Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме-библиография бөлімі Суреткердің парасат биігі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#84175
1   2   3   4   5   6   7
Талант тағлымы
Жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы Қостанай 
облысы Жангелдин ауданы, Айса Нұрманов 
шаруашылығына қарасты Көлқамыс ауылында 
дүниеге келген. 
1960 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің 
филология факультетіне оқуға түседі. Университетті 
аяқтаған соң, «Қазақстан пионері», «Жалын» 
альманахының редакцияларында қызмет жасады. 1977 
жылы «Қазақфильм» киностудиясының сценарий 
бойынша редакция коллегиясының бас редакторы 
болып тағайындалды. 
1979-1989 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің мәдениет бөлімі 
нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болды. 
1989-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан 
Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып тағайындалды. 
1994 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың басқаруымен ҚР Президентінің 
мәдениет саласындағы көмекшісі болып тағайындалды. 
1997 жылдан күні бүгінге дейін Төлен Әбдікұлы Президент әкімшілігінің 
ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етеді. 1973 
жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі. Оқырманын ойға жетелейтін, 
дүние сырына тереңірек үңілдіретін, шығармаларын қазақ баласы сүйініп 
оқитын жазушының қаламынан «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» 
(1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980), «Оң қол» (2002) 
атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өлара» (1985), «Ақшоқыда қыс 
қатты» (1987) романдары таңдамалы шығармаларының екі томдығы 
(1992) жарық көрді. 
«Біз үшеу едік» атты қойылымы республика театрларында үздіксіз жүріп 
жатыр. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бәтіш пен 
Ерсейіт повесті бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» 
атты көркем фильмдердің сценарийлерін дайындады. Шығармалары 
бірнеше шет тілдеріне аударылып орыс тілінде «Истина» атты кітабы екі 
рет басылып шықты. Т. Әбдіков грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) 
қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Халықаралық Ф. Кафка 
атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). 
Еуропалық алтын медальдің (2003), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының 
иегері (2004). 
Қаламгер кино өнері мен театр өнеріне де өзіндік үлес қосқан, онда да 
айтарлықтай табысқа жетті. 
Төлен Әбдіков – іскер, ізденісі мол қоғам қайраткері. Еліміздің 
егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен қоғамдық 
үлес қосып қоғамдық қызметтер атқарып келеді. 



Жазушының 
қаламгерлік 
талантына 
нәр 
берген 
«қазақ 
руханиятының ең ежелгі, киелі бөрі» Торғай оқырмандары да жазушының 
әр шығармасын асыға күтеді. 

Шығармалары: 

1.
Парасат майданы [Мәтін] : повесть / Төлен Әбдікұлы. Астана:


Фолиант, 2009. – 88 б. 
2.
Әке [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. Алматы:
Қайнар, 2006.- 384 б. 
3.
Оң қол [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы:
Атамұра, 2002. – 352 б. 
4.
Таңдамалы роман және повесттер [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы. – 
Алматы: Жазушы, 1991. – 512 б.
5.
Өлара [Мәтін] : роман / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Жалын, 1985. – 352 
б. 
6.
Ақиқат [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы:
«Жазушы», 1974. – 184 б 
7.
Күзгі жапырақтар [Мәтін] : повесттер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: 
Жазушы, 1971. – 160 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет