43
Жаңа сабақ:
Дәріс: Организмнің қызметін реттеуде ішкі секреция бездері маңызды
роль атқарады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі,
қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездері, айрықша без, ұйқы безі
жатады. Iшкi секреция бездерінің ӛнiмдерiн гормон деп атайды. Гормон -
ӛте белсендi химиялық зат. Ол қанға немесе лимфаға сіңiп, мүшелер мен
мүшелер жүйесiне, тiптi күллi организмге әсер етедi.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық
жүйке жүйесінің барлық бӛлімдерінің әсері (ми сыңарларының
қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бӛлімдері) әр дәрежеде
зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын
алады.
Ағзаның ӛсуі мен дамуы, жас кезеңдерінің алмасуы ішкі сереция
бездерінің қызметімен байланысты. Эмбрионның үшiншi аптасында
жыныстық жетiлу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгiлер пайда
болады. 4-5 айлық ұрықта жыныстық белгiлер айқын кӛрінеді. Осы кезден
бастап аталық жыныc бездерінің ӛcу қарқыны 1 жасқа дейiн бiркелкi, 1
жастан бастап жынстық жетiлу басталғанша ӛте баяу дамиды, оның
мӛлшерi де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныc безiнің ӛсу
қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айыңда және 1 жасқа дейiн күштi болады,
сонан соң 7-9 жасқа дейiн ӛсуін күрт баяулайды. Осыған байланысты
балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейiн созылады.
Аталған мерзiмдерге дейiн ер балалар мен қыз балалардың ӛcyi мен дамуы
бiрдей болады. Олар бiр-бiрiнен алғашқы жыныстық белгiлер мен ер
жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшелiктер бойынша ғана
ерекшеленедi.
Ӛзіндік
жұмыс:
Қосымша
материалмен
жұмыстана
отырып
семантикалық карта толтырады.
1.Гипоталамус – гипофиздік жүйе
2. Гипофиз
3. Қалқанша без
4. Қалқансерік бездер
5. Айырша без
6. Ұйқы безі
7. Бүйректүсті бездері
8. Жыныс бездері
9. Домалақ без – эпифиз
Достарыңызбен бөлісу: