Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет113/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ 
 ПЕДАГОГТАРДЫҢ РОЛІ 
 
Исатаева Гульнур Сериковна, 
Баишев жоғары медициналық колледжі 
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «Мүмкіндігі  шектеулі 
азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға 
тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам 
алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі 
балалардың  қажеттілігіне  бейімделуі  тиіс,  «кедергісіз»  болуы  керек,  өйткені  мүгедек 
балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет»[1], – деп атап өткен. 
Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. 
Инклюзив  -  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  «өзімді  қосқанда»  ал,  ағылшын  тілінен 
аударғанда  «араластырамын»  деген  мағынаны  білдіреді.  Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  – 
балалардың  жынысына,  жас  ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-
қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік- экономикалық жағдайына қарамастан, 
сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.  
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және 
мектепке  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту-оқушылардың  тең 
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарым- 
қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту-барлық 
балалардың  мұқтаждығын  ескеретін  ерекше  қажеттілігі  бар  балалардың  білім  алуын 
қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісінің  дамуы[2].  Инклюзивті  білім  беру  балалардың  оқу 
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге 
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді 
болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті  білім 
беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. 
Инклюзивті  оқыту  балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға 
ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға  балалардың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік 
қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаның  балаларды  жасерекшеліктеріне 
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. 
Инклюзивті  оқытуды  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қалыпты  дамыған 
балалармен  бірге  әлеуметтендіру  және  интеграция  процестерін  жеңілдету  мақсатындағы 
жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды. Мұндай білім негізінде барлық адамдарға тең 
қарым-қатынас, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау, жеке түзеу-
дамыту  бағдарламаларын  іске  асыру  қажеттілігін  қанағаттандыру  қажет.  Балалардың  бір-
біріне  түсінушілікпен  қарап,  тең  дәрежеде  қарым-қатынас  жасауына  тікелей  ұстаздың 
ықпалын  қажет  етеді.  Сөйлеу,  көру,  есту,  қимыл-қозғалыс  аппаратында,  сезімдік-ерік 
ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез- құлқында және басқа да бұзылыстары бар 
балаларды  кіріктіру  мақсатында  кешенді  психологиялық-педагогикалық  көмек  көрсете 
аларлықтай педагог кадрлар даярлығын арттыру қажеттілігі де жасырын емес. Бүгінгі таңда 
инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  ақыл-ой 
дамуында  ауытқуы  бар  немесе  психикалық  дамуы  тежелген  оқушылар  білім  алуда.  Әр 
оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ағымдағы  әлеуметтік-педагогикалық  үрдістерді 
түсінетін  жаңа  тұжырымдамалық  ойлау  жүйесі  бар  педагогтарды  дайындау  қажеттілігі 
туындап отыр. Жұмысы тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік 
факторларды,  жақын  айналадағыларының  және  әлеуметтенуінің  ерекшеліктерін  есепке  ала 


167 
 
отырып  дамуында  түрлі  ауытқулары  бар  балаларға  бағытталған  жоғары  білікті  мектеп 
мұғалімдері аса қажет. Бұл жағдайдың маңыздылығы халықаралық және отандық құқықтық 
құжаттарда  айқындалған.  Мысалы,  «Дүниежүзілік  мүгедектік  туралы  баяндамада» 
инклюзивті  білім  беруді  дамытуда  жалпы  білім  беретін  педагогтың  арнайы  дайындығы 
шешуші  мәнге  ие  екендігі  бекітілген.  Берілген  құжатта  «Мемлекеттік  жалпы  мектеп 
мұғалімдерінің арнайы оқытылуы олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту 
дағдыларын  жақсартуы  мүмкін.  Инклюзия  қағидалары  мұғалімдерді  дайындау 
бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру саласында кәсіби білім 
мен  тәжірибе  алмасуға  мүмкіндік  беретін  басқа  да  бастамалармен  қосылуы  керек»  [3]  деп 
жарияланған. Алайда, ұзақ  уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан мектеп мұғалімдерін 
даярлаудың  дәстүрлі  түрі  көбіне  дамуында  ешқандай  ерекшеліктері  жоқ  «қалыпты»  балаға 
білім беруге бағыттауды қарастырады. Сондықтан инклюзивті білім беруді тәжірибеде жүзеге 
асыратын мұғалімдер даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мемлекеттік жалпыға 
міндетті  білім  беру  стандарттарының  талаптарын  және  оқу  пәндері  бойынша  бағдарлама 
мазмұнын  бейімдеуде  қиналатыны,  олардың  даму  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктерін, 
қабілеттерін  түсінбеуі,  жекеленген  оқытудың  белгілі  бір  әдістемелерін  қолдана  алмауы, 
ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар  мен  қалыпты  балалар  арасында  тұлға  аралық  қарым- 
қатынасты орната алмауы және т.б. білмеуі бұл заңды құбылыс. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  енгізу  жағдайындағы  білім  беру  үдерісінің  сапасын 
арттыру  мақсатында,  оның  барлық  субъектілеріне,  яғни  әкімшілік,  педагогтар,  мамандар, 
студенттер мен ата- аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады: 
  әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу; 
  өзін оқушылар тобының мүшесі ретінде мойындау; 
  бір-біріне сыйластықпен қарау; 
  көмек  беруге  және  алуға,  кеңестер  беруге,  сыни  ескертулер  жасауға  және  оны 
тыңдауға дайын болу; 
  топтың  ортақ  мақсатын  мойындау  және  сол  мақсатқа  жету  үшін  еңбектенуге 
тырысу[4]. 
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын 
болуы  емес,  жүйенің  өзінің  кез-келген  баланы  қосып  алуға  дайындығында.  Яғни,  барлық 
педагогтар  мен  ата-аналар  инклюзивті  білім  беруді  –  жалпыға  білім  беру  мектебі  мен 
балабақшаға ашық  есік ғана  емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп 
түсінулері  тиіс.  Оның  сапасы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  қажеттіліктеріне 
байланысты  ұсынылатын  қызметтердің  сай  болуына  тәуелді.  Инклюзивті  білім  беруде 
мүмкіндігі  шектеулі  бала  білімдерді  жалпыға  білім  беру  стандартында  қалыпты  балаларға 
қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт 
психофизикалық  даму  деңгейі  бойынша  жасына  сай  немесе  оған  жақын  балаларға  ғана 
қатысты  қолданылады.  Н.М.Малофеев  бойынша,  инклюзивті  білім  беруді  ұйымдастыру 
мектепке  дейінгі  кезеңде  ең  нәтижелі.  Білім  беру  ұйымдары  оларға  адекватты  жауап  беруі 
үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін 
сипаттама берулері керек. 
Инклюзивті білім берудің негізінде 8 маңызды принциптер жатыр: 
  Адамның құндылығы оның қабілеттері және жетістіктерімен анықталмайды. 
  Әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті. 
  Әрбір адам қарым-қатынасқа, басқалардың оны естуіне құқылы. 
  Адамдар бір-біріне қажет. 
  Білім алу тек нақты өзара байланыстарда ғана іске асырылады. 
  Барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы керек. 
  Барлық білім алушылардың жетістікке жетуі олардың не істей алмайтынымен емес, не 
істей алатынымен анықталады. 
  Түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді[5]. 


168 
 
Сонымен  қорыта  айтқанда,  инклюзивті  білім  беру-  тұлғаның  тең  құқығын  анықтайды 
және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  білім  беру  арқылы  барлық  оқушылардың 
мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  білім  алуын  қамтамасыз 
ететін  жалпы  білім  үрдісін  дамытуға  болады.  Мұндай  оқыту  түрі  арнаулы  білім  беру 
жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта 
жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқуда жетістікке 
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру 
жүйесіне  енгізу  арқылы  тұлғаны  адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей 
аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  оқушылардың  толеранттылыққа 
тәрбиелеудің бастауы болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет