Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет119/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   284
Міндеті:  Тәжірибе  көрсеткендей  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі 
шығып  қалып  жатады.  Мұндай  қалыптасқан  жүйе  баланың  даралық  қажеттілігін 
қанағатттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге 
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастыру.. Үйде білім алатын мүгедек балалар 
жеке  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  компьютерлік  техникамен 
қамтамасыз  ету  сияқты  істері  жүзеге  асыру.  Осылайша  мемлекетіміз  мүмкіндігі  шектеулі 
жандарды  әлеуметтік  қорғау,  олардың  қоғамға  етене  араласуына,  оларды  оңалту,  жұмысқа 
орналастыру  және  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  білім  алу,  оқыту,  қайта  мамандандыруда 
қолдан келгенше жағдай жасау. 
Инклюзивті білім беру   – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін 
ескере  отырып,   барлық  білім  алушылардың  білімге  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ететін 
үдеріс  . 
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық 
деңгейінде  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  азаматтарға  олардың  білім  алуына,  дамуындағы 
ауытқуды  түзетуіне  және  әлеуметтік  бейімделуіне  арнайы  жағдайлар  жасауды  қамтамасыз 
етеді.  Инклюзивті  білім  беру  әр  балаға  оның  мұқтаждығына  және  басқа  мән-жайларға 
байланыссыз,  өз  әлеуетін  және  білім  алуға  құқығын   іске  асыруға  мүмкіндік  береді. 
Инклюзивті  білім  берудің  артықшылығы  оқушылардың  араласуында.      Қатынасу   –   білім 
беру  басталатын  нүкте.  Мұғалімдер  балалармен,  оқушылар  мұғаліммен  және  бір-  бірімен 
қатынасуы тиіс.   
Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны  144 783 баланы құрайды, 
оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында     2019 жылға қарай: 


175 
 
  мектепке дейінгі ұйымдардың 30%;   мектептердің  70% инклюзивті білім беру 
үшін жағдай жасау; 
  психологиялық-педагогикалық  түзеу  және  психологиялық-педагогикалық 
консультациялар   кабинеттері  желісін кеңейту. 
2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан  495 б/б) балабақша  инклюзивті білім беруді 
енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7%  немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай 
жасады    (  40 мыңнан астам бала). 
Педагогтар  мен  ата-аналарға  ғылыми-әдістемелік,  ұйымдық-консультативтік  көмек 
көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі  ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, 
Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1). 
Қазақстан  Республикасында  42  арнайы  балабақша  және  435  арнайы  топтар   жұмыс 
істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 
арнайы мектеп және жалпы білім беру  мектептері жанындағы  2605 арнайы  сынып жұмыс 
істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы  білім алады.   
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 
психологиялық-педагогикалық   түзеу  кабинеттері,  58  психологиялық-медицииналық-
педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды  көрсетуде. 
ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 
колледж  жүргізуде.  Аталмыш  санат  студенттерінің  контингенті  3  мыңға  жуық  адам 
құрайды.   «Дефектология»  мамандығы  шеңберінде  кадрларды  даярлау   елдің  17  ЖОО-да 
жүргізіледі.   Бұдан  басқа  педагогтардың  біліктілігін  арттыру  бойынша  жұмыс 
жүргізілуде.       3  жыл  ішінде   2771  педагог  инклюзивті  білім  беру  бойынша  біліктілігін 
арттыру  курстарынан  өтті.   Педагог  кадрларының  біліктілігін  арттырудың  барлық 
курстарының  тыңдаушылары  үшін    инклюзивті  білім  беру  бойынша  міндетті 
лекциялар  әзірленді және енгізілді.  
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  білімге қол жеткізуді электрондық білім 
беру  жүйесі  де  қамтамасыз  етеді.    Үйде  білім  алатын  балалар  қажетті  бағдарламалық-
техникалық құралдарды алады.  Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс 
құралдары,  арнайы  пернетақталар  және  манипуляторлар  алынады;  есту  қабілеті  бұзылған 
балалар  үшін  -  есту  аппараттары,  дыбысты  күшейтуші  микрофоны  бар  жүйе, 
тифлотехникалық  құралдар  алынады.    Білім  алуға  жол  ашуды  қамту  үшін  ақпараттық 
қамтамасыз  ету  құралдары,  соның  ішінде  принтерлер  мен  Брайлевтік  дисплейлер,  оқу 
машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші 
шағын  құрылғылары  және  тағы  басқалары  аса  маңызды.  Республикалық  бюджет  есебінен 
компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-
бала қамтылған. 
Қазіргі  уақытта  республикадағы  арнайы  білім  беру  ұйымдарының  жартысына 
жуығы  мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық 
білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті тақталар 
орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы 
мекемелерінің  41  %  логопедтік  жаттықтырғыштармен  ,  37%   —  есту-сөйлеу 
жаттықтырғыштарымен жабдықталған.   
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім 
беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы 
білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне, 
жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке 
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, 
яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік 
саясат.  Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы 


176 
 
жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы  бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге 
ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  жағдайын   қалыптастырады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
білім  алу  құқықтары  «Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтары  туралы»,  «Білім 
беру  туралы»,  «Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-
педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету  туралы»,  «Қазақстан  Республикасында  кемтарларды 
әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңдарында,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім 
беру  немесе  «білім  баршаға»  бағдарламасы  -  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 
орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
бағдарламаны   Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның 
Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді. 
Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  –  балалардың  жынысына,  жас  ерекшеліктеріне, 
географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-
экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту 
мүмкіндігіне ие болу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет