Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНЫҢ АУЫТҚУ СЕБЕПТЕРІ



Pdf көрінісі
бет187/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МІНЕЗ ҚҰЛҚЫНЫҢ АУЫТҚУ СЕБЕПТЕРІ 
 
Сарбупина Өрік Төкенқызы, 
Алға мектеп-гимназиясының педагог-психологі 
 
Кіші  мектеп  жасының  басталасы  мектепке  жаңадан  түсумен  сипатталады.  Қазіргі 
уақытта  кіші  мектеп  жасының  шегі  6-7  жастан  9-10  жасқа  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл 
кезеңде  баланың  мектептегі  жүйелі  оқуын  қамтамасыз  ететін  физикалық  және 
психофизиологиялық дамуы ары қарай жүреді. Фибиологтардың мәліметі бойынша, 7 жаста 
үлкен жарты шардың қабығы біршама дәрежеде толықталып қалған. 
Ең алдымен бас миының және жүйке жүйесінің жұмысы дұрысталады. Бірақ  біршама 
маңызды  болып  таблатын,  яғни,  психикалық  іс-әрекеттің  күрделі  формаларының 
бағдарламасын  реттейтін,  адамның  бас  миының  спецификалық  бөлімдері  бұл  жастағы 
балаларды  әлі  қалыптасып  бітпеген,  осының  салдарынан  қабық  асты  құрылымға  қабықтың 
реттеуші функциясы жеткіліксіз әсер етеді. Қабықтың реттеуші функциясының жеткіліксіздігі 
бұл  жастағы  балалардың  мінез-құлық  ерекшелігінде,  іс-әрекетін  ұйымдастыруда, 
эмоционалды сферасында кездеседі, сондықтан да, кіші мектеп жасындағылар тез айналғыш, 
бір нәрсеге ұзақ көңіл бөле алмайды, қозғалғыш эмоционалды. 
Сонымен қатар, мектеп жасының басталуы екінші кризистік кезеңмен сай келеді, яғни, 7 
жастағы  болатын  (бала  ағзасында  дененің  күрт  өсуімен  пайда  болатын  бірден  эндокринді 
жылжулар  болады)  ішкі  ағзаның  өсуі,  вегативті  қайта  құрулар  жүреді.  Бұл  балалардың  іс-
әрекетін қатынас жүйесіндегі кординалды өзгерулер үлкен күшті талап ететін ағзаның барлық 
жүйелерімен функциаларының құрылу кезеңімен сай келеді. 
Кіші мектеп жасындағы әр балада психофизиологиялық дамудың тепе-теңсіздігі көрініп 
отыр. Мектептегі оқудың басталуы бал дамуының әлеулеттік жағдайының түпкілікті өзгеруіне 
алып  келеді.  Ол  енді  «қоғамдық»  субъект  және  оның  белгілі  бір  міндеттелісі  бар,  оны 
орындауда қоғамдық баға алады. 
Баланың  барлық  өмірлік  қатынасы  қайта  құрылады  және  олардың  көбі  осы  жаңа 
талаптарды  қаншалықты  тиянақты  орындай  алуымен  анықталады.  Кіші  мектеп  жасындағы 
балалардың  негізгі  әрекеті  -  оқу  әрекеті  болып  табылады.  Ол  осы  кезеңдегі  балалардың 
психикалық дамуындағы маңызды өзгерістермен анықталады. Оқу әрекетінде психологиалық 
құрылымдардың  қалыптасуы  кіші  мектеп  жасындағылардың  дамуындағы  біршама 
жетістіктерді сипаттайтын және келесі жас кезеңдерін қамтамасыз етететін фундамент болып 
табылады. 
Бала  мектепке  түскеннен  кейін  оның  әлеметтенуінің  шешуші  факторы  оқу  әрекетінің 
меңгеру болып табылады және мұнымен қатар оқушы жекелік өзара қатынасқа да түседі. Бұл 
«әлеуметтенудің  жабық  бағдармаласы»  деп  аталады  (Бернс  Р.)  Осының  негізінде  баланың 
эмоционалды  және  әлеуметтік  өмірі  дамиды,  оның  өсуі  туралы  көзқарасы  қалыптасады. 
Бастауыш мектеп оқушысы бұл қарым-қатынас дағдыларын белсенді меңгеруші амал. 
Бұл  кезеңде  достық  қатынасты  интенсивті  қалыптастыру  жүреді.  Бұл  жас  кезеңінде 
қатарластары мен әлеуметтік өзара іс-әрекет дағдыларын меңгеру және достар табу маңызды 
болып табылады (Раттэр М.1987). Бірінші сынып оқушысының өзін үлкенмін, жауаптымын 
деп  сезінуі  және  үлкендердің  оны  оқушы  ретінде  қабылдауы  оған  қатты  ұнайды.  Әрине, 
мұндай  жағдай  баланы  албивалентті  уайымдауға  алып  келеді.  Бұл  -  ата-ананың  дегенінен 
шығу  және  жаман  оқушы  болып  қаламын  деп  қорқу.  Мұндай  қарама-қайшылықтар 
фрустраияны тудырады. Бірақ бала өз ойына жетпеген жағдайда конфликт туады. Бала үшін 
өзін  ұстай  алмаушылығын  сезіну  -    өзін  лақтырумен  тең.  Баланың  жетіссіздікке  реакциясы 
адекватты  елес  сипат  асады:  бала  кінәні  өзінен  емес,  басқадан  іздейді.  Өкпелегіштік 
аффективті мінез-құлықтын белгілі бір формасы, яғни, бала кінәлі төмен баға қойған мүғалім, 
кінәсіз жазалаған ата-ана, мазақтаған сыныптастары деп түсінеді. 
Мұндай - оқушылармен, яғни бұйрық, өкпелегіш тік немесе мазасыз, кез-келген нәрсені 
ауыр қабылдайтын балалармен педагогтар қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Сондықтан 


274 
 
да психолог мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылардың негізгі себебін талдап алу 
қажет. Педагогтарды әртүрлі әлеуметтік статустегі басқаларға берген сипатталаларды талдау 
изоляцияланған балаларды педагогтардың өзі де жақсы көрмейтіндігін көрсетті (Колойинский 
Я.Л.1969). 
Яғни,  бұл  -  мұғалімдердің  ерікті  немесе  еріксіз  түрде  балалардың  сыныптағы 
изоляциялануына  түрткі  болады  деген  сөз.  Жалпы  эмоционаолды  реакцианың  пайда  болу 
сипаты.  Темперамент  типімен  байланысты  болып  келуі  мүмкін.  Сонымен,  эмоционалды 
үйлеспеген балалардың негізгі топтарын атап өтейік: 
1.  агрессивті  балалар,  әрине  кез-келген  баланың  өмірінде  агрессияның  пайда  болған 
кездері болды, бірақ біз бұл жерде агрессяияның пайда болу дәрежесін, әрекеттің ұзақтығын 
және аффективті мінез-құлықты шақырған түрлі белгісіз себептердің сипатына көңіл бөлеміз; 
2. Эмоционалды ауытқыған балалар. Бұл типке жататын балалар барлық нәрсеге шектен 
тыс  қатты  тітіркенеді:  егер  олар  таңқалса,  нәтижесінде  экспрессивті  мінез  құлық  бүкіл 
сыныпты алып кетеді; егер олар қиналса олардың жылауының дыбысы қатты болуы мүмкін; 
3.  шектен  тыс  ұялшақ,  жараланғыш,  өкпелегіш,  нәзік,  мазасыз  балалар.  Олар  өз 
эмоциаларын сыртқа шығарудан қорқады, өзіне көңіл аудартқаннан қорыққаннан өз мәселесін 
уайымдайды. 
Аталған 3 топқа да тән нәрсе - олардың адекватты аффективті реакциалары. Осыған орай, 
мысалы ретінде Л.Л. Шанның суреттеемесін алайық: 
«Менің  жанымда  кішкентай  әдемі  қыз  ұстаған  бір  еркек  кісі  отырды,  оның  жанында 
кішкентай бала тұрды, ол қайтадан суға түскісі келетінін, әкесінің доп алып беруің талап етіп, 
қыңқылдап  тұрды.  Кетіп  бара  жатып,  бала  көзінің  әкесінің  тізесіне  қадалып  тұрғанын 
байқадым. 
Ары  қарай  кітап  авторы  мынандай  қорытындыға  келеді:  «бала  ойыншықты  немесе 
бассейінге барғысы келіп тұрғандығынан елес, ол өзінің қынқылымен әкесінің көңілін өзіне 
аудармақшы,  бала  қарындасы  сияқты  еркелікке,  махабатқа  құқығы бар  екендігін  көрсеткісі 
келіп тұр. 
Қарастырылып  отырған  бұл  жағдайдан  біз  балада  -  белгі-бір  қажеттілік  болғанын 
көреміз.  Сондықтан  да  кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың  мінез-құлқының  үйлеспеу 
себептерін түрлі диагностикалық тәсілдер арқылы ашамыз. Олар - бақылау әңгіме, проективті 
методикалар,  мысалы  «Отбасы  суреті»;  аяқталмаған  сөйлемдер,  әңгімелер  т.с.с.  Ол  ата-
аналармен  Л.С.Спиваковсканың  суреттеуінше  «менің  баламның  суреті»;  «мен  ата-ана 
ретінде»; т.с.с әдістер қолданылады. Сонымен қатар балалардың эмоционалды бұзулыуының 
пайда  болу  себебіне,  оны  білуге  ата-аналардың  балаларына  әсері  отбасылық  тәрбиесі 
мүмкіндік береді. Психологияда дұрыс тәрбиелеудің 4 типі көрсетілген (Гарбузов Б.И.1990, 
Захаров Л.И. 1986, Спиваковская Л.С.1988): 
1. Қабылдамау - бұл анық және анық емес болуы мүмкін. Анық қабылдамау - баланың 
туылуы  қажет  болмаған  жағдайда  көрінеді.  Анық  емес  қабылдауды  білу  қиынға  соғады, 
өйткені баланы бір көргенде ол қажетті сияқты, бар көңіл бөлінетін сияқты, бірақ оған, яғни 
балаға  рухани  қарым-қатынас  жетіспейді.  Ата-ананың  баланы  керексіз  деп  табуы,  баланың 
айналасында  вакуум  туғызады,  ол  эмоционалды  вакуум  болып  табылады.  Отбасындағы 
мұндай жағдайдан, яғни қарым-қатынастан балада агрессивті, жабық, шектен тыс көңіл қалуы, 
өкпелегіштік туады. Бұл балада өзіне-өзі кінә тағушылықты туғызады. Қабылдамау баланың 
өзіне, өз күшіне сенбеуіне әкеліп соғады. 
2. Гиперәлеуметтік тәрбие. Мұның себебі ата-ананың дұрыс емес бейімделуінде. Бұл 
қатты  «дұрыс  адамдар»,  яғни  идеалды  тәрбиенің  барлық  кеңестерін  дұрыс 
орындаушылар.Мұндайотбасындағы балалар бағдарланған сияқты, тәртіпті және орындағыш. 
Олар өзінің эмоциаларын жабуға, тілегін білдіртпеуге тырысады. Мұндай тәрбиенің негізінде, 
күшті  кінәләу,  күшті  агрессивті  реакция,  психожарақаттықнемесе  жабықтық,  эмоционалды 
суықтық нәтижесіндегі өзіндік агрессия пайда болады. 
3.  Мазасыздық  тәрбие.  Бұл  баланың  туылуымен  пайда  болатын  баланың 
денсаулығының мазасызданушылық. Мұндай тәрбие негізінен жалғын баланың өсуінен, әлсіз 


275 
 
немесе кеш болған балалы отбасыларда байқалады. Мұндай жағдайда бала шешімсіз, нәзік, 
өкпелегіш, өзіне сенбейтін болуы мүмкін. 
4. Қабылдаудың эгоцентристік типі - ұзақ күткен немесе жалғыз балада өзін жоғары 
болады,  яғни  «бала  кумир,  ата-анасының  өмірінің  мәні».  Нәтижесінде  бар  ол  басқалардың 
қызығуын қабылдағысы да түсінгісі де келмейді. 
Сонымен  біз  эмоционалды  үйлеспеудің  бір  факторы  болып  табылатын  «отбасына» 
тоқталдық.  Ендігі  әсер  ететін  нәрсе  мұғалімдердің  даралық  және  жас  ерекшеліктерді 
ескермеуі, оқушылардың түрлі түрдегі дидоктегияның негативті жағдайдың мүғалімдік дұрыс 
емес  қатынасы  оқушылық  фоббидың  пайда  болуына  әкеліп  соғады.  Осы  себептерден  бала 
мектепке барудан, тақтаға шығып жауап беруден қорқады. 
Сондай-ақ оларға психологтың да әсер етуі мүмкін. Балалар арқылы яғни өз пациенттері 
арқылы тез нәтижеге жеткісі келетін олар бала жанында дисколфорт туғызады: бала өзінде 
психикалық  ауытқу  бар  деп,  қатерлене  бастайды.  Сонымен,  кіші  мектеп  жасындағы 
балалардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын негізгі факторлар: 
1. Табиғи ерекшеліктер, яғни темперамент түрлері: 
а) сангвиник  
ә) холерик; 
б) флегматик 
в) мелонхолик. 
2. Әлеуметтік фактор; 
а) отбасы тәрбиесі; 
ә) мұғалімдердің тәрбиесі; 
б) мектеп психологының әсері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет