинар  т.б.  оқыту  әдістерін  пайдалану  кӛзделген.  Курсты  оқыту 
кезінде  оқушылардың  топтық  жұмыстарын  ұйымдастырумен  қатар,  жеке 
оқушының ерекшеліктері ескеріледі.  
Оқыту 
үрдісі 
кезінде 
оқушылардың 
ғылыми, 
ақпараттық 
әдебиеттермен,  электронды  тасымалдағыш  құралдармен  жұмыс  істеуі, 
интернет  желілеріндегі  материалдарды  пайдалануы  жүзеге  асырылады. 
Нәтижесінде  оқушылардың  әдебиеттерді  таңдап  алу,  конспект  жасау, 
салыстыру,  шағын  жобалар  құрастыру,  кӛпшілік  алдында  ӛз  ой-пікірін 
айта білу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың ӛз бетімен жұмыстануы 
ізденгіштікке,  жоспарлай  білуге  үйретеді.  Бұл  дағдылар  болашақта 
олардың жоғары оқу орнында оқыған кезінде кӛмектеседі. 



 
Курсты  оқыту  кезінде  оқушылар  Ж.Б.Ламарк,  Ч.Дарвин,  Ф.Энгельс, 
Фукуяма  т.б.  адамның  шығу  тегінің  эволюциясына  үлес  қосқан 
ғалымдардың еңбегімен танысатын болады. 
Курсқа  оқушылардың  қызығушылығы  сабақ  кезінде  әңгімелесу 
түрінде, соңғы сабақта сауалнама жүргізумен анықталады. 
Курсты  аяқтаған  кезде  әрбір  оқушы  ӛздерінің  шағын  жобаларын 
қорғайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет