Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет217/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
–  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 
анықталады. 
– Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
– Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
– Барлық адам бір-біріне қажет. 
– Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. – Әрбір 
бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 


311 
 
– Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Елбасының  қолдауымен  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларға  мемлекет 
анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі 
түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген 
ынтасының  артуы  мүмкін.  Сондықтан,   ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың 
тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне 
шуақ, келешегіне қанат бітіру – адамзаттың парызы. Осыған орай еліміздің әр аумақтарында 
психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеті  ашылып,  талай  ата-ананың  көңіліне  демеу, 
қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім. 
Күннен күнге халқының саны өскен Астана үшін балаларға арналған түзету кабинеттері 
жетіспейді.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  барбалаларды  қоғамға  бейімдейтін,  әртүрлі 
дағдыларды оқытуға және оларды сауықтыруға қажетті құрал-жабдықтары бар кабинеттерді 
ашу өзекті болып тұр. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша 
психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеттерін  (ППТК)  ашу  қажеттілігі  54  бірлікті 
құрайды. Жыл сайын арнайы психологиялық-педагогикалық түзету қызметіне жүгінетін бала-
лардың қатары артып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет