Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет81/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Ершекенова Мейрамгул Пермуханбетовна
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі 
 
Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, 
өкінішке  қарай,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  өзекті  мәселе  күйінен  түспей  тұр. 
Олардың  қатары  жыл  сайын  өсіп  жатқандықтан,  жарымжан  балаларға  білім  беру  жүйесін 
жетілдіру қажет. Мәселен, 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 150 мыңға 
жеткен. Оның тек 38 пайызы ғана арнаулы білім бағдарламасымен қамтылыпты. Республика 
бойынша 101 коррекциялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы 
сыныптарында 24 мың бала білім нәрімен сусындауда. Ал жалпы білім беретін мектептерде 
56 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар оқып жүр. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере 
отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Сондықтан мамандар елімізде 
инклюзивті  білім  беруді  дамыту  қажет  екендігін  алға  тартады.  Осы  мақсатта  Білім  беру 
жүйесінің  басшы  және  ғылыми  -  педагогикалық  кадрлары  біліктілігін  арттыратын 
республикалық институтта бас қосқан педагогтар, мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді 
талқыға салып жатыр. 
Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық 
және  психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі.  Десекте   қазіргі  таңда   әр 
оқушыға  жеке  тұлға  ретінде  қарап,  саналы  тәрбие   сапалы  білім  беру  өмір  талабы  болып 
табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас 
ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі 
балаларға  білім  беруді  қолдау  негізінде  жалпы  білім  беретін  мекттептерде  түзете-дамыта 
оқыту сыныптары біртіндеп  ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше 
оқушыларды  бір  сыныпқа  топтастырып,  әр  оқушыға  жекелеп  сыныбы  мен  оқу 
бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары 
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет