ОБЛЫСТЫҚ ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ
www.oraloniri.kz
Сенбі,
9 мамыр 2015 жыл
№55 (20136)
+ 15
0
С
+ 6
0
С
Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
oral_oniri@inbox.ru
Орал өңірі
мозайкасы
Жаңалықтар
«Такси City» компаниясы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы-
на орай биылғы 9 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне Орал
қаласы аумағында так-
си қызметін тегін ұсы-
нады.
Бұл қызметті олар күніне
бірнеше мәрте және ғұ-
мыр бойларына көре ала-
ды. Осы қайырымдылық
шарасына Орал қалалық
әкімдігі мен «Орал» әлеу-
меттік-кәсіпкерлік корпо-
рациясы,
«Такси
City»
компаниясының бас дирек-
торы, жерлесіміз Мәди Қыз-
дарқұлов ұйытқы болған.
Тегін такси
Облыстық арда-
герлер кеңесі барлық
соғыс ардагерлері мен
тыл еңбеккерлерін Ұлы
Жеңістің 70 жылдығымен
құттықтайды. Сіздердің
майдандағы өшпес
батырлықтарыңыз
бен Жеңісті жақындату
үшін жасаған тылдағы
қажырлы еңбектеріңіз
ұрпақтар жадында
жаңғырып тұрарына
сенеміз. Жеңіс мерекесі
құтты болсын! Сіз-
дерге зор денсаулық,
отбасылық бақыт,
қажымас қайрат тілей-
міз.
Облыстық
ардагерлер кеңесінің
төрағасы
М. МҰХАМБЕТОВ
Құрметті Ұлы Отан соғысының
ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жеңіс
күні – Ұлы мереке. Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін бейбіт аспан ас-
тында өмір сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз.
Қасиетті топырағымыздың 1 миллион 800 мыңнан астам ұлдары мен қыздары шайқасты.
Миллиондаған адам бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін беріп, бел шешпей еңбек
етті», – деп атап көрсетті.
Ағымдағы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.
Сұрапыл майдан даласына 76 мыңнан астам жерлесіміз аттанып, олардың тең жартысы
елге оралмады. Жүз мыңдаған әйел, бала және қариялар зауыттар мен егіс алқаптарында бел
жазбай, еңбек етті.
Елге ұйытқы, жас ұрпаққа ақылшы болып отырған ардагер аға-апаларымызды құрмет-
теу баршамызға ортақ борыш деп білемін. Сондықтан да біз ардагерлерімізге сый-құрмет
көрсетіп, барлық жағдайды жасауымыз қажет.
Біз осындай қайсар халықтың ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз!
Құрметті ардагерлер!
Біз Сіздердің Отан қорғау жолындағы ерен ерліктеріңіз алдында бас иеміз. Сіздерге зор
денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен тағы да құттықтай келе, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр,
қажымас қайрат, мамыражай тірлік, ырыс-береке тілеймін! Лайым, еліміз тыныш, жұрты-
мыз аман болсын!
Игі тілекпен,
Батыс Қазақстан
облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ
Таяуда, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ба-
тыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Қараманов ІІ
дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
Орденмен марапатталды
2
oral_oniri@inbox.ru
АҚПАРАТ
Сенбі, 9 мамыр 2015 жыл
Қ
ымбатты
отандастар!
Құрметті сардарлар мен
сарбаздар! Отан қор-
ғаушылар күні және Ұлы Отан
соғысының 70 жылдығы барша-
мызға құтты болсын! Біздің әс-
керіміз ұлан-ғайыр даламыздың
әр сүйем жерін қапысыз қорғауға
қабілетті. Біз бабаларымыздың ер-
лік жолын қастерлеп, елдік жо-
лын жақтаған ұрпақпыз. Қанымыз-
ға сіңген қастерлі борышты ан-
тына адал ерлеріміз қазір де абы-
роймен атқаруда. Ер-азамат үшін
туған жердің тұтастығын, туған
елдің тыныштығын күзетуден ас-
7 мамыр мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 70 жылдығына арналып астанадағы «Қазақ елі» алаңында өткен әскери шеруде
ҚР Президенті, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев
барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
қан абырой болмаса керек! Сіз-
дердің қызметтеріңіз ел тәуелсіз-
дігінің және халқымыздың бола-
шақ сенімінің кепілі.
Біз 20 жылдығын атап өтіп жат-
қан Ата Заңымыздағы алғашқы
сөздер «Біз Қазақстан халқы» деп
басталады. Бұл – көпұлтты халық
бірлігінің баянды формуласы.
Біз ең басты құндылықтарымыз-
ды мәңгілік сақтауымыз керек. Бұ-
лар: тәуелсіздік, бейбітшілік жә-
не қоғамдағы тұрақтылық. Бар-
лық мемлекеттік институт пен әр-
бір қазақстандықтың парызы осы
құндылықтарды қорғауда болуы
Әсерлі өткен
әСкеРи шеРу
тиіс. Оны қорғаушылардың бірін-
ші қатарында біздің даңқты Қару-
лы күштеріміз тұр. Жоғарғы Бас
қолбасшы ретінде мен еліміздің
әрбір әскери қызметкеріне үндеу
жасаймын. Сіздерге жоғары мис-
сия жүктеледі. Ол – Қазақстанның
тәуелсіздігін және біздің азамат-
тарымыздың тыныштығын қорғау.
Осынау қасиетті борыштарыңыз-
ды абыроймен атқарыңыздар!
Қымбатты қазақстандықтар! Елі-
міздің шебі бүтін, шекарасы берік
болсын. Отанымыз тыныштыққа
бөлене берсін. Мәңгілік еліміз мыз-
ғымас бейбітшілікте болсын. Бай-
рағымыз биікте желбіреп, абыро-
йымыз асқақ болсын. Айбынды ар-
миямыз жасасын! Қазақстан жа-
сасын! Ура!», - деді Н. Назарбаев
сөз соңында.
Айта кетейік, бұл шеруге Қа-
рулы күштеріміздің әскери қыз-
метшілері мен әскери техникасы
рекордтық көлемде тартылған.
Қорғаныс министрлігінің мәліме-
тіне сүйенсек, шеруге 5 000-ға
жуық әскери қызметші, 200 дана
қару-жарақ пен әскери техни-
ка, әскери авиацияның 70 ұшағы
мен тікұшағы қатысты. Сонымен
қатар ҚР Қарулы күштерінің тех-
никасынан тыс, Ұлы Отан соғысы
уақытындағы армия мен қару-
жарақ түрлері де көрсетілді.
Шерудегі жаяу тізбектер легін
армия генералы Сағадат Нұрма-
ғамбетов атындағы “Жас ұлан”
республикалық мектебінің бара-
баншылары ротасы бастады. Олар-
дың соңына ілесе Ұлы Отан соғы-
сы уақытындағы әскери киім үлгі-
сіндегі үш шерулік топ жүріп өтті.
Бұл ретте, бірінші топ Ұлы Отан
соғысы кезінде құрамында біз-
дің жерлестеріміз соғысқан 72
гвардиялық атқыштар дивизия-
сының жауынгерлік туының кө-
шірмесін ұстап өтті.
Салтанатты сапты ҚР Қорғаныс
министрлігінің, Құрлық әскерле-
рінің, Әуе қорғанысы күштерінің
және Әскери-теңіз күштерінің
офицерлерінен құралған шерулік
топтар жалғастырды. Аэроұтқыр
әскерлерінің, теңіз жаяу әскер-
лерінің, бітімгершілік күштерінің,
арнайы мақсаттағы роталар, әске-
ри қыз-келіншектерден құралған
роталар, әскери полиция ротала-
ры да шеруде сап түзеді.
Шеруге қатысатын әскери тех-
никаларға тоқталсақ, тарихи әс-
кери техникалардың тізбегін өз-
дігінен жүріп өтетін «Т-34» танкі,
«ЗиЛ-157» сүйреткен «ЗИС-2» зең-
біректері және «М-30» гаубица-
лары, аты аңызға айналған БИ13
РС-30 “Катюша” техникалары бас-
тады. Сонымен қатар “Максим”
пулеметі, РПД (Дегтяреа қол пуле-
меті), ППШ (Шпагин тапанша-пу-
леметі) де шеруге қатысушылар
назарына ұсынылды.
Заманауи техникалар шеруін
басқарылатын қарумен жарақ-
тандырылған «Т-72Б» танкі баста-
ды. Бұдан өзге, алаңда танктерді
қолдау жауынгерлік машинала-
ры, соңғы жылдары қазақстандық
армияның сапына қосылған жа-
уынгерлік машиналар, “Солнце-
пек” жаяу әскер жауынгерлік ма-
шиналары, «БТР-82» бронетранс-
портерлер, «Д-30», “МСТА” гауби-
цалары, «КамАЗ», автокөліктері
“Тигр” броньды көліктері, “Кор-
ба” жауынгерлік барлау көліктері
және басқа да заманауи әскери
техникалар жүріп өтті.
Шеруде авиашоу ерекше бол-
ды. Майдандық, әскери-көліктік
және армия авиациясының «Су-
25», «Су-27», «Су-30», «МиГ-29»,
«МиГ-31», «МиГ-27», «Ан-26», «Ту-
134», «Ту-154», «С-295» ұшақтары,
сондай-ақ «Ми-8», «Ми-17», «Ми-
171», «Ми-26», «К-32» және «ЕС-
145» тікұшақтары көкке көтерілді.
«Қазақпарат»
«
С
алтанатты шарада аудан әкі-
мі Нұрлан Бекқайыр батыр-
дың есімі ұрпақтардың есін-
де мәңгі қалатынын жеткізіп, ауыл-
дастарды Жеңіс мерекесімен құттық-
тады. Мұнан соң аудан әкімі мен со-
ғыс және еңбек ардагері Жұмат Сәр-
сембиев ескерткішті ашып, гүл шоқ-
тарын қойды. Батырмен ұзақ жыл
қызметтес болған дербес зейнеткер
Шәріп Хайруллин ол жәйлі тағылым-
ды естеліктер тиегін ағытты. Батыр-
дың ұрпақтары игі іске өз ризашы-
лықтарын жеткізді.
Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Жалпақтал ауылы,
Қазталов ауданы
– Ұлы Жеңіс мерекесіне орай
«70 жылдыққа 7 игі іс» атты шара-
ларды қолға алдық. Соған байла-
нысты майдангерлерге, тыл еңбек-
керлеріне арнап конференция, кеш,
фестивальдар өткіздік, жинақтар
шығардық, ескерткіш тақталар ор-
наттық және мұражайда панора-
малық көрініс жасақтадық. Бұл іс-
терге аудан әкімдігі, ардагерлер ке-
ңесі, қоғамдық ұйымдар, мемлекет-
тік мекемелер ұйытқы болды, – деді
аудандық мәдениет, тілдерді да-
мыту, дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы Жақсылық Би-
сенғалиев.
Бұл панорамалық павильонның
авторы – жергілікті суретші Төле-
Батырдың мүсіні
«Жәнібек соғыс жылдарында»
Жәнібек аудандық мұражайында дәл осындай тақырыпта
панорамалық павильон жасақталды.
бек Шұғайұлы. Оның айтуынша, па-
норамада 1942 жылдың күз мау-
сымындағы Жәнібек ауылы бейне-
ленген. Мұрағат деректері бойын-
ша дәл осы уақытта ауылға жау
ұшақтары 500-ден аса бомба таста-
ған. Соның кесірінен 93 жауынгер
мен көптеген ауыл тұрғындары қа-
за болған. Вокзал, су мұнарасы, те-
міржол сынды нысандар отқа ора-
нады. Әуе шабуылынан қорғану
үшін Жәнібекте зенитті-пулемет бө-
лімшесі жасақталған. Панорамалық
павильонда осының бәрі көрініс
тапқан.
Жалпы, Жәнібек ауданынан 3602
адам соғысқа аттанып, оның 2341-і
оралмады.
Сәкен МҰРАТҰЛЫ
мамырдың 7-сі күні
Жалпақтал мәдениет
үйінің алаңында Кеңес
Одағының Батыры ахме-
дияр Хұсайыновтың мүсіні
орнатылды. Шараға ауыл
тұрғындары, батыр ата-
мыздың ұл-қыздары, тума-
туысқандары қатысты.
3
oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 9 мамыр 2015 жыл
еЛ-ЖҰРТ
Зинен Қадыров 1924 жылы қаң-
тардың 21 жұлдызында Сырым
ауданына қарасты қазіргі Шолақ
Аңқаты округінің маңайындағы
Айдар деген жерде дүниеге ке-
ліпті. Тоғызыншы сыныпты аяқта-
ған соң №117 жылқы зауытында
жылқышы болып жұмыс істеген
ол 1942 жылдың тамыз айында
майданға аттанады. Сол кезде
оның жасы 18-ге енді ғана толған
екен. Зинен Қадыров ең алғаш
46-полкке түсіп, Орынбор түбінде
әскери дайындықтан өтеді. Кейін
Белгород, Харьков қалаларын жау-
дан азат етуге қатысқан. Соғыс
аяқталғанша от пен оқтың орта-
сында жүрген Зинен ата сонау
1945 жылдың күзінде Жымпитыға
оралыпты. 1954 жылдан бастап
31 жыл бойы «Правда» газеті
атындағы совхозда Құспанкөл бө-
лімшесінің меңгерушісі қызметін
атқарған. Бүгінде атамыз қалада
өзіне арнайы берілген жайлы
үйде, бала-келіні Бақытжан мен
Бақыттың қолында тұрып жатыр.
10 немере, 21 шөберенің атасы
болған Зинен атаның тілейтіні тек
қана тыныштық. Балаларының ба-
қытына бөленіп отырған ата өзін
мерекесімен құттықтап келгендер-
ді жарқырай қарсы алып, оларға
сұрапыл соғыста өзі куә болған
оқиғалар жөнінде әңгімеледі.
Кездесу соңында мекеме қыз-
меткерлері Мұрат Байменов пен
Қуаныш Шарафутдин және Серік-
қали Канапин соғыс ардагеріне
мерекелік сый-сияпат жасады.
Өз тілшіміз
Ардагерге – сый-сияпат
Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының
ардагері зинен Қадыровтың үйіне барып, мейрамымен
құттықтады.
– Қазақстан Республикасының
Президенті, еліміздің Қарулы күш-
терінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан
Назарбаев: «Тәуелсіздік жылдары
мемлекетіміз кәсіби әскерімізді қа-
лыптастырып, елдің барлық мүд-
десін ескеретін, халықты қорғауға
арналған әскери доктрина қабыл-
дады. Біздің қасиетті жерімізді
әуеде де, жерде де, суда да қор-
ғауға зор мүмкіншілігіміз бар. Қа-
зіргі таңда еліміздің Қарулы күш-
тері сақадай сай, алдарында тұр-
ған міндеттерді әрқашан мүлтіксіз
орындауға дайын болулары қа-
жет. Бұл мемлекеттің Қарулы күш-
терінің алдына қойған басты мін-
деті», – деген болатын. Бүгінгі таң-
да еліміздің қауіпсіздігін қамтама-
сыз ету үшін барлық жағдай жа-
салған. Қайта жаңғыртудан өтіп,
жасақталған, жоғары білімді де
білікті әскеріміз бар. Елбасымыз-
дың Қазақстанды әлемдегі ең да-
мыған 30 елдің қатарына қосу
жөніндегі тапсырмасын орындау
үшін қауіпсіздігімізді қорғаудың
маңызы айрықша. Осы мақсатқа
батысқазақстандықтар да өз үле-
сін қосуда. Каспий теңізінде біз-
дің өңірімізде құрастырылған, қа-
зіргі заманауи талаптарға сай, ел
тыныштығын күзетіп жүрген 23
кеме – соның айғағы. Әр мемлекет
өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету-
ге үлкен көңіл бөледі. Елдің бос-
тандығы үшін сонау замандардан
бері көптеген отандастарымыз
жанын пида етті. 1941-1945 жыл-
дары Ұлы Отан соғысына аттанған
қазақстандық бауырларымыздың
жартысынан астамы соғыста көз
жұмды. Олардың ерліктері елдің
болашағын жақсартуға арналды.
Біздер, яғни кейінгі ұрпақ, оны еш
Сардарлар мен
сарбаздар мерекесі
7 мамыр – Отан
қорғаушылар күні Орал
қаласындағы абай ала-
ңында кең көлемде атап
өтілді. мерекеде өңіріміз-
дегі әскери бөлімшелердің
сардар-сарбаздарына
қоса, құқықтық құрылым-
дардың өкілдері сап тү-
зеді. Салтанатты шараға
қатысушы соғыс және тыл
ардагерлері мен қала тұр-
ғындарын өңір басшысы
Нұрлан Ноғаев мерекемен
құттықтады.
ұмытпаймыз. Қазіргі бейбіт өмір-
де де сіздер өз еңбектеріңізбен,
күнделікті ерліктеріңізбен еліміз-
дің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп
келе жатырсыздар. Осы игі істері-
ңіз үшін зор ризашылығымызды
білдіреміз. Сіздердің жүктелген
міндетті мүлтіксіз орындап, қа-
былдаған антқа берік екендікте-
ріңізді атқарған істеріңізден біліп
отырмыз. Әрдайым осылай бо-
латынына сенімдіміз. Бүгінгі ме-
рекемен құттықтай отырып, тә-
уелсіз еліміздің аспаны ашық, ден-
деріңіз сау болсын. Алдағы уақыт-
та да бейбітшілік пен тұрақтылық
жағдайында Елбасымыздың Қа-
зақстан халқына арнаған Жолда-
уынан туындайтын мұрат-мақсат-
тарды жоғары деңгейде орындау-
ға сақадай сай дайын болыңыздар.
Мереке құтты болсын, құрметті ба-
тысқазақстандықтар! - деді облыс
әкімі Нұрлан Ноғаев.
– Интернет-сайттарда Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 70 жыл-
дығына орай аутокөлік шеруін
ұйымдастыруға шақырған ақпарат
пайда болды. Осыған байланысты
тұрғындардың назарын мына жағ-
дайға аударғымыз келеді. Ағым-
дағы заңдылыққа сәйкес, кез кел-
ген бұқаралық шараны өткізу
үшін, мұның ішіне аутокөлік ше-
руі де кіреді, жергілікті атқарушы
органдардың рұқсаты керек. Рұқ-
сат алу үшін алдын ала жазбаша
өтініш тапсырылады. Аутокөлік ше-
руін ұйымдастырған уақытта жүр-
гізушілердің мас күйінде рульге
отырмауы, көліктің техникалық
жай-күйі мұқият тексерілуі тиіс, –
дейді БҚО ІІД әкімшілік полиция-
сы басқармасының инспекторы
Динара Абдулхалықова.
Аутокөлік
иеЛеРінің нАзАРынА!
«Жеңіс күнін мерекелеу аясында аутокөлік шеруін
ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың
рұқсаты керек» деп мәлімдеді БҚО ІІд әкімшілік
полициясы басқармасының басшылығы.
Инспектордың айтуынша, өт-
кен жылдарда ұйымдастырылған
аутокөлік шерулерінде біршама
қолайсыздықтар туындаған. Жол
ережесін өрескел бұзатын ше-
рушілерге өзге азаматтар нара-
зы болған. «Апат қаупіне әкелу,
жолдың қарсы бетіне шығу, жыл-
дамдық режимін сақтамау, қаз-
қатар жүрмеу, дабыл белгілерін
жөн-жосықсыз қолдану, қаланың
негізгі көшелерін күндіз де, түнде
де жауып тастағаннан кейін көлік
кептелісінің орын алуы тіркелді»,
- деді Д. Абдулхалықова.
Егер заңдылық толық сақта-
лып, тиісті органдармен келісіл-
ген болса, полицейлер мұндай
игі шараны өткізуге қолдан кел-
ген көмектерін беруге әзір.
Альбина БАЙҚонАҚовА
Салтанатты шарада Отан ал-
дындағы әскери міндетін мүлтік-
сіз атқарып жүрген бір топ сардар-
сарбаздарға кезекті әскери шен-
мен қатар қалтқысыз қызметі үшін
облыс әкімінің алғысхаттары та-
быс етілді. Олардың қатарында
ҚР ҰҰ “Батыс” өңірлік қолбасшы-
лығы қолбасшысының орынбаса-
ры, полковник Исатай Жәрде-
мов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029
әскери бөлімінің аға офицері,
майор Берік Бұзаушиев, БҚО
ҚӘЖД келісімшарт бойынша әс-
кери қызметке жинақтау бөлімі-
нің бастығы, майор Елена Жұма-
ғалиева бар. Бұдан соң орталық
алаңға жиналғандар Елордада 5
мың әскери мен 300 әскери тех-
ника қатысқан мерекелік шеруді
арнайы орнатылған ледэкран ар-
қылы тамашалады.
нұрбек оРАЗАЕв,
«орал өңірі»
Суреттерді түсірген
Медет ДоСУМов
Шарада аудан әкімі Кәрім Жақы-
пов сөз сөйлеп, жиналғандарды Же-
ңіс мерекесімен құттықтады. Соғыс
ардагері Петр Старов пен мүсіндер-
дің авторы архитектор-мүсінші Дми-
трий Баймукашев та шараға қатысу-
шыларға өз тілектерін білдірді.
Жиынға қатысушылар мәңгілік алау мен жаңадан ашылған мүсін-
дерге гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Гүлжан АЯЗБАЕвА,
Зеленов ауданы
Жеңіс күні қарсаңында
зеленов ауданына қарасты
дариян ауылында Кеңес
Одағы Батырлары григорий
Чумаев, Павел Садомсков,
Қасым ахмиров және иван
мордасов мүсіндерінің
ашылу салтанаты өтті.
Батырларға құрмет
«Жәнібек соғыс жылдарында»
4
oral_oniri@inbox.ru
Cенбі, 9 мамыр 2015 жыл
СҰХБАТ
– Зейнеп апай, халқымыз
дың даңқты перзенті, сіздің қа
йын атаңыз Бауыржан Момыш
ұлы туралы «Ноқтаға басы сый
маған» қойылымының премье
расын тамашаладыңыз. Қандай
әсер алдыңыз? Бауыржан ата
ның рөлін жаныңызға жақын
қабылдай алдыңыз ба?
– Ата туралы кез келген қойы-
лым немесе киноны көру қиын.
Өйткені ол кісінің әр қимыл-қоз-
ғалысы, жүріс-тұрысы, дауыс ыр-
ғағы, тамақ ішкеніне дейін көз
алдымда тұр. Сондықтан ата ту-
ралы кино мен қойылымдарды
«Келін емес, көрермен болып көр.
Атаға бәрібір ешкім ұқсамайды,
атадай бола алмайды» деп өзім-
ді өзім қинаймын. Қойылымды кө-
рермен ретінде айтсам, әлі де
жонып, жөндейтін жерлері бар.
Ал жалпы қойылым маған ұнады.
Өйткені бұл қойылымның мақса-
ты – атаның атын жаңғырту. Ең
керегі – осы.
Достарыңызбен бөлісу: |