Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет78/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Айдарбекова А.А. Ермекбаева Л.Х. Дербисалова Г.С. Самигулина  
2.  Формирование социальной компетентности детей с ограниченными возможностями, 
обучающихся 
в 
инклюзивной 
(интегрированной) 
среде. 
Методические 
рекомендации. Алматы, 2015, 59 с.  
3.  Елисеева  И.Г.,  Чумакова  О.Ф.  Профессиональное  сопровождение  педагогов 
общеобразовательных  школ,  реализующих  инклюзивную  практику.  Методические 
рекомендации, Алматы, 2015 г., 
4.  Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М.1973 г.  
 
 
 
 
 
 
 


119 
 
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Ермагамбетова Камшат Касымовна
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің 
информатика пәні оқытушысы 
 
Бүгінгі  ақпараттандыру  заманында  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
мәселесі  білім  берудің  ең  жоғарғы  мақсаттарының  бірі  болып  отыр.  Информатикадан 
сыныптан  тыс  жұмыстар  компьютер  мен  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
мүмкіндіктерін  беретін  пәнаралық  байланыс  түрінде  ұйымдастырылады.  Компьютерді 
қолданып  басқа  пәндерден  сыныптан  тыс  шаралар  өткізу  оқушылардың  дүниетанымы  мен 
қызығушылықтарын  арттыра  түседі.  Себебі,  оқушылар  ақпараттық  технологиялар 
мүмкіндіктерімен  жұмыс  жасауда  өздеріне  қажет  мағлұматтарды  өз  бойларына  игеріп, 
шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Ақпараттық  технологиялар  мектеп  пен  ақпараттық 
қоғамды өзара байланыстырады. Оқушылар ақпараттық технологиялар туралы нақты білімге 
негізделе  отырып,  олардың  ғажайып  сырларын  ашады,  ал  аталған  технологиялар 
оқушылардың білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады, ақпараттық қоғамға, өз еліне 
аз  да  болса  пайда  келтіруге  ынталандырып,  ақпараттық  технологиялар  жайлы  түсінігін 
кеңейтеді. 
Ақпараттық  технологиялар  оқушылардың  сабақтан  немесе  оқулықтан  дайын  білімді 
алуын  ғана  емес,  сонымен  қатар  мұғалімнің  басшылығымен  оқушылардың  өзіндік 
жұмыстарын, ізденіс-зерттеу әдістерін қамтиды. Бүгінгі таңда жас ұрпақты шығармашылық 
қабілеті  дамыған  тұлға  етіп  тәрбиелеуде  және  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапасын  арттыруда 
сабақтан тыс жұмыстар мен үйірмелердің де маңызы зор. Олар оқушының жеке тұлға болып 
қалыптасып,  жан-жақты  білім  алуының,  шығармашылық  қабілетінің  дамуының  негізгі 
жолдарының бірі. 
Кез–келген  дамыған  өндіріс  қазіргі  таңда  шығармашылықпен  жұмыс  жасауды  талап 
ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті 
ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. 
«Шығармашылық»  ұғымы  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  Орта  білімді  дамыту 
тұжырымдамасында:  «Шығармашылық  —  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді 
шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет». 
Информатика  курсы  бойынша  жүргізілетін  дәстүрлі  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлеріне: 
үйірме,  факультативтік  курстар,  экскурсия,  олимпиада,  әртүрлі  қызықты  кештер  мен 
сайыстар,  ғылыми  жұмыстарды  жатқызуға  болады.  Оқушылардың  информатика  пәніне 
қызығушылығын  арттыру,  ой-өрісін  және  танымдық  қабілетін  дамыту,  шығармашылыққа 
баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру 
мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. 
Бүгінгі  ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруге  лайық,  жан  —  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  үшін  мектепте  оқытылатын  пәндер  бойынша  оқушының  шығармашылық 
қабілетін  дамытатын  әртүрлі  сабақтан  тыс  жұмыстар  ұйымдастыру  қажет  екені  белгілі. 
Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың 
бірі  —  оқушылардың  үйірме  жұмысын  ұйымдастыру  болып  табылады.  Информатика  пәні 
бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы 
деуге  болады.  Бұл  мәселе  оқушылардың  түрліше  ойлау,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуда маңызды рөл атқарады. 
Біріншіден,  информатика  пәнінен  өткізілетін  үйірме  жұмысының  мазмұны  мен 
құрылымын  анықтау  алдыңғы  кезекте  қарастырылатын  негізгі  мәселе  болып  табылады. 
Екіншіден, информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың құрылымына 
дамытушы компоненттерді енгізу тәсілін анықтау қажет екені көрінеді. Сабақтан тыс кездегі 


120 
 
информатикадан  шығармашылық  қабілеттіліктің  даму  тәсілдері  осы  салада  жинақталған 
педагогикалық  тәжірибеге,  нақты  педагогикалық  материалдарды  ұйымдастыруға,  оқыту 
тұжырымдамасына,  дидактикалық  принципке  байланысты  екені  көрініп  тұр.  Осы  саладағы 
жүргізілген  зерттеулерден,  біріншіден,  оқушының  шығармашылық  қабілетінің  тайыздығы 
немесе мүлдем жоқтығы, екіншіден   шығармашылық қабілеттіліктің даму қорытындысы мен 
оған педагогикалық тұрғыдан әсер етудің арасындағы қиыншылық байқалады. Информатика 
пәнінен  оқушыларды  үйірме  жұмыстарына  бейімдеу  ақыл-ойды  сатылап  қалыптастыру 
теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарын қанағаттандыратын 
оқу жұмысына қол жеткізуге болады.Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының 
жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат 
ағымында  дұрыс  бағдар  жасап,  тиімді  шешім  табуына  қажет  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  таңдап  алу  және  оларды  қолдану  қабілеттілігін  қалыптастыруда 
информатика пәнінің маңызы зор. 
Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  демократиялық  өзгерістерге  сәйкес  компьютерлік 
техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын 
оқытуға  қойылатын  талаптар  күн  сайын  ұлғаюда.Сыныптан  тыс  жұмысты  жоспарлауды 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудан бастау қажет. 
Сабақ  барысында  ұжымдық  шығармашылықтың  қалыптасуы  үшін  оқушылардың 
міндеттерін көрсетсек: 
  өзіндік пікірлерін дәлелдеу; 
  пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет; 
  өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы; 
  жолдасының жауабына пікір айту; 
  сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмыстарын бағалау; 
  үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу; 
  үлгермеушілерге түсініксіз материалдарды түсіндіру; 
  өз бетімен қиын тапсырмаларды таңдау; 
  танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету; 
  өзіндік  бағалауға  жағдай  туғызу,  өзінің  танымдық  және  практикалық  әрекеттерін 
талдау; 
  танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау. 
Шығармашылық  сипаттағы  сабақтар  түрлерін  жүйелі  ұйымдастыру  арқылы 
оқушылардың  танымдық  белсенділігі  қалыптасып,  оқушы  үшін  маңызды  жақтары 
төмендегідей: 
  оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасады; 
  сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді; 
  кітаптармен,  көркем  және  ғылыми  әдебиеттермен,  баспа  материалдарымен  жұмыс 
жасау біліктерін қалыптастырады; 
  ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға 
үйренеді; 
  оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді; 
  өз әрекеттеріне сын тұрғысынан қарауға; 
  тұжырым жасап қорытындылауға; 
  оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенмділіктері 
артады. 
Бұл ретте оқытушының біліміне қойылатын талаптар: 
  өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуге; 
  оқушы дарындылығының моделін білу
  қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу; 
  оқушыны  оқыту,  тәрбиелеу  үрдісінде  үлгерімге  ғана    көңіл  бөлмей  оның  басқа  да 
көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу; 


121 
 
Әр  баланың  бойындағы  шығармашылық  қабілеттері  оқу  әрекетінде  көрінеді.  Оқу  іс-
әрекетінде  мұғалім  мен  оқушы  тығыз  байланыста  болуы  керек.  Ал,  оқушының  қабылдау 
түйсігі мәтін, видео, анимация, графика, дыбыс элементтері  арқылы  қалыптасады. Ол үшін 
мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерін 
ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал, оқушы өз 
тарапынан  белсенділік,  дербестілік  көрсетуі,  өзіне  деген  сенімдігі  арқылы  шығармашылық 
әрекетті қалыптастыра алады. 
Информатикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың білім, 
білік,  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  тұлға  ретіндегі  танымдық  белсенділіктерін 
арттырудың және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызы зор. 
Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар 
арқылы оқыту  оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды 
өз бетімен ізденуге де  ұмтылдырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет