басқармасының мұрындық болуымен «Нұр Отан» партия-
сы облыстық филиалының ғимаратында шара өтті. Оған
өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мүмкіндігі
шектеулі балалар мен олардың ата-анасы қатысты.
және басқасы сөз алып, аталмыш
ұжымды құттықтады.
Сонан соң М. Санқаева бала-
лардың ата-анасына азық-түлік
орамасын үлестірді. Биыл мектеп-
ке баратын бүлдіршіндерге оқу-
шыға қажетті құралдар салынған
сый ұсынылды. Сондай-ақ ақша-
лай сыйлыққа да ие болғандар
бар. Оны Орал қаласына өнер са-
парымен келген мәскеулік цирк-
тың ұжымы демеушілік көмек
ретінде табыстаған екен. Сый-сыя-
патқа ие болған көтеріңкі көңіл
күйдегі балалардың ата-анасы
атынан Назерке Досжанова сөй-
леп, қоғамдық бірлестіктің шағын
ұжымына алғыс айтты және бо-
лашақта да өзара ынтымақтың
жарасымды жалғасын табарына
сенім білдірді.
серпін сАяҚ
ды қорғау мен қолдау – өте күрде-
лі іс. Бірлестік қаржылық жетім-
сіздік пен өзге де кедергілерге
қарамастан, көптеген бүлдіршін
мен баланың көңіліне үміт отын
үрлеп, талай дерттен емдеу және
сауықтыру жолында қолғабысын
берді. Сонымен бірге Мерует
Көрмені тамашалауға студент-
тер мен қала тұрғындары жинал-
ды. Аталмыш орталық дирек-
торының орынбасары Жаңылай
Мақасова Шыңғырлау ауданы-
ның қолөнер шеберлерін көрме-
нің ашылуымен құттықтап, ал-
ғысхат табыстады.
– Ауданымыздағы мектеп-
тен тыс жұмыс орталығы үйірме
мүшелерінің, аудан мектептері
оқушылары мен жетекшілерінің
қолөнер туындыларын алып кел-
дік. Олардың қатарында кескін-
деме, графика, мүсін, зергер-
лік бұйымдар, сәндік-қолданба-
лы өнер туындылары бар. Жас
шеберлердің өнерін қолдап, көр-
мені ұйымдастыруға ықпал ет-
кен облыстық мәдениет, мұра-
ғаттар және құжаттама басқар-
масына алғыс білдіреміз, – дейді
Шыңғырлау аудандық жастар-
мен жұмыс жөніндегі ресурс ор-
талығының директоры Айдос
Қайыров.
Көрмені
тамашалауда
Қадыр Мырза Әлі атын-
дағы мәдениет және өнер
орталығында Шыңғырлау
ауданы жастарының
«Тәуелсіздікке тарту»
атты қолөнер көрмесі
ұйымдастырылды.
өміРДі ҚұТҚАРА АлАДы...
- Ақ Жайық өңірінің жәрмең-
кесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы-
на арнаған басты тарту деп
айтуға болады. Бастысы – елдің
дәмін елордалықтар, Астанада
тұратын жерлестерімізге ұсыну.
Батыс Қазақстан – еліміз бойын-
ша мал шаруашылығын дамыту-
шы облыстардың бірі. Бүгінгі жәр-
меңкеде жылқы еті 1300 теңге-
ден, сиыр еті 1100 теңгеден сат-
тыққа шығарылды. Сонымен қа-
тар 200 тоннаға жуық бау-бақша
өнімдері әкелінді. Астаналықтар
біздің жәрмеңкемізге риза деп
айта аламын, - деді облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасы-
ның басшысы Марат Оңғарбеков.
Жәрмеңке қалашығының бір
шетінде Ақ Жайық өңірінің өнер
шеберлері Астана жұртшылығы-
на ән-күйден шашу шашты.
Сазды бағдарлама «Назерке»
халық биі ансамблінің орындауын-
дағы «Жайдарлы Жайық жаста-
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
4
oral_oniri@inbox.ru
меРеке
Е
лордалықтар алдымен ша-
һар төріндегі «Хан ша-
тыр» сауда орталығы ала-
ңында орналасқан БҚО ауыл ша-
руашылығы өнімдерінің жәрмең-
кесіне ағылды.
Облыс аудандары мен ірі кәсіп-
орындардың 20-ға жуық сапалы
тауары мен өнім түрлері астана-
лықтарды жәрмеңке аясында то-
ғыстырды.
Батыс Қазақстан облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасы
ұсынған мәлімет бойынша, жәр-
меңке қалашығында елордалық-
тарға 19 тонна ет (соның ішінде
7 тонна жылқы, 12 тонна сиыр
еті), 140 тонна картоп, 80 тонна
пияз, 120 тонна сәбіз, 90 тонна
қызылша, 100 тонна қырыққабат
ұсынылды. Бұған қоса 10 тонна
балық, 3 тонна шұжық өнімдері,
10 тонна ұн және макарон, 5 мың
дана қалбыр, 0,3 тоннадан бал
мен қымыз бар.
Елорда төрінде –
ры» хореографиялық компози
-
циясымен ашылды.
Мерекелік концертте батыс-
қазақстандықтар Медет Оразов,
Ақмарал Ахметова, «Батыс стар»
тобы сықылды батысқазақстандық
өнер шеберлері әсем әндер орын-
дап, мереке шырайын аша түсті.
Жәрмеңкенің екінші күні де
сауда орталығы алаңынан табыл-
ған елордалықтар көп болды.
Сол күні Бейбітшілік пен келісім
сарайында БҚО күндері аясын-
да өткен концерттік бағдарлама
елордалықтарға есте қаларлықтай
кеш сыйлады.
Алдымен, сарай фойесінде «Ақ-
жайық – ару мекенім» атты об-
лыстық тарихи-өлкетану музейінің
көрмесі ел назарына ұсынылды.
Орал қаласындағы Е. Пугачев
музей үйінің меңгерушісі Викто-
рия Нәжімеденованың айтуынша,
БҚО музей корының жәдігерлері
негізінде жабдықталған көрмеге
248 жәдігер қойылды. Соның ішін-
де археологиялық қазба жұмыс-
тары нәтижесінде табылған жә-
дігерлер, түрлі саладағы об-
лыс жетістіктерін паш ететін жә-
дігерлер бар.
Археологиялық қазба жұмыс-
Айбатыр СЕЙТАҚ,
ақын, ҚР Жазушылар және
Журналистер одағының мүшесі:
- Еліміздің 25 жылдық мерейтойы әр қазақтың жүрегіне қуаныш сый-
лайды. Осындай айтулы мерекенің қарсаңында жерлестеріміз Елорда-
мыздың төріне келіп өнерін, барлық жетістіктерін көрсетіп жатыр. Бүгін
Астанада тұратын оралдықтар, сонымен қатар бас қаланың қонақтары,
осы жердің байырғы тұрғындары да Батыс Қазақстан облысының
жәрмеңкесін, концертін көріп, үлкен қуаныштарымен бөлісуде. Осын-
дай қуаныштарымыз ұзағынан болсын. Еліміз аман болып, халқымыз игі-
лікке, жақсылыққа жете берсін!
Қыркүйектің 17-18-і күндері еліміздің
бас қаласы Астанада «Қуатты өңір – қуатты
Қазақстан» аясында Батыс Қазақстан
облысының күндері өтті.
тары нәтижесінде өңірімізден та-
былған «Алтын ханшайым» жәді-
гері ерекше көз тартып, елорда-
лықтардың қызығушылығын ту-
ғызғандығы сөзсіз. Сонымен қатар
«Жайық қалашығынан» табылған
қыш құмыралардың, өңірдегі кә-
сіпорындардың өнімдері мен же-
тістіктері, «Зенит» зауытынан шық-
қан кеме макетінің, «Достық» үйі
макетінің, Назарбаев зияткерлік
мектебі оқушыларының жұмыс-
тары да көрмеден орын алуы
заңдылық.
Ақ Жайық өңірінің тарихы мен
бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанық-
қан жұртшылық одан соң БҚО
өнер шеберлерінің сазды бағдар-
ламасын тамашалау үшін Бейбіт-
шілік пен келісім сарайының кон-
церт залына енді.
Қазақстан Республикасы Тәуел-
сіздігінің 25 жылдығына арнал-
ған концерт «Назерке» және «Ақ-
жайық» халықтық би ансамбль-
дерінің орындауындағы Е. Нұрым-
бетовтың «Жайықтың толқында-
ры» шығармасына қойылған хо-
реографиялық
композициямен
сахна шымылдығын ашты.
Ерліктері аңыз болған батыр-
лар, дарабоз күйшілер, дауылпаз
ақындар, күміс көмей әншілер
туған қасиетті де киелі Ақ Жайық
өңірінің өнер кеші үш жүзден ән
оздырған сал Мұхиттың «Айнам-
көзімен» өрілді. Әйгілі әнді асқақ-
тата шырқаған Қазақстанның ең-
бек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева
халық қошеметіне бөленді.
Ару мекен Ақ Жайық жұрт-
шылығының ел тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай жолдаған ыстық
сәлемін Қазақстан Республикасы-
ның еңбек сіңірген қайраткері,
халықаралық «Алаш» әдеби сый-
лығының иегері, ақын, Ақұштап
Бақтыгереева жеткізді.
Біз сонау Ақ Жайықтан, Оралданбыз,
Туған жер жусанынан нәр алғанбыз.
Ән-күйге бөленсін деп келіп тұрмыз,
Алашқа арман болған Ақордамыз.
Қараойда ойламаған батар деп күн,
Жолында басы кеткен қатал ниеттің.
Күйімен Құрманғазы бірге әкелдік,
Рухын өшпейтұғын Махамбеттің.
Мың өліп, тірілген шақ өтті дер ем,
Жас ұрпақ, жанарыңнан отты көрем.
Мәңгіге желбіресін деп тілейміз,
Көк туы еркіндіктің көк тіреген – деп
жыр жолдарын арнады.
Қайрат ИШАнОв,
Астана қаласының тұрғыны
(Торғай өңірінің тумасы):
- Елордамыз Астана қаласында Батыс Қазақстан
облысы жәрмеңкесінің сәтті өтіп жатқандығына
куәмін. Жәрмеңкеге шығарылған өнімдер өте сапа-
лы, бағалары да көңілге қонымды. Ауыз толтырып
айтуға әбден тұрарлықтай.
Өз басым балық, ірімшік, сүт өнімдерін сатып ал-
дым. Жәрмеңке жоғары дәрежеде ұйымдастырыл-
ған. Осы шаруаның орайын келтірген барша басшы-
қосшыға рақмет айтамын.
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
oral_oniri@inbox.ru
5
мейРАм
Балнұр ҚЫДЫРБЕК,
Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Астананың сахнасында өнер көрсету оңай емес. Неге десеңіз, бұл еліміздің
майталман өнерпаздарының ғана орталығы емес, мұнда шетелден келген,
әлемге әйгілі өнер иелері де бар. Сондықтан осындағы көрермен қауымның
да өнерге қатысты ой-пікірлері қалыптасып қалған. Соған қарамастан Ба-
тыс Қазақстаннан келген өнер иелері өте жоғары деңгейдегі орындаушылық
шеберліктерін көрсете білді. Маған, әсіресе, ұнағаны – Еркін Нұрымбетов
дирижерлік еткен халық аспаптар оркестрі мен Александр Шевелев дирижер-
лік жасаған эстрадалық-симфониялық оркестрдің қатар шығып, жарыса өнер
көрсетуі болды. Шығармалары жоғары деңгейде өңделген және оған негізделген
билер де ерекше үйлесім тапқан.
Ақ Жайық өңірі
Батыстың дәстүрлі әндерінің
шеруін Ғ. Құрманғалиевтің «Сә-
лем, Қазақстан!» әнімен паш еткен
Асхат Қажығалиев, Күләш Қуаныш-
қалиева және Мирас Бақтығұлов-
қа көрермен ықыласы ерекше
болды.
Құрманғазының «Бұлбұлын»
домбыра үнімен жеткізген «Құр-
мет» орденінің иегері, белгілі күй-
ші Ермек Қазиевтің өнері таңдай
қақтырып, халықтың сұрауымен
дәулескер күйшінің орындауын-
да тағы бір күй тартылса, халық-
аралық «Серпер», «Жұбанов көк-
темі» фестивальдерінің лауреаты
Дәулеткерей атындағы қазақ ха-
лық аспаптары оркестрінің орын-
дауындағы (көркемдік жетекшісі
әрі бас дирижері – «Дарын» мем-
лекеттік жастар сыйлығының ие-
гері, мәдениет саласының үздігі
Еркін Нұрымбетов) Құрманғазы-
ның «Серпері» тыңдармандарын
жігерлендіре түсті.
Оркестрдің сүйемелдеуімен ән
шырқаған «Құрмет» орденінің ие-
гері, Қазақстанның еңбек сіңірген
әртісі Қанатқали Қожақов, Мұқан
Төлебаевтың «Біржан – Сара»
операсынан «Естайдың термесін»
орындаған Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері Қатимолла
Бердіғалиев сынды өнер майтал-
мандарына қошемет зор болды.
Батыс Қазақстан облысы әкім-
дігінің эстрадалық-симфониялық
оркестрі де айшықты өнер көр-
сетті.
Азаттықпен бірге ұлттық рухы-
мызды асқақтатып, мәдениетіміз-
ді мәңгілік құндылыққа айналдыр-
ған егемен елдің тәуелсіздік тойы-
на керемет тарту-таралғы жасаған
батысқазақстандықтардың өнер
кеші ойшыл ақын Қадыр Мырза
Әлінің сөзіне жазылған белгілі
сазгер Ескендір Хасанғалиевтің
«Атамекен» әнімен аяқталды.
Озық өнер үлгісін көрсеткен
өнер шеберлеріне Батыс Қазақ-
стан облысының әкімі Алтай
Көлгінов пен Астана қаласының
әкімі Әсет Есекешовтің атынан
ықылас гүлдері табыс етілді.
Ертай БИМҰхАНОВ,
Астана қаласы
суреттерді түсірген
Нұртас сАФУЛЛИН
Қажығали МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫ,
жазушы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері:
- Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 25 жыл-
дық мерейтойына байланысты еліміздің
әр облысының күндері өтуде. Соның
бірі ретінде бүгін батысқазақстандық
азаматтар осында келіп жатыр екен.
Тәуелсіздік дегеніміз - ең қасиетті ұғы-
мымыз. Оралдық ағайын экономика
мен ауыл шаруашылығының өсіп өркендеуін, өнер саласы-
ның дамуын Астанаға келіп көрсетіп жатыр. Ұйымдастырыл-
ған көрмелермен таныстық. Көптен кездеспеген оралдық
ағайындарды көріп, бір жасап қалдық.
Ілия ЖАҚАнОв,
жазушы, композитор,
Қазақстанның және Қырғызстанның
еңбек сіңірген өнер қайраткері:
- Жан-жүрегімізді тебіренткен өте
қуанышты күн, салтанатты күн. Мен
оралдық бауырларымның арасында
жиі болып, елді көп аралаймын. Өңірдің
жан-жақты өркендеп, дамуын көріп
шаттанып, қуанып жүремін. Тәуелсіздік
мерейтойына орайластырылған мере-
келік шарада оралдық ағайынды шын
жүректен құттықтап, ертеңгі күндеріңіз, жалпы болашағымыз
нұрлы болсын демекпін. Батыс Қазақстан облысы өзінің
сан-салалы дамуымен, өркендеуімен Тәуелсіз Қазақстанның
күш-қуатын, мәдениетін жан-жақты әлемге танытатын бір бе-
рекелі өңір болсын деп тілеймін.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ,
тележурналист:
- Сарыарқа төрінде өтіп жатқан Ба-
тыс Қазақстан облысының күндерінен
үлкен әсер алдық. Еліміздегі 14 облыс-
тың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі
бар. Әйтсе де, өнер өлкесінде Ақ Жайық
жұртшылығы өзіндік қолтаңбаға ие. Бұл
өңір қашанда өнер майталмандарына
бай. Бүгін әуелеген әнді, күмбірлеген
күйді де тыңдадық. Үлкен тебіреніспен
отырдық. Қатимолла ағамызды сахна-
дан көріп, жақыннан барып қолын алғандай күй кештік. Ба-
тыс Қазақстан облысы шикізат көздеріне бай екені белгілі.
Ондағы ауыл шаруашылығы саласының да үлкен қарқынмен
дамып келе жатқаны кешегі және бүгінгі бағасы қолжетімді,
бірақ сапасы жоғары азық-түлік жәрмеңкесінен байқалды.
Осындай шараны ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы-
ның өкілдеріне алғысымыз шексіз.
нұрлыбай ҚАЖЫҒАЛИЕв,
Астана қаласының тұрғыны
(Батыс Қазақстан облысының
тумасы):
- Бүгінгі Батыс Қазақстан және Аты-
рау облыстарының жәрмеңкесінен өте
ерекше әсермен тарқап бара жатырмыз.
Өзім Ақ Жайық өңірінің тумасымын.
Астанада тұрып жатқаныма он жыл бол-
ды.
Жерлестеріміз ұйымдастырған жәр-
меңкеге келіп, төмен бағаға сауда жа-
садық. Атыраудың балығынан, Оралдың етінен алдық.
Жерлестерімізге дән ризамыз, табыс тілеймін. Астанаға
жиірек келіп тұрғанын қалаймыз. Туған өлкені әр кез сағына-
мыз. Дұғай сәлем жолдаймыз.
6
oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
«вАЛЮТ – ТРАнЗИТ БАнК» АҚ тарату комиссиясы мүліктерді сату жөнінде сауда-саттықты
2016 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 11.00-де өткізіледі, орналасқан мекенжайы:
Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/1-үй, 310-кеңсе.
№7 лот - Біріктірілген лот:
1. Жер учаскесісіз жылжымайтын мүлікпен (187 бірлік) офис жаймасы, мекенжайы: Орал қаласы, Құрманғазы
көшесі, 168-үй, а пәтер.
2. Жер учаскесімен гараж, мекенжайы: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 168-үй, н.п. 1. Лоттың бастапқы бағасы –
55 910 331,00 теңге. Төменгі бағасы – 45 106 931,00 теңге. Лот бойынша сауда-саттықты жүргізу әдісі – голландтық.
Қадам – 5%.
Кепілді жарнасы бастапқы бағаның 5%-ын құрайды, өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 29 қыркүйегінде са-
ғат 15.00-де аяқталады:
«ВАЛЮТ – ТРАНЗИТ БАНК» АҚ, БИН 960640002303, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ Алматы қаласы
ЖБК KZ37125KZTM004300356, ББК NBRKKZKX, резидент белгісі - 1, экономика секторы - 4.
№7 лот бойынша голландтық әдісімен сауда-саттық катысушыларынан өтінімдер қабылдау және тіркеу
мына мекенжайда жүргізіледі: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/1-үй, 310-кеңсе.
Сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін күн сайын, демалыс күндері – сенбі, жексенбі. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден
14.00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпарат басылып шыққан күнінен бастап сауда-саттық басталардан бір сағат бұрын
уақытқа дейін қабылданады.
Алынған сату объектілері бойынша төлем төлеу талаптары сатып алынған объектінің төлемі сатушы мен сатып
алушының арасында жасалған сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін бес банктік күннен кешіктірілмей жүр-
гізіледі. Сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оның нақтылығын
растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін тапсырады.
Сауда-саттыққа қатысушыларды сату объектісімен таныстыру және сауда-саттық ережесімен танысу туралы мәлі-
меттерді ақпарат басылып шыққан күнінен бастап мына мекенжайдан алуға болады: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау
даңғылы, 51/1-үй, телефон: 8 (7212) 99-64-08, 99-64-05, 99-64-06; Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 168-үй, телефоны
8 (7112) 54-09-90.
Көптен күткен қуаныш
1970 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектеп
төбесінен су кетіп оқушылардың білім алуына қиындық
туғызып келген өзекті мәселе шешілген еді. Ақ жарқын,
мәрт мінезімен, кең пейілділігімен елге танылған Рахмет-
қалиев Өтеғали Орынғалиұлы уәдеге берік азамат екен-
дігін танытып, білім күні қарсаңында оқушыларға жылы
ұяларын жөндеп бітіріп берді.
Ауыл халқының Өтегали Орынғалиұлына ақ ниетпен
тілер алғысы ұшан-теңіз. Сонымен қатар күні-түні тын-
бай еңбектенген ұжым бригадирі Б. Алеуов, А. Алеуов,
Ө. Ермағанбетов, М. Алеуов, Б. Садықов сынды азаматтар-
ға ризашылықтарын білдіреді. Осындай қуанышты жағ-
дайды туғызуға мүмкіндік жасаған Қазталов ауданының
әкімдігіне, Қазталов аудандық білім беру бөліміне мектеп
оқушылары мен ауыл халқының айтар алғысы шексіз.
Мирон НЖББМ ұжымы
Ж
Жолдың ені жобаға сәйкес
- А
удан орталығын-
дағы ірі көшелер-
дің бірі – Абайда
күрделі жөндеу басталғалы көп-
теген адамдардан жол неге тар
деген сөздерді естіп жүрмін. Біз-
де 2013 жылы жасалған жобалық-
сметалық құжаттама бар. Оған сәй-
кес Абай көшесінің ені 6 метр бо-
луы тиіс. Яғни бұл жерде ешқан-
дай заңбұзушылық жоқ. Былай қа-
рағанда, облыс орталығы – Орал-
дағы бас көшелерді айтпағанда,
Аудан орталығындағы жекелеген көшелердің жолда-
рын күрделі жөндеу жұмысы басталғалы бері тұрғындар
арасында жол тар, мұның соңы ертең жол-көлік оқиғала-
рына апарып соқтыруы мүмкін, сосын жолға жиектас
(бордюр) қою қажет пе деген алыпқашпа әңгімелер жиі
айтылуда. Осы мәселеге байланысты таяуда аудан әкімі
С. Әлиев халықпен кездесіп, қалыптасқан жағдайға
егжей-тегжейлі түсінік берді.
қалған көшелердің барлығында
да асфальт 6 метрден аспайды.
Ақсайда тек бір ғана көше 9 метр,
қалғандары 6 метр. Екіншіден,
Абай көшесін 6 метр етіп жасауы-
мыздың себебі бюджет тапшылы-
ғына, экономикалық қиыншылық-
тарға байланысты. Бөлінген қар-
жы – 110 млн. теңге. Егер көшенің
енін 9 метр қылатын болсақ, жо-
баға бөлінген қаржы 50 пайыз-
ға кеміп кетеді де, жол бітпей қа-
лады. Жалпы, Тасқаланың ішінде-
гі асфальты бар көшелердің кез
келгені 6 метрдің төңірегінде. Ал
жиектасқа келетін болсақ, оны
қою арқылы біз бірнеше мәселені
шеше аламыз. Біріншіден, көктем
мен күзде көліктер кез келген жер-
ден жолға шығып балшық тасы-
майды. Екіншіден, ол көлік жүргі-
зушілер мен жаяу жолаушылар-
дың қауіпсіздігі үшін қажет, - деді
Санжар Жұматайұлы.
Одан әрі аудан басшысы тұр-
ғындардың жол белгілерін қою,
таксилерді тәртіпке шақыру, көше-
ге бейнекамералар орнату, жыл-
дамдық өлшегіш құрылғылар қою,
қыста қар тазалау туралы сауал-
дарына жауап қайтарды. Күні бү-
гін ауылда төрт бейнекамера бар,
алдағы уақытта қосымша сегіз бей-
некамера орнатылып, олардың
бәрі бір жүйеге біріктірілмек. Жа-
қында бір жылдамдық өлшегіш
құрылғы сатып алынбақ. Әкімнің
айтуынша, соңғы үш жылда аудан
көлемінде жол белгілерін ұрлау-
ға, бүлдіруге байланысты 89 қыл-
мыстық іс қозғалған. «Мұны сырт-
тан келіп ешкім істемейді, бәрі де
өзімізге, ішкі мәдениетімізге, тә-
лім-тәрбиемізге байланысты» –
десті ақсақалдар. Жиналғандар
алдағы уақытта аудан өміріне қа-
тысты ірі жобаларды әкімдікпен
бірігіп талқылауға уағдаласты.
Достарыңызбен бөлісу: |