25
бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін
пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы
ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады.
Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында
бекітіледі. Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады – есту, көру, ақыл-ой
дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс
аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың
балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық
сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып
оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін сыныпта есту қабілеті бұзылған баланы оқытатын мұғалім:
баланы бірінші партаға отырғызуға;
оған арқасымен бұрылмауға;
балаларға қарап тұрып, сұрақтарды анық қоюға; есту аппараттарының жұмыс күйін
тексеруге;
сөйлеп отырған баланың бет әлпетін көру үшін оған артына қарауға рұқсат беруге;
оқу материалын толық және терең түсіндіру мақсатында көрнекілікті кеңінен
қолдануға тиіс.
Сабақта оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды сезінетін оқушылар үшін
жалпы дамытушы және пәндік бағыттылық сынды білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру
бойынша жеке және топтық түзету сабақтар ұйымдастырылады. Түзету-дамытушылық
жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін оны іске асыру тәсілдері анықтаудың бастапқы
принципі диагностика бірлігі мен түзетуді дамыту болып табылады. Түзету-педагогикалық
ықпал етудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдау оқу бағдарламасын меңгеру барысында
балаларда пайда болатын қиыншылықтардың себептерімен анықталады. Жеке және топтық
түзету сабақтарының мазмұны қандай да бір дағдымен «немқұрайлы қарау» сынды формалды
механикалық тәсілді жою керек. Баланың жалпы дамуы үшін жағдай жасау қажет. Сонымен
қатар:
көп санды балалармен түзету сабақтарын өткізуге;
жаңа пән бойынша, сонымен қатар, оқу жоспарына енгізілген пәндер бойынша
сыныптың барлығымен сабақ өту үшін түзету сабағына бөлінген сағатты
пайдалануға;
қатарлар арасында түзету сабағына бөлінген сағаттарды қайта бөлуге жол
берілмейді.
Түзету жұмыстарының нәтижелілігі баланың оқу қызметін қалыптандыру деңгейімен
және оқытудың табыстылығымен анықталады Емдеу-сауықтыру жұмысы қарастырылып
отырған санаттағы балалардың дамуын қалыпқа келтіру үшін үлкен маңызға ие. Бұл бас
миының функционалды жеткіліксіздігі психофизиологиялық даму қарқынының бәсеңдеуінен
ғана емес, психоневрологиялық және соматикалық жабырқаушылықтан да пайда болатынын
көрсетеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушылар үшін түрлі инфекцияға қарсылықтың
төменділігі, аллергиялық реакциялар, баланың ішкі орган ауруларының созылмалы түрге
бейімділігі көрсетілетін вегетотамырлы дистония, зат алмасу процесінің бұзылу сипаттары тән
болып табылады. Сондықтан көпшілік балалар үнемі педиатр, невропатолог, психиатрдың
бақылауына және қайта-қайта емдеуіне мұқтаж болады. Әсіресе осындай көмек аз қамтылған
отбасы оқушыларына қажет. Псхикалық дамуы тежелген балалардың тілі жас ерекшелік
нормасынан кеш қалыптасады және үнемі ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: