ческие изображения в текстовый документ. Развива-
стоятельному обучению. Вырабатывать навыки рабо-
ты в коллективе. Воспитательная: развитие познава-
ных силах, аккуратность.
вание». Интерактивный метод: Программированное
обучение.
Тип урока: Объяснительно-демонстрационный,
с элементами практикума. Технические средства:
тор, интерактивная доска.
Microsoft Word.
листочки, бумажные «человечки».
ментов «Рисование».
дания: Презентация 1 (состоит из 2-х слайдов).
Вопросы: 1. Как называется область памяти, ко-
(буфер обмена). 2. Как удалить фрагмент
3. Что означает кнопка
фрагмент в буфер). 5. Что делает команда
с экрана). 6. Что делает команда Вставить
буфера на экран туда, где точка вставки).
текстами. Word имеет уникальные графические воз-
по четырем направлениям: 1. Вставка объекта, соз-
Paint). 2. Рисование в самом документе с помощью
панели инструментов Рисование. 3. Использование
готовых рисунков из коллекции картинок. 4. Редакти-
нием, т.е. построим графические объекты, используя
Презентация 2 (состоит из 6 слайдов). Записать
сование). 2 слайд (выбор объектов, надпись, объект
WordArt, диаграмма, стиль тени, объем). С помощью
Рисование. Физкультминутка на основе повторения
правил ТБ. Если я называю «неправильно» правила
ТБ, вы вытягиваете руки вверх. Если я называю «пра-
бой.
Правила ТБ: 1. Нужно включать компьютер без
(руки перед собой). 3. Нужно трогать провода и разъ-
емы. Возможно поражение электрическим током (ру-
ки вверх). 4. Не допускать порчи оборудования (руки
перед собой). 5. Нужно работать в верхней одежде
(руки вверх). 6. Не прыгать, не бегать, не шуметь (ру-
работы: «Мои родственники».
ливки», «цвет линии», «цвет текста», «тип линий».
Презентация 4. На-
экране).
марта.
Рефлексия. Оце-
нальное состояние. Подведение итогов урока. Про-
Мақсаты: оқушылардың кітапқа де-
ген қызығушылығын арттыру, жан-жақты
білімділікке баулу.
Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітаптарым»
атты көрме. Нақыл сөздер.
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті
ұстаздар, сайысымызға қатысушы, балалар!
Бүгінгі 3-сынып оқушылары арасын-
да өткелі отырған, Дүниежүзілік кітап күні
мерекесіне арналған «Білім көзі – кітапта» сай-
ысына қош келдіңіздер.
Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жаз-
ба» деген мағынаны білдіреді. Кітап алғаш
саз балшыққа үшкір ағашпен жазылып, күнге
кептіріліп жүрді. Кейін Мысыр елінде балшық
орнына папирус өсімдігі пайдаланылды да,
кітап қолжазба түрінде тарады.
1041-48 жылдары Қытайда Би Шэн тұңғыш
рет кітап басып шығарды. Еуропада кітап ба-
су ісі ХХV ғасырдың 40 жылдарында неміс
өнертапқышы И.Гутенбург баспа станогін ойлап
тапқаннан кейін қолға алынды. Тұңғыш қазақ
тілінде кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.
«Кітап – білім бұлағы».
Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
І-бөлім
Ақыл-көркі бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді,
Мына отырған баршамызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.
Оқырмандар, сайыскерлер өздерін таны-
стырады. Қазылар алқасының баға беруін
сұраймыз.
ІІ бөлім. «Өлең – сөздің патшасы».
Өмір мәні – өнер менен білімде,
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық, баға жетпес бұл өте.
Сайыскерлер кітап туралы тақпақтарды
мәнерлеп айтып жарысады.
ІІІ бөлім.
Ойын тойға келейік,
Сөз маржанын терейік,
Кім көп білер екен деп,
Мақал айтып көрейік.
«Мақал – сөздің мәйегі»
1. Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
Оқусыз білім жоқ.
Білімсіз ... (күнін жоқ)
Наданмен қас болғанша,
Кітаппен дос бол.
2. Кітап – көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
Тіліңмен жүгірме,
Біліммен.....(жүгір)
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3. Жақсы кітап – жан азығы.
Білек бірді,
Білім ... (мыңды жығады)
Кітап – ғылым
Тілсіз......
(мұғалім)
Озады деп түбінде,
Бәрін оқып тауысқан,
Шөлі қанбай білімге,
Өткен талай данышпан.
ІV бөлім. «Білім – көзі кітапта».
Сұрақтарға жауап беру.
1. 1941-1945 жылы соғыста ерлік көрсеткен
қазақ батыр қыздарын ата. (Ә.Молдағұлова,
М.Мәметова).
2. Бірінші маусым қандай мереке? (Балалар-
ды корғау күні)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Әнұранының авторларын ата. (Сөзі: Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Әні:
Шәмші Қалдаяқовтікі).
4. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле
би, Қазыбек би)
5. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың
ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин).
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
2. Қазақстан Республикасының астанасы қай
қала? (Астана).
3. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын
білесіңдер, атап бер. (Тоғызқұмалақ, аударыспақ,
бәйге, қыз қуу, көкпар, теңге алу т.б.)
4. 22-қыркүйек қандай мереке? (Тілдер
мерекесі)
5. «Кел балалар, оқылық» өлеңінің авторы
кім? (Ы.Алтынсарин)
1. Қазақстан мемлекеттік рәміздерін ата.
(Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Жыл атауынан құр қалған қандай жану-
ар? (Түйе)
3. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман
батыры кім? (Б.Момышұлы).
4. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған,
алғашқы оқу құралын жазған кім? (Ахмет
Байтұрсынов).
5. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
(«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Ғылым
таппай мақтанба»).
V бөлім. «Тапқыр болсац, тауып көр».
Ертегілерді шешу.
Ертегі деген бір әлем,
Қиялың қанат кағатын.
Ал енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?
1. Орман жанында
Үшеуі бір үйде тұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане олар кімдер?
(Үш аю)
2. Ұшып келіп батпаққа түсті,
Батпақта оны ұстап алды.
Кім жасыл қабыршақты шешіп,
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды?
(Патшайым бақа)
3. Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домаланған.
(Бауырсақ)
4. Жерден аспанға ұшу үшін оған үлкен
сыпыртқы керек.
(Мыстан кемпір)
5. Шал кемпірге оралды:
Кемпірде жаңа астау.
(Балықшы мен алтын балық)
6. Тартамын, тартамын,
Тіпті де жұла алмаймын. (Қызылша)
Өте жақсы, сендер барлық ертегілерді атап
шықтындар.
Ал, біздің үздіктер, қалайсыздар,
Сіздерге әлі алда талай сын бар.
Түседі бәсекеге білімділік.
VI бөлім «Кім жылдам?».
Ақын өлеңдерін жылдам айту.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жок құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішкізді.
(Өнер – білім бар жұрттар. Ы.Алтынсарин)
Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сөзімді әбден ұқ:
Білгеніңнің жақсысын қыл,
Білмегенді біле бер.
Өнеріңді құр шірітпе,
Орнына анық жұмсамай.
(Сен ғылымға.... Ш.Құдайбердіұлы)
Білімді ақын сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп
Ақыл-ойға кен дейді
Білім- ой мен арымыз
Рухани нәріміз, - дей отырып,
VII бөлім. «Кім тез табады?», кезеңге ке-
зек берейік. «А», «Б», «Қ» дыбыстарынан баста-
латын сөздерді табу.
А дыбысынан басталатын сөздерді ата.
Қала – Астана, Алматы
Өзен – Арал
Ақын – Абай
Сәндік бұйым – Алқа
Хан – Абылай
Ұлттық тағам – Айран
Б дыбысынан басталатын сөздерді табу.
Ат жарысы – бәйге
Көл – Балқаш
Батыр – Бөгенбай
Сәндік бұйым – білезік
Ұлттық тағам – бауырсақ
Қ дыбысынан басталатын сөздерді табу.
Қала – Қарағанды
Құс – Қарлығаш
Ақын – Қадыр Мырза Әлі
Ұлттык тағам – қазы
Би – Қазыбек би
Сайыскерлер шығыңдар,
Дайын болып тұрыңдар.
Жалғастырып жарысты,
Жібермеңдер намысты.
VIII бөлім. Сурет-жұмбақ.
Қазылар алқасының баға беруін сұраймыз.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Сайыста
өзінің оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап беруі
жағынан көзге түскен үздіктер анықталады.
Қорытынды:
Білімді сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Кел, жас досым, ізденейік қосыла.
Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп,
бірге оқиық, бірге еңбек етейік!
Нұржауған КАЙМУЛДИНОВА,
Қызылтал ЖББОМ
кітапханашысы,
Бөрлі ауданы
7
Жайық ұстазы
13 қараша, 2014 ж.
Fruits and Vegetables -
жемістер мен көкөністер
Балабақшадағы ағылшын тілі
Ғ а р ы ш т у р а л ы т ү с і н і к
Д ү н и е т а н у
А ш ы қ с а б а қ . Т ә ж і р и б е а л м а с у .
Сабақтың мақсаты: Күн жүйесі, оның
ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы
білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: Ғарыш әлемі
туралы ақпарат жинауына қолайлы орта
туғызу. Оқушыларға мәтінмен таныса от-
ырып сипаттау, зерттеу, салыстыру, тал-
дау жұмыстарын жүргізуге жағдай жа-
сау. Оқушылардың жеке, жұпта, топта
жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын
ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ғарыш әлемі туралы алған
білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
* Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, тал-
дау жұмыстарын жүргізе алады.
* Жеке ойларын ортаға сала алады.
* Топқа ойын еркін жеткізе алады.
* Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне
алады.
Сабақтың әдісі:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту», топтық жұмыс.
Қажетті материалдар:
Ғаламшарлар туралы бейнеролик,
интерактивті тақта, маркер, пластилин,
т.б.
Сабақтың барысы:
Амандасу. Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Сынып оқушыларын жұлдыз қиындылары
арқылы 4 топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту. Ойтүрткі.
- Ғарыш дегенде ойларыңа не келеді?
Әр топ ақылдасып, өз ойларын жазады.
Топтардың жауаптары оқылып, талданады.
Мағынаны тану. «Ғарыш әлеміне саяхат»
бейнеролигін көру.
Бейнеролик бойынша сұрақ-жауап әдісін
қолдану.
Қандай бейнелерді көрдік?
Қанша ғаламшар санадық?
Ғаламшарлардың аттарын атап берейік.
Олардың диаметрі туралы не айта ала-
мыз?
Жер неліктен көкшіл болып көрінді?
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар жеке мәтінді оқып танысады,
жұппен талдайды.
Топтық
жұмыс:
«Сөйлемдерді
толықтыр»
І топқа:
Жердің жасанды серігі ..............
Күнге ең жақын ............ ғаламшары
орналасқан.
Ғаламшарлар Жер сияқты күнді
.................. жүреді.
Ғарыштық денелерге .................. жатады.
ІІ топқа:
Күн жүйесінде үшінші боп..........
ғаламшары орналасқан.
Күн ғаламшарға жатпайды, .......................
жатады.
............ қазіргі уақытта ғаламшар болып
саналмайды.
Барлығы ............. шоқжұлдыз бар.
ІІІ топқа:
Шолпан Күн жүйесінде ................. болып
орналасқан.
Ең жарық ........................... шоқжұлдызы.
Солтүстікті
.......................
шоқжұлдызына қарап табады.
Ең үлкен ғаламшар .................
ІV топқа:
Жердің диаметрі ..................километр.
Күн жүйесінің орталығы..............
Жер .........орында орналасқан.
Күн жүйесінің құрамына................. кіреді.
Сергіту сәті. Көз жаттығуы
«Ғарышта».
Топтық жұмыс. Шығармашылық тап-
сырма.
І топ. «Ғарыш әлемінде» постерін
шығару.
ІІ топ. «Ғарышқа сапар» мәтінін жазу.
ІІІ топ. Ермексаздан Күн жүйесіндегі
ғаламшарларды жасау.
ІV топ. «Ғарышкерлер» Қазақстан
ғарышкерлері туралы мәлімет жинау.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы
топтардың бір-бірін бағалауы.
Жаңа мәлімет алу. «Сен білесің бе?»
Ғаламшарлар туралы жаңа мәлімет
беріледі.
Ой толғаныс:
Жұлдыз деген не?
Күн жүйесіне нелер кіреді?
Ғарыштық кеңістігіндегі денелердің
арақашықтығы қандай өлшеммен өлшенеді?
Ғарышты зерттеу не үшін қажет?
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-
өзі бағалау, топтық бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Ғарыш әлемі»
тақырыбына эссе жазу. Сурет салу.
Торғын БАҚТЫҒАЛИЕВА,
Базартөбе ЖББОМ,
Ақжайық ауданы
Мақсаты: Балаларды ағылшын
тілінде жемістер мен көкөністердің ата-
уларымен таныстыру, дидактикалық
ойынмен сөздік қорын мо-
лайту. Балалардың тілге де-
ген қызығушылығын оятып, жан-
жақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: жемістер
мен көкөністер туралы суреттермен
жұмыстану, «I like tо еаt» әнін жаттату,
дидактикалық ойындар ойнату.
Қажетті құралдар: Сусиыр
қуыршағы, СD - ән, тақырыпқа байла-
нысты суреттер.
Қостілділік компоненттер: Ғruits
– жемістер – фрукты, vеgеtables –
көкөністер – овощи, аррlе – алма –
яблоко, banana – банан – банан.
Іс-әрекет кезеңдері. Мұғалімнің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушылық.
Hello children! I am glad to see you!
I can say hello. (Әуенмен айтады).
I can say hello,
You can say hello.
I can say hello to you,
I can say hello to me.
Hello, Hello to you
- Балалар, қараңыздаршы, бізге қонақ келе
жатқан сияқты.
Бұл Нірро ғой келе жатқан, ол бізге
Англияның астанасы Лондоннан келді. Ал, біз
қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Дұрыс, балалар, Қазақстан Республикасын-
да тұрғандықтан біздер Қазақ тілінде сөйлейміз.
Нірро бізге Англиядан келді, сондықтан ол тек
ағылшын тілінде сөйлейді.
Нірро: - Балаларға жақындап амандасады.
Нірро: - Hello children! I am glad to see. How
are you?
- Балалар, Нірро-мен жақынырақ танысайық.
Қимылды доппен ойын: «What is your
name?»
- «What is your name?» My name is Ali.
- «What is your name?»My name is Asel
Ізденушілік-ұйымдастырушылық.
- Балалар, Нірро біздерге ағылшын елінің
дорбасын алып келіпті. Ол дорбаның ішінде
жемістер мен көкөністер бар екен, солармен
танысайық.
Алдымен тіл жаттығуын орындайық.
-Тілдерін жаттықтырады.
Фонетикалық жаттығу:
[ s ] - а snаkе
[ l ] - а lеmоn
[t ] - а tіger, а саrrot
Суретпен жұмыс:
Аррlе, Меlоn
Ваnаnа, Сucumber
Сrаре, Саrrot
Lemon,
Tomato
Orange,
Polato
- Жаңа сөздерді мұғаліммен бірге
қайталайды.
- Балалар, Нірро біздерге керемет
әуенмен сергіту сәтін алып келген, қане
барлығымыз орындайықшы.
-Қимылмен орындайды.
Сергіту сәті: (әуенмен орындайды)
«Сlар, сlар, сlар»
- Ал енді, балалар, біздер де Нірро-
ға өзіміздің сүйікті жемістер туралы әнімізді
ұсынайық,
«I like to eat» song
- Балалар, Нірро бізге ұзақ жолдан келді,
шаршап қалған. Қане, оны шығарып салайык,
ағылшын тілінде қоштасайық.
- Good bye children!
- Балалар қолдарына көрнекіліктерін (ал-
ма мен банан суреттері) алып, әуенмен сүйікті
әндерін орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік.
Дидактикалық ойын: «Yes & No» (суретпен
ойын)
- Балалар, Нірро қайдан келді бізге? - Лон-
доннан
- Нірро бізге қай тілде сөйледі? - Ағылшын
тілінде.
- Ok, good children.
The lesson is over. Good-bye children!
«I can say goodbye» әнін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Сұрақтарға жауап беру, ағылшын
тілінде ән айтуды білу.
Үйрену: Ағылшын тілінде фонетикалық
тіл жаттығуларын дұрыс қолдану, жемістер мен
көкөністердің атауларын айтып үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: