Саялбек ҒИЗЗАТОВ,
Батыс Қазақстан облысы Дін істері
басқармасының бөлім басшысы
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет
1992 жылы 18 қазанда өткізілді. Сол кезден бастап,
Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі
болып табылады.
1995 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның тәжірибесін
ескере отырып, толеранттық қағидаларының Декла-
рациясын қабылдады. Бүгінде рухани келісім күні
Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Ресей мен
Үндістанда да мерекеленеді.
Елімізде Рухани келісім күнін мерекелеудің та-
маша дәстүрі 1992 жылы қазан айында Мемлекет
басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы және тікелей
қатысуымен Алматыда өткен Бүкіләлемдік Ру-
хани келісім конгресінің бірінші сессиясынан ба-
стау алады. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан,
барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы
тұрақтылық пен келісім күні.
Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайы руха-
ни келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен
ерекшеленеді. Ол халықаралық деңгейде де мойында-
лып отыр. Жалпы алғанда, ішкі саяси тұрақтылықты
– әртарапты қоғамдық құбылыс ретінде тануға бо-
лады және оған әртүрлі: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, діни, этникалық, тілдік тағы басқа да
факторлар әсер етеді.
Бұл ретте саясатымыздың басым бағыттарының
бірі – рухани-ғұрыптық қауіпсіздіктің бір аспектісі
болып табылатын діни факторды және дінаралық
татулық мәселесін алға қоюымыз керек. Себебі,
діннің табиғаты сондай, сенімі күшті. Діндар адам
өзінің туыстары мен ұлтына, еліне көп алаң болмай,
рухани бірліктегі өзінің діндес бауырларын жақын
тұтып, соларға жәрдем етуге бейім болады және
қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек
сұрауға да дайын тұрады. Итальяндық философ То-
мазо Кампанелла «Дін – магиялық күшке ие, өйткені
ол адамдардың рухын біріктіреді немесе бүлінушілік
пен қирату құралына айналуы да мүмкін», – деген
екен. Әлемдегі кейбір қақтығыстардың түп-төркіні
діни түсінбеушілікте екендігі тарихтан мәлім.
Ең алдымен, ұлан-байтақ жері, көп ұлтты
халқы бар еліміздегі дінаралық және этносаралық
толеранттылық жаңадан ғана пайда бола қалған
жоқ, бұл ата-бабаларымыздың салып кеткен ұлы
жолы. Қазақ халқының өткен ғасырларда көшпелі
өмір салтын ұстанғаны белгілі, осы арқылы ол басқа
халықтармен байланыс жасауды үйренді, ауыр табиғи
жағдайда өмір сүре отырып, өз қандастарына ғана
емес, басқа да сырттан келген ұлттар мен ұлыстарға
қонақжайлық пейіл таныта білді. Тіпті Кеңес зама-
нында Қазақстанға еріксіз келген халықтардың өзі
жергілікті халықтың мәдениетімен, тілімен, салт-
дәстүрімен таныса отырып, қазақ халқымен тіл та-
бысып, өткен дәуірдің ыстық-суығын бірге көргенін
әлемдегі барша мемлекеттерге үлгі етуге болады.
Осылайша, ежелден-ақ біздің халқымыздың
бойында этносаралық және конфессияаралық
толеранттылық қалыптасты. Діннің бейбітшілікке,
ынтымақ пен бірлікке қызмет көрсететінін түсініп ке-
ле жатырмыз. Елбасының бастамасымен төрт бірдей
әлемдік дінбасылардың съезінің өтуі соның кепілі.
Біз бөлшектеу мүмкін емес зор мәдени
құндылықтарды да бірлесе жасап жатырмыз.
Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық бо-
лып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан
кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық
татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті
міндеті болуы да сондықтан. Бұл жөнінде Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз өзіміздің жатсын-
бас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық
татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі
әлемге танымалмыз», – деп баса айтуы да тегін емес.
Иә, соңғы жылдары дінге бет бұрушылар қатары
едәуір көбейді. Мұның өзі егемен еліміздің бұл
күрделі мәселеге үлкен маңыз беріп отырғанының
жарқын көрінісі емес пе? Біздің еліміз сияқты
көпұлтты қоғамда діннің әртүрлі ұлттардан құралған
халықтың бірлігі мен татулығын сақтауда ерекше
рөл атқаратынын, оның адамдарды мейірімділікке,
ізгілікке баулитын имандылық мәнін ешкім де жоққа
шығара алмайды.
Тәуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тән тамаша
дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім
күнін, Құрбан айтты, Пасханы, Рождествоны бірлесіп
атап өтеміз. Бұл - халық пен елдің шынайы қуатының
неде екені неғұрлым айқын көрініс беретін күндер.
Рухани келісім – біздің ұлтымызға тән үлкенді
сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық,
қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік
тәрізді ізгі ортақ құндылықта. Халқымыздың
татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға
басуының басты шарты. Осы байлығымызды
қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату –
еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Бұл орайда отбасы, мектеп, әрбір адам қоғамдық
ортада рухани келісімге өз үлесін қосып, ең қастерлі
қазынамыз – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай
сақтап, мемлекеттігімізді нығайта беруі қажет.
Н.СЕЙТАҚОВА,
БҚО Дін істері басқармасының
бас маманы
Т і л м ә р т е б е с і н а с қ а қ т а т қ а н
Ұ л ы т а у т ө р і н д е г і с ұ х б а т
Ұ
лытау төрінде Елбасымыз бер-
ген салиқалы сұхбат елдің ерек-
ше ықыласын туғызды. Сұхбат барысын-
да тіл, тарих мәселелеріне аса назар ауда-
ра отырып, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев
күллі халықтың көкейіндегі өміршең
жәйттерді тілге тиек етті. Менің ойымша,
дәл осы сұхбаттың бұрынғы сұхбаттардан
ерекшелігі – Елбасы тарапынан мемлекеттік
тілдің болашағына сенім білдіріліп, туған
тіліміздің болашағының ертеңі бүгінгіден де
жарқын болатындығын атап көрсетуі.
Е
гер тіл мәселесіне бей-жай қарай
алмайтын тәжірибелі мұғалімнің
көзімен қарайтын болсам, сұхбатта
мемлекеттік тілдің абыройы мен беделін
арттырудың негізгі тетіктері көрсетіліп,
жан-жақты сараптама жасалған. Менің
жаныма жақын тіл мәселесінің аталмыш
сұхбатқа арқау етілуі көңіліме қуаныш
ұялатты. Өйткені, мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілінің өркендеп, қоғамда кең қанат
жаюына мемлекет тарапынан жан-жақты
қамқорлық жасалып отыр. Өзінің болашағын
Қазақстанмен байланыстыратын жас өскінге
қазақтың тілін үйретіп жүргенімді мақтан
етемін, өйткені оқушылардың тілді білуге
құштарлығы жыл санап артып отырғандығы
дәлел бола алады.
Е
лбасының сұхбатында қозғалған
қазақ тарихына қатысты келелі пікір
– еліміздің тарихы, өткені мен келешегін са-
ралау. «Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, бір
кезде тарихи негізінен, ұлттық болмысы-
нан ажырап қала жаздаған қазақ халқы та-
рихтан біраз теперіш көрді. Бүгінде осы
олқылықтың орны толып, өткенге үңіліп,
ұрпақ алдындағы жауапкершілікті талғам та-
разысына салуға мүмкіндік туды.
Е
ндігі міндет – осы мүмкіндікті пайда-
лана білу, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын
жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.
Ұ
лттың басты құндылығы – тілі бол-
са, Елбасы сұхбаты қазақ тілінің
байлығын, шоқтығының биіктігін айғақтап
берді. Көпшілікке ой салған бұл сұхбатты
мен, тіліміздің мүддесі үшін қызмет
етіп жүрген мұғалім ретінде ұлтқа, тілге
жанашырлық деп есептеймін. Өйткені,
қазақтың тілінің беделімен Қазақстанның
тәуелсіздігі айқындалады. Сондықтан
Ұлытау ұлағатын ұрпақ санасына ұялату
барша тіл жанашырларының парызы
болғандықтан, өз пікірімді мұғалімдер газеті
арқылы білдіруді жөн көрдім.
Ж.ДОШАНОВА,
№17 ЖББОМ,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ұ
лытау ұлағаты
3
Жайық ұстазы
13 қараша, 2014 ж.
*** В Центре Педагогического Мастерства***
С
етевые профессиональные сообщества как форма
поддержки и профессионального развития педагогов
С
етевые профессиональные сообщества как форма
поддержки и профессионального развития педагогов
Изменившиеся
социально-эконо-
мические условия
на современном
этапе развития об-
щества привели к прогрессивным инно-
вациям в образовании. В условиях ин-
форматизации, глобализации, техноло-
гизации образования повышаются тре-
бования к педагогам. Педагоги сегодня
должны адаптироваться к новым норма-
тивам профессиональной деятельности,
осмыслить и практически освоить ком-
петентностную парадигму, быть готовы
к постоянному самосовершенствованию,
социальной и профессиональной мо-
бильности. Все перечисленные позиции
определяют новые направления деятель-
ности педагога, новые цели и задачи, ко-
торые в совокупности трудно решить в
одиночку, но возможно с помощью по-
ложительного опыта педагогов, уже вне-
дряющих на практике новые подходы в
образовательном процессе и способных
поделиться этим опытом.
Сегодня все более важным становит-
ся сотрудничество педагогов различных
школ, их объединение в «сетевые со-
общества», в которых каждому педаго-
гу предоставляется возможность для ак-
тивного профессионального взаимодей-
ствия, обеспечивается устойчивая среда
профессионального общения как важ-
нейший элемент повышения квалифи-
кации. Не случайно Программа курсов
повышения квалификации учителей Ре-
спублики Казахстан, разработанная Цен-
тром педагогического мастерства АОО
«Назарбаев интеллектуальные школы»
совместно с экспертами университе-
та Кембридж по первому (продвинуто-
му) уровню в частности определяет сле-
дующие цели: Обеспечение готовности
учителей к инициированию и управле-
нию профессиональными сообществами
учителей школ в соответствии с целями
профессионального развития. Соответ-
ственно задачами являются - оказание
профессиональной поддержки коллегам
в условиях функционирования профес-
сиональных сообществ школ. Формиро-
вание знания и понимания методики ор-
ганизации и проведения педагогических
исследований в школе, а также методики
обучения данному виду работы коллег
в условиях профессионального сообще-
ства учителей школы.
Принцип профессионального взаи-
модействия предоставляет возможности
для обучения и анализа происходяще-
го в различных школах, для улучшения
условий обучения учеников. Известно,
что, когда учителя вовлечены в активное
исследование процессов преподавания
и обучения, заинтересованы в качестве
школьной практики, реализуемых про-
цессах и результатах учителей других
школ, они совершенствуют собственное
аналитическое мышление и в большей
степени готовы к внедрению нововведе-
ний. Подобный процесс предоставляет
возможности для рациональной совмест-
ной работы, генерации знаний всего про-
фессионального сообщества учителей,
что оказывает прямое воздействие на ка-
чество обучения учащихся каждой шко-
лы.
Цели виртуального (сетевого) сооб-
щества могут быть разными, можно на-
звать главные:
• создание единого информационного
пространства;
• обмен опытом, поддержка и сотруд-
ничество;
• распространение успешных педаго-
гических практик;
• организация формального и нефор-
мального общения на профессиональные
темы;
• инициация виртуального взаимо-
действия для последующего взаимодей-
ствия вне Интернета;
• повышение профессионального
уровня;
• поддержка новых образовательных
инициатив.
Результаты различных исследований
свидетельствуют о том, что существует
множество ключевых факторов успеш-
ного взаимодействия учителей в услови-
ях профессионального сообщества учи-
телей школ, в том числе от:
• убежденности каждого участника
в целесообразности профессионального
взаимодействия и активности в процес-
сах планирования;
• определения понятных для всех
участников сообщества принципов взаи-
модействия;
• общности ценностей, не смотря на
различные регалии отдельных школ или
педагогов (принцип «равный-равному»);
• взаимовыгодного характера пар-
тнерства;
• регулярного контроля, гарантирую-
щего достижение поставленных целей и
получение взаимовыгодных результатов;
• степени поддержки и внимания к
профессиональному сообществу учи-
телей школ со стороны администрации
школы, местных властей, государства.
Анализ
различной
научно-
педагогической литературы и исследова-
ние деятельности успешных сетевых со-
обществ педагогов показывают, что дея-
тельность профессионального сетевого
сообщества должна быть направлена на
улучшение процесса обучения учащих-
ся и совершенствование профессиональ-
ной подготовки учителей. Постарайтесь
дать ответы на вопросы, представленные
ниже которые помогут вам определить
направления работы вашего профессио-
нального сетевого сообщества:
Вопросы об обучении учащихся:
1. Как направление деятельности ва-
шего сообщества согласуется с измене-
ниями процесса обучения учащихся и
как вы это определяете?
2. Оказывает ли ваше направление
деятельности в рамках сетевого сооб-
щества достаточное воздействие на ра-
боту в конкретном классе?
3. Будет ли оказывать в будущем?
Вопросы об обучении учителей:
1. Что собираются предпринять чле-
ны сообщества для приобретения зна-
ний об обучении школьников?
2. Какие данные, собранные в хо-
де работы в классе, являются наиболее
значимыми для учителей?
3. Происходят ли изменения в рабо-
те учителей в результате приобретения
знаний об обучении школьников?
4. Если да, то какие?
Вопросы о лидерах в сообществе:
1. Как проанализированное вами
обучение влияет на лидерство в школе
и сообществе?
2. Какие действия предпринимают
школы, состоящие в сообществе, под
влиянием знаний, которые приобретают
учителя об обучении школьников?
3. Как вы используете эти и другие
данные при составлении планов вашей
деятельности в будущем?
Оценивать эффективность работы се-
тевого сообщества можно по следующим
показателям:
• 100% выполнение запланированных
мероприятий;
• позитивная обратная связь со сторо-
ны участников проекта (по результатам
опроса);
• вовлечение и участие учителей в
деятельность сообщества, основанной на
диалоговом взаимодействии педагогов
и способствующей росту их профессио-
нальной компетентности;
• успешное участие в проектах (кон-
курсах, марафонах и др. сетевых меро-
приятиях);
• деятельность педагогов в инноваци-
онном режиме;
• охват молодых специалистов, оказа-
ние им методической и психологической
помощи.
Эффективность участия в сетевом
взаимодействии целесообразно отсле-
живать с помощью анкетирования всех
участников сетевого образовательного
сообщества. И на основе анкетирова-
ния выполнять корректировку работы
данного сообщества. И корректировать
работу сайта на основе анализа работы,
анкетирования участников, через фо-
рум, голосования по запросу учителей,
экспертизы материалов.
Любое сообщество в своем развитии
и в процессе функционирования прохо-
дит три основные ступени:
1. Выявление актуальных професси-
ональных проблем, интересующих всех
участников сообщества;
2. Обмен участников сообщества на-
копленным методическим опытом (пу-
бликация созданных ранее материалов в
библиотеках сообществ);
3. Создание новых методических ма-
териалов в рабочих группах, по прось-
бам коллег и т.д. Создание базы знаний.
4. Организация силами самих участ-
ников (!) мастер-классов, конкурсов,
фестивалей и т.д.
Переход к третьей фазе и можно оце-
нивать как НАЧАЛЬНУЮ точку РАБО-
ТАЮЩЕГО сетевого сообщества.
Кроме того, необходимо особое вни-
мание уделять очевидным и концепту-
альным особенностям работы обра-
зовательного web-портала, которые
позволят максимально эффективно ре-
ализовать идеи организаторов сообще-
ства, его участников основываясь на
реальных возможностях web-сайта. Для
этого необходимо обеспечить:
1. гибкий интерфейс, комфортной,
«понимающей» среды профессиональ-
ного общения педагогов;
2. удобную регистрацию пользова-
телей;
3. понятный интерфейс для разме-
щения (удаления) материалов пользова-
телями;
4. отсутствие навязчивой рекламы;
5. возможность свободной публи-
кации статей и записей на сайте для
участников сообщества;
6. наличие фотогалереи;
7. возможность оставлять коммен-
тарий;
8. наличие форума;
9. обеспечить бесперебойную работу
сайта, размещение всех необходимых
материалов, рассылку информации для
субъектов сетевого образовательного
сообщества;
10. возможность проведения
Интернет-конференций и т.п;
11. проведение экспертизы сетевых
продуктов педагогов, экспертизу дея-
тельности участников сетевого образо-
вательного сообщества;
12. предусмотреть формирование
экспертных заключений и выдачу сер-
тификатов участникам.
Таким образом, эффективные се-
тевые профессиональные сообщества
– это организационные формы взаимо-
действия педагогов с достаточно высо-
ким преобразовательным потенциалом.
Тесное профессиональное сотрудни-
чество между школами является един-
ственным способом реализации суще-
ственных положительных преобразо-
ваний как в системе образования в це-
лом, так и в обучении и жизни учеников
конкретной школы. Благодаря сетево-
му взаимодействию, функционирова-
ние каждого учреждения в отдельности
и всей системы в целом становится бо-
лее надежным, так как сетевые системы
обладают множеством взаимозаменяе-
мых равноценных вариантов. Участие
педагогов в реализации приоритетных
задач развития образования, таких как
инновационная деятельность образова-
тельного учреждения, информатизация
и образования, неизменно ведет к повы-
шению профессиональной компетент-
ности педагога. Сетевое образователь-
ное сообщество обладает самостоятель-
ной ценностью. В ходе сетевого взаимо-
действия ее участники сталкиваются с
серьезными разноплановыми проблема-
ми. Решая эти проблемы, участники со-
трудничают, конкурируют, что можно
рассматривать как стимул к саморазви-
тию, повышению уровня квалификации,
а следовательно, качества образования
в целом.
Педагогические сообщества акту-
альны, имеют практическую направлен-
ность, здесь педагоги чувствуют себя
успешными, получают положительные
переживания и видят результат своего
труда, а сетевые профессиональные пе-
дагогические сообщества учителей бу-
дут все чаще использоваться для под-
держки педагогов на рабочем месте, для
профессионального развития, взаимо-
действия и общения не выходя из шко-
лы.
От того, насколько профессиональ-
но педагогическое сообщество готово
не только строить взаимодействие с по-
требителями образовательных услуг, но
и создавать условия для того, чтобы эти
потребители могли продуктивно уча-
ствовать в управлении школой, образо-
ванием, быть субъектами образователь-
ной политики, зависит успех процесса
образования в целом на современном
этапе развития общества.
Светлана КОРОВИНА,
старший менеджер ЦПМ в г. Уральске
Қай кезде болма-
сын, мемлекеттік тіл
мәртебесі туралы жүректегі
толғаныстар – кім-кімді
де бейжай қалдырмайтын
күрделі мәселе. Қазақстан
Республикасының «Тіл ту-
ралы Заңы» бекітіп берген
қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесіне
қуанған
кезіміз әлі есте. Көп жыл-
дар бойы көлеңкеде
қалып, жаутаңкөз жетім
сәбидей күн кешкен қайран
тіліміздің азаттығына мәз
болған журналистер, ақын-
жазушылар, тіл жанашыр-
лары, ғалымдар ақжолтай тілек білдіріп,
мәртебе алған тілімізді қоғамымыздың әр
саласына енгізуге зор ынтамен үлес қосуға
бейіл болған кездер еді ол. Ең әуелі қазақ
мектеп, балабақшаларын ашу науқаны ұлт
зиялылары қатысуымен ерекше қарқынды
жүргізілді.
1989 жыл Орал қаласы үшін де қазақ
тіліндегі мектептер ашу жолындағы
белсенді іс-қимылдардың басталған жы-
лы болды. Сол кездері Алматыдан Оралға
Қазақ радиосының меншікті тілшісі бо-
лып қызметке келген ақын Айсұлу
Қадырбаеваның үні бізді дүр сілкіндіргені
әлі есімізде. Ол кісінің
ұранды
өлеңдері
ешкімді
де
бей-
жай қалдырмайтын.
Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының басшы-
лары академик Әбдуәли
Хайдаров пен Өмірзақ
Айтбаевтар Оралға келіп,
құрылтай өткізгені,
облыстық қоғам төрайымы болып Айсұлу
ақынның сайланғаны да көпшілікке ұнамды
әсерін қалдырды. Сол кездегі белсенділік
танытқан адамдардың бірі, филология
ғылымдарының кандидаты, 90-шы жыл-
дары облыстық «Қазақ тілі» қоғамының
төрайымы болған әдіскер-ұстаз Бақыт Шка-
нова өз ойын төмендегіше өрбітті:
«Елдің алдына шығып сөз сөйлеу,
әділқазылар алқасы құрамында төрелік ай-
ту, қазақ бала бақшасын, мектеп ашқызу
жолындағы үгіт-насихат, айтыс-тартысты
жұмыстарға араласуды қашан, қайдан,
кімнен үйрендім?» десем, көз алдыма
қараторғайдай ғана бітімі бар, тиянадай тас-
түйін, ой-толғамға толы пікірталасқа қашан
да әзір, нәзік те өжет, сыршыл да қайсар
Айсұлу ханым келіп тұра қалады. Сірә, жай
әйелден ғалым, қайраткер әйелге айналу
жолым осы Айсұлу ханыммен үзеңгілес бо-
луымнан басталса керек...»
Сол жылдары тіл жанашыры
ретінде Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің ғалым-ұстаздары Мәтжан
Тілеужанов, Ғаяз Кушаев, Отарәлі
Бүркіт, Серікқали Шарабасов, Сайлау
Сүлейменов, Оралдағы ауыл шаруашылық
институтының оқытушысы Аманжол Зи-
нуллин, т.б. есімі елген кеңінен таныл-
ды. Әнші, термеші, ақындар, ұстаз қауым
жер-жерде бастауыш ұйымдар ашуға,
тіл мәртебесін іске асыруға өз үндерін
қосты. Бұл кезең туралы педагогикалық
еңбек ардагері, жиырма жылдан астам
уақыт Орал қалалық және облыстық білім
басқармасын басқарған Светлана Бисемба-
ева былай дейді:
«Алғаш қазақ тілі туралы Заң
қабылданып, қазақ тілді мектептер ашу ре-
спублика бойынша белең ала бастаған кез
ғой. Біз де осы жұмысқа жедел кірістік.
Сөйтіп, он жылда 12 қазақ мектебі ашыл-
ды. Ал, Солтүстік облыстар болып сана-
латын, ұлттық құрамы бізбен қарайлас Пе-
тропавл мен Павлодарда осындай уақыт
аралығында 5-6 ғана қазақ мектебі бол-
ды. Біз аса көп дабыраламай, айқай-шусыз
дерлік, кейін тіл жанашырлары Аманжол
Зинуллин, Айсұлу Қадырбаевалардың ара-
ласуымен осы бір мемлекеттік маңызды
шаруаның іске асуына үлес қостық. Ең
әуелі ашқанымыз - №27 орта мектеп...»
Міне, содан бері ширек ғасыр уақыт
өтіпті. Нәтиже, аллаға шүкір, жоқ емес.
Мекемелер мен ұйымдардағы іс жүргізу,
көше аттары қазақшаланып, бірте-бірте
қалыпқа түсіп келеді. Тіл жанашыры
ретінде қаншама адамдар елге танылып,
тұлға ретінде өсіп-өнді.
Әлемдегі 7000-ға жуық тілдің 95-інің
ғана мемлекеттік мәртебесі бар
екен. Қазақ тілінің сол тоқсан
бестің қатарында тұрғаны, әрине,
керемет. Әйтсе де, осы мәртебе
алған өз тілімізде 65 пайы-
зы қазақ республика халқының,
соның ішінде қазақ баласының
тең жарымы сөйлей алмауы –
кім-кімді де алаңдататын факт.
Сондықтан да Елбасы өзінің жыл
сайынғы халыққа Жолдаула-
рында, Ассамблея сессияларын-
да, елді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларында мемлекеттік
тіл мәселесіне алаңдаушылық
танытып, қолдау көрсетіп, қазақ
тілін 2020 жылға қарай 100 пай-
ыз білуді халыққа тапсырды. Ел ішінде
енді бір 5-6 жылда бұл орындала ма де-
ген күмән да жоқ емес. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлының «Дауға салса, алмастай
қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған,
ойға салса, қорғасындай балқыған Ана
тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде
не бар екен?» деген толғанысы ана тілге
деген сыйластық пен құрметтен, үлкен
сүйіспеншіліктен туындағаны даусыз.
Бұрын орыс тілінде сөйлеу мода бол-
са, бүгінде ағылшын тілін үйреніп, әлемдік
деңгейге ұмтыламыз. Сонда билікте де,
бизнесте де жолымыз ашық. Әрине, көп тіл
білу өте керемет қасиет. Ал, дамыған елдер
тәжірибесіндегідей әуелі өз ана тілін білуге
деген құштарлық биіктегілердің тарапынан
сезіліп тұрған жоқ.
Сондықтан да болар Елбасы: «Ассам-
блея қазақстандықтардың мемлекеттік
тілді меңгеруінің жалпыхалықтық үдерісін
басқаруы керек», - дейді.
Биліктегілер мен биіктегілерден гөрі,
еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік
тілге деген құлшынысы күннен-күнге
артып, өздері де елге өнеге болып, бұл
ұмтылыстары да елеулі бола түсуде.
Олардың бұл талпыныстары Облыстық
тілдерді дамыту, Облыстық білім беру
басқармаларының әр түрлі байқау, ша-
раларында үлгі ретінде марапатталып,
нәтижесінде сыйлық алып, қызмет тізгінін
ұстауға дейін көтерілуде. Күні кеше қазақ
ауылында, қазақы ортада өскен өзге ұлт
өкілдерінің ұл-қыздары ЖОО-ң қазақ фи-
лологиясы факультеттерін бітіріп, бірі –
мұғалім, екіншісі – диктор, тіл маманы
болып, өмірдің сан саласынан өз орында-
рын тауып, құрметтелуде. Қазақ тілі олар
үшін құрмет пен мансап құралына айна-
лып үлгерді.
Осыған қарағанда, орыс тілді
қазақтар үшін де өз ана тілін үйрену
қиын емес, тек олар өз қағынан жерінген
құлындай, ана тіліне жирене қараудан әлі
арылмауда.
Бұл санаттағы қазақтардың жылдар
бойы «мәңгүрттер», «шала қазақтар» деген
атқа қалуы өздерінің ұлттық намысының
жоқтығынан өте дұрыс берілген атақ
деп білуіміз керек. Ана тілін білмеу,
білуге ұмтылмау анасын сатқанмен тең.
Сондықтан «ҚР тілдер туралы Заңының»
мемлекеттік тіл туралы тармағына әдейі
осындай қазақтар үшін қызметтік өсуі,
материалдық жағдайы, т.б. мәселелеріне тіл
білмегені үшін қатаң шектеулер қоятындай
өзгерістер енгізілуі тиіс деп ойлаймын. Не-
месе шетел тәжірибесіндегі тіл полициясы
институтын енгізіп, билік пен бизнестегі
мемлекеттік тілге деген теріс пиғылдан,
төмен көзқарастан арылту, тазарту керек.
Қайбір әп-әсем сіңлілеріміз туған
күндерін французша өткіземіз деп
шақырғанда, не дерге білмей аң-таң болып,
мынадай өлең жазып едім.
Французша туған күнге
(қазақы тілек)
Французша кеш әзірлеп, шақырдың,
«Бұл қалай?» деп, мен де миды қатырдым.
Қойған шартың, Dress Kod та бір түрлі,
«Коко Шанель» көйлек таппай жатырмын...
Қалай түсем француздың кайфына,
Ана тілім, қайда қалар бейкүнә?!
О, құрбыжан, қолдан келмес бұл шаруа,
Жазылмай тұр жан сарайдың сайтына...
Бара алмаймын коктейльдік көйлекпен,
Тост айтпаймын французша сөйлеп те.
Қабылдасаң, қазақы осы қалпымда,
Құттықтаймын қырықтағы
«бойжеткен»!
Кешіре гөр, француженка емеспін,
Ермеуші едім жетегіне елестің.
Мен қазақтың қарапайым қызымын,
«Француз» деп те ойламайды сені ешкім...
Баяғыда біреу «жаман қазақ орыс бо-
ла алмай әлек», - деуші еді. Сонда біз кім
болғымыз келеді осы...
Тіліміздің мәртебесін көтеруге Ел-
басымыздан бастап, қарапайым мек-
теп мұғалімі, барша педагог қауым, ар-
найы министрлік пен тілді дамыту
басқармалары, зиялы қауым өкілдері қатты
алаңдайтыны сөзсіз. Өзіміз өмір сүріп
отырған ортада, өз облысымызда соңғы
он-он бес жыл көлемінде ел басқарған
азаматтарды алып қарасақ та, олардың
мемлекеттік тілді білуі мен ұлтжандылығы
әр түрлі деңгейде. Соңында қалған із
де, адамдардың олар туралы пікірлері
де сол азаматтардың атқарған елдік ша-
раларынан, адами іс-әрекеті мен биік
адамгершілігінен қалыптасып, орныққан.
Батыс Қазақстан облысының әкімі бо-
лып, ел жүрегінен орын алған, ана тілінде
еш қағазсыз, шешен де шебер сөз сап-
тап, мүдірмей сөйлейтін ғалымдығы мен
ділмарлығы үйлескен, қазақтың құдіретті
тілінің тағдырына алаң болып, «Үміт»
лингвистикалық гимназиясын ашқан
Қырымбек Көшербаев; ғалымдығына
қоса, ақынжанды, қиындықтарда қара
халық ортасынан табылатын Бақтықожа
Ізмұханбетов; олардың ізбасары, екі тілде
мүдіріссіз сайрайтын Нұрлан Ноғаев;
Орал қаласы әкімі, жас та болса, бас бо-
лып, үлкенді сыйлауымен, заманға сай
біліктілігімен танылып үлгерген Ал-
тай Көлгіновтей азаматтарды халық ана
тіліне ерекше құрметі үшін, ешкімнің
жарлығынсыз сыйлайды. Бір кездері біздің
облыста әкім болған Нұрғали Әшімов те
ана тілін білмей келіп, ақын апамыз Шол-
пан Қыдырниязовадан арнайы сабақ алып,
тым тәуір қазақша өлеңдерді жатқа ай-
татындай деңгейге көтерілген. Шолпан
апа сол тұста Облыстық тілдерді дамыту
департаментінің бастығы болып тұрған еді.
Орал көшелеріне қазақша атау берудегі ай-
та қаларлықтай үлкен өзгерістерімен де
сол кез есте қалды. Осындай талпыныс
биліктегі өзгелерге үлгі болса, қане!
Әйтпесе, үш тіл білу міндеті қойылып
отырған бұл кезеңде өзге тілдер емес, өз
тіліміз зардап шегетіні айдан анық. Себебі,
бұрын біз ұлы халықтың тілін білмесек,
мазаққа қалып; төменгі сорттағы, орта-
ша адам ретінде қабылдансақ, бүгінде
қазақ тілін білмейтін адамды ешкім де
кемсітпейді де, көп мазаламайды да. Ал,
«Сен тимесең, мен тимен...»
қағидасын ұстанудан түк те
шықпайды.
Жарнамалар
мен
аудармалардағы төл ды-
быстардан кететін қателер
мен келеңсіздіктерден осы
жиырма бес жыл бойы
арылмай келеміз. Бұл
– біздің мекемелердегі
басшыларымыздың, кемшіліктерге
мән бермейтіндігін, кемшіліктердің
түзетілмеуі олардың ұлттық намысына
тимейтіндігін көрсететін факт. Қалалық
«Қазақ тілі» қоғамының төрағасы
Әбділманов Алтынбек Әбутәліпұлы осы
бағытта қала көшелеріне студент жастарды
ертіп, рейд жүргізуі көңілге қонады. «Бат-
пандап кірген ауру мысқалдап шығады»
демекші, қателерді түзетуге осындай
пәрменді қадам жасау керек-ақ.
Мән беретін болсақ, ана тілімізге на-
зар аудартудың айқай-шусыз, бейбіт ша-
ралары көп-ақ. Мәселен, өзім қызмет жа-
сап жүрген «Өрлеу» БАҰО АҚ филиа-
лы Батыс Қазақстан облысы бойынша пе-
дагог қызметкерлер біліктілігін арттыру
институтының ұжымы үстіміздегі жы-
лы Орал қаласының Сырым алаңында
«Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін» ак-
циясын өткізіп, онда қызметкерлер ақын-
жазушылардың тіл туралы жырларын
мәнерлеп оқыды. Институт директоры
Софья Измуханбетова Фариза, Ақұштап
ақындардың жырларын жатқа оқудың
үлгісін көрсету арқылы мұғалімдерге өнеге
болып келеді. Институтта өткен «Қадыр
туралы Ода», «Жыр-айдындағы ақ жел-
кен» мүшәйраларына, мұғалім-ақындар ай-
тысына қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдері – тіл жанашыры болудың
үлгісі.
Мұғалім қауым алдында тіл мәдениеті,
мәнерлеп сөйлеу шеберлігі туралы дәріс
оқып жүрген ел ардақтысы Ақұштап
Бақтыгереева еңбегі бір төбе, өз алды-
на бөлек әңгіме. Ақұштап ақынның «Өлең
оқыр бәрінде сауат болса» деген арманы
да өз тілін білетін, сөз мәнісін, ел мәнісін
түсінетін қазақ туралы айтылған ғой.
Алайда, көптеген мекемелер мен
ұйымдардағы тіл мәртебесін көтеру үшін
атқарылатын шаралар көзге көрінбейді, сірә
күнделікті күйбең тірлік аясында халықтың
ең қастерлі құндылығы ана тіл мәселесі
ұмыт қала береді. Сондықтан, тілге қатысты
мектеп оқулықтарындағы олқылықтар,
аудармадағы қателер, жарнамадағы
қате жазылған төл әріптеріміз, қазақ
мектептерінде-ақ оқитын балалардың өзге
тілде сөйлесуі білім мекемелері басшыла-
рын, мұғалімдерді, ата-аналар қауымын да
ойландыруы тиіс.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
тіл тағдыры өзімізге, Сіз бен бізге байла-
нысты.
Достарыңызбен бөлісу: |