179
ауытқулар психикалық дамуының тоқтап қалуы деп аталатын терминнен сипатталады. Бұның
салдарын миінің әлсіз түріндегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу
кезіндегі балалардың бастапқы кезендерінде болған жағдайлар бас мидың жарақаттануымен
эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.
Балаланың өсіп өнуіне отбасындағы қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай –ақ олардың
достарымен араласуының пайдасы да шаш етектен. Ата –аналар тағдырдың
осынау бақытсыз
сыйына қарап құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдай болмаса ата-ана ретінде
балаларды дер кезінде білікті мамандарға көрсету керек.
Кейбір балаларда іс – әрекеттің басында зейіндері жоғары күшті болады да, ал кейін ол
төмендей бастайды.
Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін
білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет. Оның үстіне педагогтар осы балалардың ата-
анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама қарсы екі ұғымнан тұрады.
Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді есте сақтау беріктілігінің жетілмеуі, интелектуалдық
белсенділіктің төмендеуі – осы категориядағы балаларға тән ерекшелік. Психикалық дамудың
тоқтап қалуы түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл
балаларға көмекті жалпы білім беретін мектепке ұйымдастыруға болады, ауыр жағдайларда
балаларды арнайы мектептерде оқытқан жөн. Инклюзивті оқыту үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өндеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалрдың жағдайлары да өзгереді.
Ерекше білім алатын балаларға белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл
күйден жұмыссыздық жағдайына жиі өтіп тұру тән. Бұл балаланың жүйкелік психикалық
жағдайымен байланысты. Сонымен бірге, кейбір сыртқы жағдайлар баланы бір қалыптан
шығаруп, күйгелектікке, ұйымшылдыққа алып келеді.
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік – экономикалық ахуалдары
ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда
түсінігі жиі қолданыла бастады. Өмірлік қиындықта жүрген балалар ұғымының мағынасы
көптеген мәселелерді қамтиды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау кеңесе
отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген
ұмтылыстарын мүмкіндеріне қолдау көрсету, оның адами өасиеттері мен құндылықтарын
сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне,
кқпшіліктің араласуына қалыптастыруға кедергі келдіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесуге болады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ілеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары
туралы халықаралық заңлықтарымен бекітілген. Ерекше білім беретін балаларға мақсаты мен
міндеті жалпы педагогикалық принциптерімен анықталағндығы туралы оларды қоғамдық
өмірге бейімдеу. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана шектелмейді сонымен қатар
арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып шешім
қабылай алуға, өзін-өзін қамтамасыз етуге, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу
қажет. Балаларды белсенді сөздігі айтарлықтай тарылған түсінігі толық дәл емес.Танымдық
белсенділігі жеткіліксіз,ол баланың тез шаршауымен тежелгіштігімен сипатталады.Бұл
балалар есептін шартың,диктанттық түрде айтылған сөйлемдерді есіне сақтай алмайды,
зейіндерін тапсырмаға бағыттай алмайды, мектеп тәртібіне бағына алмай қалады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі
балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі
білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының
деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны
меңгеруге ұзынырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш,
негізгі орта және жалпы білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. Жалпы білім беретін
мектептің ерекше білім беруге қажеттіліг бар, оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл
180
аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған
білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Ерекше білім беру қалыпты дамыған құрдастарымен бірге оқитын ерекше балалар үшін
білім беру нәтижелерінің мақсаты мен оны түсінудегі өзгерістерді неғұрлым толық көрсетеді.
Білім беру нәтижелерін бағалауды өзгерту бағыттарының бірі даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім берудегі жаңа мақсаттарды қалыптастыратын құзыреттілік тәсілдемесі болып
табылады.
«Құзыреттілік тәсіл» түсінігі оқыту процесінің тұлғада басты және пәндік құзыреттерді
қалыптастыру мен дамытуға бағыттылығын білдіреді. Оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыру тек жаңартылған білім мазмұнын ғана емес, сондай –ақ оқытуды тиімді әдістері
мен технологияларын іске асырумен байланысты.
Әр оқушының дайындық деңгейін, оқытудағы жеке прогресін өлшемшарттық бағалау
жүйесінің көмегімен анықтау білім алушының оқуға талпынысын ғана емес сонымен қатар
мектептегі білім беру процесінің сапасын да арттыруға ықпал етеді. Бағалау жүйесі білім беру
жетістіктерді объективті көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге білім беру процесінде осындай
білім алушыларды психологиялық- педагогикалық қолдаудың одан әрі жасайтын қадамдарын
жоспарлау үшін негіз болып табылады. Инклюзивті ортада оқу жетістіктерін бағалаған кезде
білім алушының психикасына мұқият болған жөн, оларға жарақат келтіруі мүмкін
жағдайларды болдырмау керек, ерекше білім беру өажеттіліктері бар балалрды дамытудың
психофизикалық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Осылайша, инклюзивті ортадағы өлшемаралық бағалау ерекше білім беру қажеттіліктері
бар балалардың денсаулығын сақтау мен табысты әлеуметтендіруді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: