Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА



Pdf көрінісі
бет188/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР  
 
Сариева Райхан Базаровна
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебі 
                                          
Адамзат  техниканың  қарқынды  дамуы  арқасында  жаңа  дәуірге  аяқ  басты, 
Компьютерлер, Интернет, спутниктік теледидар, мультимедиа біздің өмірімізге шапшаң еніп 
үлгірді.  Компьютерлік  технологиялардың  дамуы  қоғамды  жылдам  өрістеп  жатқан 
интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудың ауқымды проблемасымен бетпе-
бет келтіріп отыр. Бұл проблема тіршілігіміздің барлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, 
білім беру қызметін де, өндірісті де түгел қамтиды. Ақпараттық және басқа да инновациялық 
технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай 
туындауда. Бірақ біз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз 
керек. Ол - жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық және 
сенсорлық даму деңгейлері бойынша бір текті еместігі. Мектеп алдында мынадай міндет тұр: 
оқушылардың,  соның  ішінде  денсаулық  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ойдағыдай 
әлеуметтенуі  үшін  бірқатар  біліктілік қабілетін  қалыптастыру.  Ерекше  білімді  қажет  ететін 
балаларды  қатарға  қосу,  әлеуметтендіру  үрдісін  дұрыс  ұйымдастырып,  түрлі  әлеуметтік 
кедергіге  қарсы  тұра  алатын  тұлғаны  қалыптастыруда  заманауи  технологияның  барлық 
мүмкіндігін пайдаланамыз. Қазіргі уақытта  білім беруде  интерактивті құралдар мен белгілі 
жазушылардың түрлі әдістемелік нұсқаулықтары да кеңінен қолданылып жүргені баршамызға 
аян. Соның  ішінде  М.Монтессори,  В.В.Воскобович,  Маасару  Ибука,  Вольдорф  мектебінің 
әдістемелері кеңінен қолданылып келеді. 
Баланың  жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой  -  өрісінің 
кеңеюі  балабақша  қабырғасында  басталатыны  сөзсіз.  Ерекше  білімді  қажет  ететін 
оқушылардың  танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық 


276 
 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  түзете  дамыту  сабақтары  өткізіледі.  Ерекше  білімді  қажет 
ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие 
жұмысының  нәтижесінде  оқушыларды  қоғамдық  өмірге  бейімдеу,  сонымен  қатар  зейінін 
қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін 
дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі 
заманауи  технологияларды  қолданып  келеді.  Соның  ішінде  ең  көп  кездесетін 
технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б.  
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, 
топта  да,  жеке  де  жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз  уақытын  ұйымдастыра 
білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 
Бұл  әдістің  мақсаты  -  балалардың  табиғи  мінезін,  қабілетін,  тәрбиешінің  нұсқауымен 
емес,  өз  еркімен  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу.  «Өзімнің  жасауыма  мүмкіндік  бер»дейді 
мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу  бұл  әдісте  мүлдем  жоқ.  Ұйымдастырушысы 
балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 
3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің 
кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала 
қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. 
Еркін  жұмыс  жасау  барысында  жетістігін  өзі  көріп,  қатесін  де  өзі  жөндеуі  -  ішкі  дүниесін 
тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет