Облыстық ҚОғамдЫҚ-СаяСи газеТ


–  Сіз  өзіңіздің  «Шуақты  күн­



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.03.2017
өлшемі5,13 Mb.
#8863
1   2   3   4   5

–  Сіз  өзіңіздің  «Шуақты  күн­

дер»  атты  кітабыңызда  «Тұла  бо­ 

йы  қайшылықтарға  толы  адам­ 

 ның  маңдайлы  келіні  болдым» 

деп  жазасыз.  Ол  кісінің  мінезі 

ауыр,  күрделі  тұлға  болғанды­

ғынан  хабардармыз.  Ұмытыл­

майтын  бір­екі  оқиғаны  айтып 

берсеңіз? 

–  Кез  келген  қыз  бала  түбі  ке- 

лін  болатынын  білді.  Мен  де  біл- 

дім.    Бірақ  бірден  «арыстанның 

апанына»  түсіп  кетемін  деп  ойла- 

ған  жоқпын.  Көпшілігі  Момыш-

ұлының  келінінің  өмірі  керемет 

деп  ойлайды.  Олай  емес.  Талай 

қиындықты басымнан өткіздім. Бі- 

рінші  келген  күннен-ақ  қателік 

жіберіп,  атаның  айқайын  естіген 

адаммын.  Біз  қолына  көшіп  кел- 

дік.  Ол  кезде  25  жаста  едім.  Қыз-

меттен  шығып,  «Қызмет  қайда  қа-

шар  дейсің,    атаны  күтуім  керек» 

деп  шештім.  Біз  келгенде  ата  «Сен-

дер  орналаса  беріңдер»  деп  өзі 

санаторийге  кетіп  қалды.  Үйдің 

дауысы  шықты.  Шошып  кетіп,  жү- 

гіріп  барсам,  ата  кабинеттің  ор- 

тасында  тұр.  «Кім  мынаны  жи- 

наған?  Кітаптарды  сапта  тұрған 

сарбаздай  қақшитып  қойған?»  

деп айқайлап  ұрысты. «Мен жөн- 

деп едім...» деп бірдеңе айтқан бол- 

дым.  «Жөндегенің  құрысын,  кет,  

көрінбе  көзіме!»  деп  айқайлады. 

Алапат  айқайдан  кейін  аяғым  да 

алға  жүрмей,  ілбіп  басып,  асүйге 

келдім.  Ағыл-тегіл  болып  келіп 

қалған көз жасымды іркіп, ерінім- 

ді  қатты  тістеп  алып,  ваннаға  ба- 

рып,  суды  барына  ашып  қойып 

жыладым.  Әбден  ішім  босаға- 

сын  есікті  жайлап  ашсам,  баласы 

екеуі  жайбарақат  әңгіме    соғып 

отыр. Мені байқап, ата: «Бері кел-

гін»  деді.  Ақырындап  жанына  ба-

рып,  төмен  қарап  тұрып  кешірім 

сұрап:  «Енді  қағаздарыңызға  тиіс-

пеймін»  дедім.  «Әй,  балам,  мой 

беспорядок,  это  есть  лучший  по-

рядок»  деді  ол.  Түк  түсінген  жоқ- 

пын.  Кейін  білдім.  Сырт  көзге  қо- 

бырап  шашылып  жатқандай  кө-

рінгенімен,  ол  кісінің  өзінің  әдеті 

екен  ғой.  Содан  соң  «Жылағың 

келгенде,  суды  сарылдатпай-ақ 

жылай  бер»  деді.  Ең  алғашқы    кү-

нім  осылай  басталды. 

Кейде  үйге  келген  біреулердің 

кінәсінен ұрыс естіп,  зәрем ұшып 

жүретін.    Атамен  тұрған  алғашқы 

жылдың алғашқы айларында үйге 

сіріңкедей    қатқан  қара  жігіт  кел-

ді. Өзі шіреніп тұр. Арық адамның 

шіренгені  қызық  көрінеді  екен. 

«Менің  шешем  Құли,  мен  жиен-

мін»  дегесін  ата:  «Кірсін»  деді.  

Мен асүйге барып, шай қойып жа- 

тыр  едім.  Бір  кезде  айқай  естілді. 

«Не  болып  қалды?»  деп  жүгірдім. 

Әлгінде  шіреніп  тұрған  байғұс 

атаның  бөлмесінен    қарғып  шық-

ты,  көзі  алақандай  болып  кеткен.  

Осындай  оқиғаларды қазір  күліп 

еске  алғаныммен,  дәл  сол  сәтте 

маған қиын болды. Үндемей құты-

ламын.  Атаның  керемет  қасиеті  – 

өзінікі  дұрыс  болмаса,  артық  ке- 

 

ешкімге    жағымпазданбасын  деп 



мені әбден  пісіріп, қайраған екен.  

Менің  өкінішім  өте  көп.  Өте 

әсершіл,  үгілме  жүрек  адаммын. 

Лезде  көңілім  көтеріліп,  лезде 

быт-шытым  шығады.  Әсершілді- 

гімнің  кесірінен  атадан  көп  нәр-

сені  кезінде  сұрай  алмадым.  Ата-

дан үйренгенім, білгенімнің өзі екі 

кітапқа азық болды. 

–  Ата  кейде  қатты  ашулан­

ғанда сізді «Турчанка» деп атай­

ды екен...  

–  Атаның  «Турчанка»  дейтіні  – 

менің    шешем  қазақ,  әкем    түрік. 

Ертеде келіп, қазаққа сіңіп кеткен. 

Ата мені жақсы көрген, көңілі тол-

ған  кезде  «Балашка»  деп  еркеле-

тетін.  Ол  кез  өте  сирек.  «Балам» 

десе,  ол  да  керемет,  бірқалыпты 

отырғаны,  «Зейнеп»  десе,  жыны 

ұстай бастағаны, «Турчанка» десе, 

қаһарына  мінді  деген  сөз.  Мен- 

де басқа ешқандай атақ жоқ.  Ме- 

нің  «Атаның  келіні»,  «Қазақтың  ке- 

ліні» деген үлкен атағым бар.  Ма-

ған  сол  да  жетеді. 

–  Зейнеп  апа,  біз  сізді  тек 

атаның  келіні  ғана  емес,  салт­

дәстүріміздің  жанашыры,  ұлт­

тық  құндылықтарымызды  на­

сихаттаушы  этнограф  ретінде 

де  жақсы  білеміз.  Осы  орайда 

салт­дәстүріміздің  бүгінгі  наси­

хатталу  деңгейі  қаншалықты 

екеніне  тоқталып  өтсеңіз? 

–  Қазір  байқайтыным,  25-ке  де-

йінгі  жастар  ұлттық  салт-дәстүрді 

білуге  құлшынып  тұр.  Алайда  те-

ледидарда  ұлттық  дәстүрге  не-

гізделген  бағдарламалар  жоқтың 

қасы.  Өңкей  шулаған  шоуларда 

әншілер  ит  болып,  мысық  болып 

елді  күлдіруге  тырысады.  Әнші- 

нің  мінген  көлігі  мен  қырық  туф-

лиін, ұйықтайтын бөлмесін  бір са- 

ғат  сөз  қылатын  бағдарламалар 

көбейіп  барады.  Өткенде  бір  ақын 

«Мынау  үш  жыл  бұрынғы  қа-

Байқап  қарасаңыздар,  қырқынан 

шықпаған  баланың  көзі  тұманда-

нып  тұрады.  Ал  қырқынан  шық-

қан  соң    көзі  жылтырап,  жарыққа 

қарай  бастайды.  Қырық  күнге  де-

йін  баланың  еті  мен  сүйегі  бірік-

пейді.  Жаңа  туған  баланы  ұстап 

көрсеңіз,  сүйегі  бөлек,  еті  бөлек 

жатады.    Алғаш  босанған  әйелді 

де  енесі  40  күн  күтеді.  Ұрпағын 

ойлаған  ене  анасының  дені  сау 

болса,  баланың  да  денсаулығы 

жақсы  болатынын  біледі.  Сон-

дықтан  бала  босанып,  қалжыра- 

ған әйелге күш жинасын деп, қал- 

жасын жегізіп, жас ананың қалпы-

на  келуіне  көмектескен. 

Қайтыс  болған  адамның  қыр- 

қын  неге  береді?  Өйткені  еті  мен 

сүйегі  ажырайды.  Жетісін,  қыр- 

қын, жылын беру тек түркі халық- 

тарында бар. Сол сияқты тұсауке-

серді  алсақ,  қалтылдап  жүрген 

кемпірлер тұсау кесіп жатады. Тәй 

басқан  сәбидің  тұсауын    кемпір  

түгілі,  жүрісі  сылбыр  адамға  да  

кескізбеген.  Ер  баланың  тұсауын 

қолынан  іс  келетін,  күш-қайраты 

бар  ер  адам,  қыз  баланың  тұса- 

уын  қол-аяғы  балғадай,  істеген 

ісін  тындырып  жүретін  келіншек 

кескен.  Тұрмысқа  шықпаған,  үй-

ленбеген  жігітке  қазақ  тұсау  кес-

тірмеген.  Өйткені  олардың  жолы 

ашылмаған  деп  есептеген.  Сосын 

қазір  ала  жіпті  алып,  кісінің  ала 

жібін  аттамасын  деп  кесіп  жата-

ды.  Бұл  да  дұрыс  емес.  Баланың 

тұсауын  ұрлық  жасамасын  деп 

кеспейді ғой. Ақ пен қара жіпті ай-

қастырып, кеседі. Ақ пен қара, күн 

мен  түн,  жақсылық  пен  жамандық 

бәрі  екеу.  Тек  Құдай  ғана  жал-

ғыз.  Ала  жіп  дегеніміз  тіршіліктің 

символы,  өмірдегі  болып  жатқан 

жақсылық  пен  жамандық,  ақ  пен 

қара,  күн  мен  түн  секілді  ұғым-

дарды  білдіреді.  Сондықтан  ба- 

баларымыз  жақсылықтар  болған- 

да,  асып-тасып  кетпесін,  қиын-

дықтар болғанда, басылып қалма-

сын  деп  сәбидің  тұсауын  өткір 

пышақпен кесіп жіберген. 

–  Қазіргі  тойлардағы  белең 

алған  дарақылық,  Еуропадан 

келген    келеңсіз  көріністерге 

көңіліңіз  толмайтынын  ашық 

айтып жүрсіз? Осы туралы тар­

қатып айтып берсеңіз?

–  Қызды  шығарып  салар  кез- 

де қазір әкесімен қоштасады дей-

ді.  Жар-жар  айта  ма,  сыңсу  айта  

ма деп тұрсам, қыз әкесімен  вальс 

билейді  екен.  Қай  қазақ  қызын  

билеп  шығарып  салып  еді?    Қай- 

дан шыққан өнер? Бұрынғы кезде 

қыз  тұрмысқа  шығарда  қызыл  көй- 

легін  шешіп,  сіңлісіне  қалдырған. 

Ал  құрбыларына  үкісін  таратып 

берген.    Олар  әкенің  үйіндегі,  оң 

жақтағы  бақытты  сәттерімен,  қыз 

дәурен  шағымен  қимай  қоштас-

қан. Ал қазір қыздар күйеуге шық-

қанына  қуанып  кететін  секілді. 

Аздап болса да мұңаймай ма? Со- 

сын  торт  кескізіп,  ата-енеге  аса- 

тып,  жегізетін  бір  пәле  бар.  Той-

Жазушы  Зейнеп  АХМЕТОВА:

«Кешірім сұрау тек ұлы адамдардың 

ғана қолынан келеді»

тіп  жатса,    өзі  менен    кешірім  сұ-

райтын.  Қателігі  үшін  келінінен 

кешірім  сұрау  кез  келген    қайын 

атаның  қолынан  келмейді.  Бұл  да 

тектілік!

Ол  кісінің  әрбір    қимыл-қозға-

лысына, нені жақсы көріп, нені жек 

көретініне  өзімше  зерттеу  жүргіз- 

дім.  Солардың  бәрін  ұмытып  қал-

майын деп жазамын.  Асүйдегі үс- 

телдің  суырмасында  қалың  бес 

дәптерім  бар.  Бесеуінің  де  сыр- 

ты  май-май  болды.  Ата  үстелді 

тарс еткізіп ұрып, «Көзіме тура қа- 

ра!»  дейтін.  Ол  кісінің  көзіне  тура 

қарау мүмкін емес.  Ол жанып тұр- 

ған  өрт.  Содан  жайлап,  иығы- 

нан  асып  қараған  боласың.  Ата- 

ның  бұл  әдісін  кейін  түсіндім.  Ол 

кісі мынау қызылды-жасылды, әді- 

летінен әділетсіздігі басым дүние-

де  жақсының  да,  жаманның  да 

аяғының  астында  жататын  төсе-

ніштей  болмасын,  өзін-өзі,  айна- 

ласын,  бала-шағасын  тым  болмаса 

сөзбен  қорғай  алатындай  болсын,  

зым»  деп  мақтанып  көрсетіп  жа- 

тыр.  Менің  сондайда  оған  «Біреу- 

лер  қуырып  жеуге  макарон  тап-

пай  отыр.  Сен  неменеге  олардың 

жүйкесіне  тиесің?  Өзіңнің  аузың-

нан  ақ  май  аққанына    мақтанып 

отырмысың?  Намыс  қайда?  Ұят 

қайда?»  деп  айтқым  келеді.  На- 

мыс  құрыған  жерде  ұлт  та  құри-

ды.  Шымкент  жақта  баланы  20 

күнде  қырқынан  шығаратын  бо-

лыпты.  «Бұларың  не?»  десе,  «Күн 

мен түнді қосып санаймыз» дейді. 

«Олай болса, күн мен түнді қосып 

санап,  келіншектеріңді  төрт  жа-

рым  айда  тудырып  алыңдар»  деп 

айтып  кеттім.  Қырық  күн  деген 

қайдан шыққан? 

Қырық  күн  –  халқымыздың  

ғасырлар  бойғы  өмір  тәжірибе-

сінен келе жатқан нәрсе. Тіпті Дү- 

ниежүзінің денсаулық сақтау ұйы- 

мы  42  күнді  жас  босанған  әйел 

үшін  қатерлі    күн  санайды.  Неге? 

Өйткені  қырық  күнге  дейін  ба-

ла  әлі  жердің  баласы  емес. 

дың  қақ  ортасында  шам  өшеді. 

Тойдың  ортасында  шамды  өшіру 

ырымға  жаман.  Қазақ    «Шырағың 

сөнбесін!»  деген  ғой.  Қыруар  ақ- 

шаға  сатып  алынған  сол  торт  үс- 

телдің үстінде былжырап, босқа қа-

лады.  Осы қайдан шыққан дүние? 

Одан да аталар мен әжелер отыр-

ған  жерге  келін  шай  құйса  жа- 

распай  ма?  Бұрын  келіншайда 

әжелер  сақинасын  кесеге  салып, 

«Көсегең  көгерсін,  біз  сияқты  ақ 

самайлы  бол,  мынаны  итаяғыңа 

сал» деп береді. Ол – «Тұңғыш  ба- 

лаңды  қырқынан  шығарғанда  кү-

міс  сақинаны  суға  сал»    деген  ті- 

лек.  Қазіргі  асабалардың  ісі  де  

қанбазар,  бизнес.  Келіннің  әр  сә- 

лемі сатулы.  «Аздау салсаң, мынау 

сараңдау  болып  кетті»  деп  өлең-

ге  де  қосып  жатады.  Ал  келін  кү-

йеуінен  жасы  кіші  адамға  сәлем 

салмайды.  Әр  ырым,  әр  салт  әр 

ұлттың  өзіне  ғана  жұғысты.  Өйт- 

кені  ол  ғасырлар  бойы  қайтала- 

нып  келіп,  үлкен  энергетикалық 

күшке айналып кеткен. 



–  Зейнеп  апай,  Жайық  бо­

йынан  қандай  әсер  алып  атта­

нып  барасыз?   

–  Қазақ  айтады  ғой,  «Бұл  күнге 

жеткен  де  бар,  жетпеген  де  бар» 

деп.  Үйінің  қасынан  қырық  қа- 

дам  аттап  шыға  алмай  отырған 

адамдар  қаншама.  Оған  қараған-

да, атаның биік рухы, қасиетті ар- 

уағының  арқасында  Жайық  өңі-

ріне  табаным  тиді.  Атаны  жақсы 

көрген  халықтың  шарапатының 

ұшқындары  маған  да  жетіп  жатыр. 

Айналып  келгенде  мені  халықтың 

өзі  тәрбиеледі.  Атаның  атына  кө-

леңке  түсірмесем  екен,  алты  Алаш-

тың  ардақтысы  болған,  ұлтының 

ар-намысын  ту  еткен  адамға  ла-

йықты келін болсам  екен деп ты-

рыстым. Әлі сол тырысып келе жа- 

тырмын. Арысы атадан, берісі Бә-

кеңнен  қалған  ұрпақтарыма  да 

атаға  сай  болуды  насихаттап  ке-

лемін.  Мені  «Атаның  келіні»  деп 

аялап,  құрмет  көрсеткен  Ақ  Жа- 

йық  жұртына  ризамын. 



Сұхбаттасқан 

Гүлжамал  ЖоЛДЫҒАЛИ,

«орал өңірі»

іші  бос.  Ақтап-сөктеп,  тазалап  

қойдым.  Бірақ атаның кабинетіне 

кіріп  көрмеппін.  Кіргенде  байқа- 

ғаным  –  мен  ойлағандай  керемет 

кабинет  емес.  Тағы  бір  таңғалға- 

ным, еденнен төбеге дейін бір ке- 

реге  түгел  кітап  екен.  Қуысқа  та- 

ман  атаның  төсегі  қойылыпты. 

Ортада  тұрған  үлкен  үстелдің 

үсті қобырап жатыр.  Пысықты-

ғым  ұстап,  жым-жылас  қылып 

жинап  тастадым.  Үстелдің  үс-

тіне жазу машинкасы мен 

ақ  қағазды  ғана  қал-

дырдым.  Бірнеше 

күннен  соң  есіктің 

қоңырауы  шырыл-

дады. Тез барып аш- 

тым.  Ата:  «Қоныс-

тарың  құтты  бол-

сын!»  деп  кіріп  кел- 

ді.  Мен  асүйге  жү- 

гірдім.  Бір  кезде  

атаның  тау  қопа- 

 рардай күркіреген 



5

oral_oniri@inbox.ru

Сенбі,  9  мамыр 2015 жыл

ЖеңімПАздАР



К

ешегі  қан  майданда  қас 

дұшпанға  қасқайып  қар-

сы  шапқан  ерлердің 

бірі  –  Шәріп  Ахметов.  Ол  біздің 

бұрынғы  Чапаев  ауданының  бұ-

рынғы  Шалқар  ауылында  1902 

жылы  дүниеге  келеді.  Сауатын 

ауыл  молдасынан  ашады.  Уақыт 

өте Қазан төңкерісінен кейін Ком-

вуз-ды  бітіреді.  Көшім  каналының 

құрылысына  қатысады.  Тайпақ 

аудандық  партия  комитетінде 

жауапты  жұмыс  атқарған.  41-дің 

мамыражай  маусым  айында  ке-

зекті  еңбек  демалысында  Орал 

қаласында  жүрген.  «Соғыс!»  -  де-

ген  суық  хабар  сарт  ете  қалады. 

Демалыс  жайына  қалды.  Құстай 

ұшып,  Тайпаққа  жетті.  Аудан  хал-

қының  да  қабақтары  түсіп  кет-

кен.  Бұрынғыдай  жарқылдаған 

жүздерге  қайғы,  мазасыздық  ор-

наған.  Шілде  айында  майданға 

аттанды.  Жан-жақтан  жиналған 

жігіттерді  Башқұртстанның  Стер-

литамак  қаласына  жинап,  әскер 

ойындарына  үйрете  бастады.  Екі 

ай  жаттығудан  кейін  Шәріпті  бір-

ден  майданға  жөнелтпей,  оны 

әскерге  жаңадан  алынғандарды 

соғыс тәсілдеріне үйретуге қалды-

рады.  Содан  кейін  ғана  соғысқа 

кіреді.  Политрук  ретінде  жалын-

ды  сөздерімен  жауынгерлерді 

жеңіске  жігерлендіріп  қана  қой-

май, талай шайқаста сарбаздарды 

шабуылға  бастап,  талай  қырғын-

нан  аман  шығады.  Үйге,  соңында 

қалған  жары  Сағидаға  жазған  бір 

хатында  үлкен  мерекеге  әзірле-

ніп жатырмыз депті. Ол, сірә, Ста-

линградтың  түбіндегі  Паулюстің 

армиясымен  шайқасатын  шешуші 

бір  күнді  меңзегені  сияқты.  Со-

дан қайтып, жауынгерден хат кілт 

үзіледі. Сонда не болған? 

«Рота  командирінің  саяси  жұ-

мыстар  жөніндегі  орынбасары, 

политрук  Шәріп  Ахметовтердің 

ротасына  1942  жылдың  31  қазан-

ға  қараған  түнінде  мынандай 

әскери  міндет  жүктеледі.  87-ат-

қыштар  дивизиясына  қарасты 

1-ротаға  өзеннің  жау  бекінген  оң 

жағалауына  шұғыл  өтіп,  Сталин-

градтың  солтүстіндегі  Латошкин 

деревнясын  басып  алып,  батыс 

беткейіне  қарай  тастай  бекініп, 

сол плацдармды ұстап тұруға жә-

не  жаудың  күшін  қаладан  өзіне 

аударып,  құрта  беру  тапсырыл-

«Вызываем  огонь  

нА СеБЯ!» 

ды.  Десантшылар  өзеннен  өте 

бергенде,  жарқырауық  ракетала-

рын  аспанға  қайта-қайта  «ілген» 

фашистер  байқап  қойды-ау,  жар-

қабаққа  бекінген  жау  пулеметі 

сақылдап  қоя  берді.  Рота  коман-

дирі,  лейтенант  Иванов  қасында-

ғы жүгіріп келе жатқан сержантқа 

айқай  салды.  –  Сержант  Хрупин, 

қабақтағы  пулеметтің  үнін  өшір!.. 

Көп  кешікпей,  гранаталардың 

гүрс-гүрс  жарылған  даусы  жетіп, 

пулеметтің  өңешіне  құм  құйыл-

ды.  Жоғарыдағы  жау  окопынан 

автоматтар  да  абалап  жатыр.  Шә-

ріптің  қасында  жүгіріп  келе  жат-

қан  жауынгерлердің  бірі  «мен 

жараландым»  -  деп  айқайлап  жі-

берді.  Шәріп  жүгіріп  келе  жатқан 

бетінде  гранатаны  лақтырып  жі-

беріп, жарылыстан кейін жау тран-

шеясына  секіріп  түсті.  Бұлар  бір-

бірін  қараңғыда  абайсызда  атып 

алмаулары үшін сол қолдың білегі-

не ақ шүберек байлап алған. Қаша 

жөнелген  екі  фрицті  бірден  бай-

қап,  сол  жерде  қысқа  очередпен 

сұлатты...  Латошкин  деревнясы-

ның сұлбасы анық көріне бастады. 

Бір  үйдің  қасында  жау  танкісін, 

оған  қарай,  үйден  атып  шығып, 

жанұшыра  жүгірген  танкистерді 

байқап  қалды.  -  Құтылмайсыңдар! 

-  деп  автоматының  шүріппесін 

тістене  басып  жіберіп,  -  Жарыл-

қасын,  граната!  -  деп  айқай  сал-

ды.  Жарылқасын  Кеңгірбаев  өзі-

нің  жерлесі  -  оралдық,  Калинин 

атындағы  колхоздың  жігіті  еді. 

Құлаштай  лақтырды.  Танк  отқа 

оранды.  Политрук  Ахметов  одан 

әрі  пулеметтен  оқ  жаудырып, 

танкілерді 

қалқалап 

жүгірген 

жаудың  жаяу  әскерінің  қатарын 

сиретіп  тастады.  Атыстың  ара-

сында  «Рота  командирі  ауыр  жа-

раланды!» - деген дауыс политрук 

Ахметовтің  құлағына  талып  жет-

ті.  Политруктің  «Рота!  Бұйрықты 

тыңда!  Отан  үшін!  Сталинград 

үшін алға-а-а!» - деп айқай салған 

дауысын  десантшылардың  қуат-

ты  «Ура!!!»  деген  үні  іліп  әкетті... 

Жай  оғындай  жарқылдаған  біздің 

жауынгерлер  жауды  үш  жақтан 

қыспаққа  алып  есеңгіретіп  таста-

ды.  Олар  шегініп  құтылмақшы 

болды. Бұл кезде жарық түсіп қал-

ған  еді.  Бағанадан  дивизияның, 

құрығанда  полктің  қоршауында 

қалдық  деп  ойлаған  жау  тез  есін 

жиды.  Сөйтсе,  «орыстардың»  де-

санты  бір  ротаға  жетер-жетпес 

қана  екен.  Жаудың  бір  батальон 

солдаты  12  танкінің  қолдауымен 

қарсы  шабуылға  көтерілді.  Жағ-

дай  минут  сайын  қиындап  бара 

жатты. Әбиүр болғанда, Волганың 

сол  жағалауындағы,  яғни  арғы 

беттегі  біздің  шептен  «Катюша» 

аспан  мен  көкті  тітіретіп  екі  залп 

беріп,  оған  зеңбіректер  қосылып 

төніп  келген  жау  шебінің  астан-

кестеңін  шығарды.  Фашистер 

кейін  лықсыды...  Шамалы  уақыт-

тан  кейін  олар  тағы  шабуылға 

көтерілді.  Десантшылардың  сол 

жақ  қанатындағы  пулеметте  Шә-

ріптің  тағы  бір  оралдық  жерлесі, 

Шалқардың  жігіті  Жүсіп  Меңсейі-

тов  жатқан  еді.  «Оларға  керегі 

осы!» деп тістене айқайлап, гашет-

каны  басып-басып  жіберді.  Одан 

әрі  шабуылға  көтерілген  жігіттер 

фашистерді  біраз  жерге  дейін 

тықсыра қуды. Алайда жаудың са-

молеттері  ұшып  келіп,  бомбалай 

бастағасын,  десант  кейін  шегініп, 

өздерінің  окоптарына  қайтадан 

бекінулеріне  тура  келді.  Шәріп 

жараланғандарды кейін жөнелтіп, 

қаза  тапқандарды  жерлегеннен 

кейін  ротаның  жартысы  ғана  қал-

ғанын  анықтады.  Оқ-дәрі  мүлдем 

біткен,  ротаның  қару  ұстайтын 

жауынгерлері  штыктарын  қолға 

алып,  өліспей-беріспеуге  тас-тү-

йін  әзірленді.  Бұған  дейін  жауды 

траншеяларынан  қуып  шыққанда, 

офицерлердің  блиндаждарында 

олардың  қарулары,  киімдері  тіп-

ті  шараптарына  дейін  қалыпты. 

Жандарын сауғалап, тастай қашса 

керек.  Жаудың  өздерінің  қарула-

рын  өздеріне  қарсы  жұмсап,  біз- 

дің  жауынгерлер  оларды  тағы 

да  біраз  шығынға  ұшыратты.  Де-

сантшылар  осылайша  күші  басым  

жаумен  төрт  күн  бойы  айқасты. 

Волганың  арғы  бетінен  қару-жа- 

рақ  жеткізу  өте  қиынға  түсті.  Ара-

да  төрт  күн  өткенде  ғана  барып, 

өзеннің  арғы  бетінен  ІІ  ротаның 

командирі  И.  Соков  бастаған  50 

жауынгер  қару-жарақ,  оқ-дәрі, 

рация  алып,  жауған  бомба  мен 

бораған  оқтың  астынан  зорға 

өтіп,  Шәріптің  жігіттеріне  қосыл-

ды.  Жау  Сталинградқа  қарай  ба-

ғыттағалы  жатқан  басты  шабуы- 

лын  десант  тобына  бұрып,  соқ- 

қыларын  бұрынғыдан  да  үдетті. 

Ат  төбеліндей  ғана  десантшылар-

ды  құрсаулай  қоршап,  бомбаның 

астына  алып,  оқ,  снаряд,  мина 

жаудырып,  қоршаудың  шеңберін 

тарылта берді, тарылта берді. Оқ біт-

ті, тірі қалғандардың бәрі де жаралы, 

қолма-қол  айқасқа  жараулары  екі 

талай...  «Әрі  қарай  не  істейміз?..» 

Соков  жауынгерлерге  жағалай  көз 

тастады.  «Рация  істеп  тұрғанда, 

артиллеристерден  біздер  жатқан 

шаршыға  оқ  жаудыруын  сұра- 

йық!»  -  деді  десантшылар  бір-

ауыздан. Командир де жігіттерінің 

осылай  дерін  біліп  еді...  Сәлден 

кейін  рация  арғы  бетке  «Вызы-

ваем огонь на себя!» - деген суыт 

хабарды  ашық  текстпен  үсті-үс-

тіне  жөнелтіп  жатты...  Волганың 

арғы  бетіндегі  ІІІ  артдивизион-

ның  зеңбірекшілеріне  десантшы-

лардың  соңғы  тілегін  орындау 

оңайға  соқпады.  Бірақ  басқа  жол 

жоқ  еді.  Қоршауда  қалған  десант 

жау  қолына  түспей,  осылайша  қа-

һармандықпен қаза тапты...»

Политрук  Шәріп  Ахметов  құ-

рамында  болған  десантшылар-

дың  соңғы  ерлігін  өзі  де  соғысқа 

қатысушы  офицер  Дмитрий  Ша-

балов  кейін  осылай  деп  жазған  

еді.  Оны  Шәріптің  қызы  Нұржа-

малға  өз  қолымен  қолтаңба  жа- 

зып сыйға тартыпты. 

Қырық  жасында  ерлікпен  қаза 

тапқан  политрук  Шәріп  Ахметов-

тің  соңында  қалған  тұяғы  Максим 

Шәріпұлы  кезінде  Бүкілодақтық 

онкологиялық  ғылыми-зерттеу  ор-

талығының  белді  ғалымы  болды. 

Қызы  Нұржамал  Шәріпқызы  да  –  

ұзақ  жыл  Ақтөбенің  денсаулық 

сақтау  саласында  жауапты  қыз-

мет  атқарып,  «Денсаулық  сақтау 

ісінің  үздігі»  атағының  иесі  атан-

ған  жан.  Қазір  Ақтөбеде  тұрады. 

Ал  батырдан  қалған  осынау  ұл-

қызының  еліміздің  елеулі  азама-

ты  мен  азаматшасы  болып  өсуі-

не  оның  жары  марқұм  Сағида 

апамыздың  сіңірген  еңбегі  зор. 

Ержүрек  политруктің  қолын  жет-

кізуге  үлгермеген  армандарын, 

алға  қойған  мақсаттарын  түбіне 

жеткізіп  орындаған  да  сол  бір  

аяулы жан еді.

Ал  атасы  Шәріп  Ахметов  жай- 

 лы,  өзі  де  соғысқа  бастан-аяқ  қа-

тысқан  офицер  Дмитрий  Шаба-

ловтың  осынау  мақаласын  «Орал 

өңірі»  газетіне  жолдаған  шөбере- 

 сі  Мәдина  Жолғалиева  еді.  «Атам 

Шәріппен  бірге  қаза  тапқан  де- 

сантшылардың  ішінде  Батыс  Қа-

зақстан  облысынан  Жүсіп  Мең-

сейітов  пен  Жарылқасын  Кең-

гірбаевтың  есімдері  аталыпты. 

Бәлки,  олардың  ұрпақтары  бар 

шығар?..» - депті. Біз мақаланы тәр- 

жімалап, оқырмандарымызға жет-

кізуге асықтық...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет