ӨБӨЖ тақырыбы: Д. А.Қонаев. Кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбектері Қабылдаған: Нұрманова Шынар Дайындаған: Сатыбалды Нұрила Скакова Нозли Тәжібай Ақниет Еркін Мерей Тобы



Дата18.05.2023
өлшемі48,25 Kb.
#94546
Байланысты:
Тарих өбөж


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



ӨБӨЖ тақырыбы: Д.А.Қонаев . Кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбектері

Қабылдаған: Нұрманова Шынар


Дайындаған: Сатыбалды Нұрила
Скакова Нозли
Тәжібай Ақниет
Еркін Мерей
Тобы: ЖМК-211

Туркестан2023


Кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбектері

Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері,өлшеусіз еңбектері.


Халқының біртуар перзенті, есімі дүние жүзіне мәшһүр болған аса көрнекті қоғам кайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі ұрпаққа үлгі жинақта Димекеннің көз көрген замандастарының еңбек және соғыс ардагерлерінің әдебиет пен өнер адамдарының, ауылдың қарапайым енбеккерлерінің естеліктері топтастырылған. Қай естелікті алсаңыз да халқына барша ғұмырын арнаған абзал азаматтың адамгер қасиеттері, карапайымдылығы кісілік келбеті, игілікті істері, мінез-құлқы,болмыс-бітімі жайлы ақтарыла сыр шертеді.
Көзінің тірісінде-ақ "Ди-маш аға!" деп күллі Алаш жұрты төбесіне көтере ұлық-таған Дінмұхамед Ахметулы-шын мәнінде, қазақтыңіргесін нықтап, еңсесін тік-теп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен айтулы тұлға. Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, қурылыс инфраструктурасын, ғылым-білімін, мәдениетін өркендетуге оның сіңірген өлшеусіз еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Сонымен қатар бірегей тұлғаның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде. Ол туралы бүкіл ел-жүрт жабылып, күні-түні шежіре шертсе де сағынышты сырдың түгесілмесі анық. Замандастарының, көзкөрген зиялы қауым өкілдерінің естеліктеріне жүгіне келе,біз соны аңғардық Мәселен, атақты Ыбырай Жақаев оны: "Жұрттың ішінде пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді", - деп дараласа, Олжас Сүлейменовтің: "Үлкен мәдениеттің, терең білімнің иесі Димаш Ахметұлы шығармашылық адамдарын қатты қадірлейтін және өзі де қадірлі болатын. "Қонаев дауірінен" бурын да, кейін де бірде-бір артист, суретші жазушы, сәулетші өзінің халыққа қаншалық қажеттілігін,өз бағасын, қадір-қасиетін сезінген емес Бірде-бір шығармашылық адамы мұқтаждық көрген емес" деп ағынан жарылғаны бар. Ал Ескендір Хасанғалиев болса: "Димаш ағаның есте сақтау қабілеті өте жақсы еді. Кез келген әннің сөзін жазған ақынды да, әнін жазған композиторларды да "Мынау пәленшенің әні ғой", - деп атын атап, түсін түстеп отыратын", - дейді Сондай ақ бір жолы Мағжан Жұмабаев-тың "Сүй, жан сәулем" деген өлеңін түгелімен жатқа айтып бергенде таңғалғанын жасыра алмай: "Димаш аға, сіздің радиодан, теледидардан орысша сөйлегеннізді естіп, қазақ тіліне шорқақтау деп ойлайтын едік" дегенін, ал Д.Қонаевтың "Шырағым-ау, біз Ахмет, Мағжандардың өлендерімен өскен ұрпақ емеспіз бе? деп Алаш арыстарына деген сағынышын сездіргенін айтады.
Қалай болғанда да, Дінмұхамед Ахметұлын жақын білген, араласқан адамдардың барлығы ол туралы айтқанда ең әуелі кісілігі мен кішілігін ерекше еске алады. Биік мансап пен атақ-дәреже ешқашан Д.Қонаевтың басын айналдырып, өмірде өзі бәрінен жоғары қойған қарапайымдылық, адалдық, принципшілдік іспетті ұстанымдарынан тандыра алмаған."Қонаев қазаққа құдай берген адам болды. Экономиканы білуі де, басқару тәсілі де, адамгершілік қасиеті де - бәрі бірін-бірі толықтырып, о кісіні ерекше қасиетті етіп көрсететін", - деген екен бір сұхбатында партия жүйесінде талай хыл онымен қызметтес болған Кеңес Аухадиев. Елу жыл ел тағдырына араласып,жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы көреген саясаткер ретінде танылды. Көп нәрсені Орталықтың кесіп-пішіп отырғанына қарамастан, ұлт мүддесіне қатысты мәселеде ешкімге есесін жібермеуге күш салды. Тың жерлерді игеру, Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ аудандарын қайтару, Шардара өңіріне атом электр станциясын салғызбау, Ерейментау топырағынан неміс автономиясын ашуға жол бермеу тәрізді маңызы зор мәселелерде білікті саясат ұстанып, асқан табандылық танытты. Замандастарының пікіріне жүгінсек, Д.Ахметұлы Мәскеудің еліміздің тағдырына қатысты әрбір іс-әрекетін алдын ала сезіп, біліп отырды және оны өз пай-дасына шешуге тырысты. Білікті басшылық нәтижесінде сол жылдарда Қазақстан Республикасы Кенес Одағы көлеміндегі 14-орыннан алдыңғы үштіктің қатарына шықты. Одақ бойынша екінші астықты алқапқа және көпсалалы өнеркәсіп аймағына айналды. Сөйтіп, еліміздің өндірістік ауқымы он есеге өсті. Дамудың мұндай қарқыны басқа бірде-бір республикада болмағаны даусыз.Ресми құжаттар бойынша, Д.Қонаев басшылық жасаған 1955 жылдан 1986 жылға дейінгі аралықта республикада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,9 есе, ауыл шаруашылығы 6,2 есе, құрылыс 8 есеге жуық өсалған деген дерек бар. Тұрғын үйлер-мен қатар, кейін Алматының сәніне йналған ғимараттар - 25 қабатты "Қазақстан" қонақүйі, Республикасарайы, Оқушылар сарайы, М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры, Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, "Арасан" моншасы, Үлттық кітапхана, Улттық Ғылым академиясы ғимараттары бой көтерді. "Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, қала халқының санын 1,5 миллионнан асырмау, жан-жағынан кішкентай қалалар салу сол кездерден бастап айтыла бастады. Қаланың ластанбауын ойлап, оған үлкен машиналарды кіргізбеу үшін қаланың сыртынан айналма жол салдыруды бастап кеткен де –Д.Қонаев", - дейді К.Аухадиев. Ол кісінің айтуынша, кезінде "айналма шеңбер жолды тоқтата тұрып, алдымен метро салайық" деушілер де болыпты. Оған Димекең: "Алматыдағы метро құрылысы еш жердегіге ұқсамайды. Оны бастасақ, дер кезінде бөгелмей бітіру керек. Әйтпесе қауіпті. Тау етегі болғандықтан, Алматыдағы жер асты топырағының байланысы нашар, бос", - деп жауап қайтарған. Дегенмен, Алматыға метро салудың қажет екенін Д.Ахметұлы жақсы түсінген, оның қымбатқа түсетінін де білген. Соған қарамастан, Алматыда метро салуға СОКП ОК Саяси бюросының қаулысын шығартып, мұқият дайындық жұмыстарын жүргізген, жоспарын, жобасын жасатқан. Бүкіл бекеттердің орны,аты белгіленген. Сөйтіп, құрылысты бастап жатқанд а өзі қызметтен шеттеп қалған.
КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев жолдастың кітабына оның еліміздегі және шетелдерде сөйлеген сөздері, мақалалары, мақалалары мен баяндамалары енгізілген. 1965-1978 жылдар аралығы. Олар дамыған социализм жағдайындағы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ішкі және халықаралық саясатының өзекті мәселелерін, оны тұрақты жүзеге асырудағы республика Коммунистік партиясының жан-жақты жұмысын көрсетеді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы оқиғаларды ойға алғанда біз ол кісінің тек Қазақстан халқының қадірлі азаматы ғана емес , Орталық Азия республикалары мен бұрынғы Кеңестер Одағының халқына ерекше еңбегі сіңген , қадірлі азамат еді деген тұжырымға келеміз. Димаш ағаға бағаны біз емес , бұрынғы Кеңестер одағының кеңістігінің халқы берген мемлекет қайраткері еді. Елу жыл ел ағасы болып, Қазақстанды ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ардақты есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ол басшылық еткен жылдары республикамыздың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен руханияты қарышты қадаммен дамып, еліміз аграрлы елден аграрлық-индустриялық елге, мәдениеті мен өнері, білімі мен ғылымы шарықтап өскен алдыңғы қатарлы республикаға айналды. Ол кісінің тұсында елімізде 27 өндірісті қала салынып, жер асты байлықтарын жаппай игеруге қол жетті. Астық өндіру 3 миллионнан 7 миллион тоннаға, қой саны 16 миллионнан 37 миллионға, ірі қара 4 миллионнан 10 миллионға өсті. Дінмұхамед Ахметұлының өз сөзімен айтқанда, ол елді басқарған 30 жыл ішінде бір Қазақстанды 7 Қазақстан етіп өсірді. Ол экономикамен қатар, білім мен ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөлді. Жоғары оқу орындарының саны 26-дан 55-ке дейін, студенттер қатары 70 мыңнан 275 мыңға дейін, олардағы профессор-оқытушылар саны 9 мыңнан 22 мыңға дейін жетті. Барлық облыстарда мұғалімдер даярлайтын педагогикалық институттар ашылды. Ел алдындағы ерен еңбегі үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі Д.А.Қонаев үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Бүкіл саналы ғұмыры мемлекет басқару ісіне арнаған, елім деп еңіреп өткен ер тұлғаның өмірі мен қызмет жолы өнегеге толы. Совет Одағындағы басшылар арасында ең беделді адамдардың бірі саналатын. Қонаевты жамандаушылар да болған. Олкісінің де үстінен Мәскеуге әр түрлі арыздар түсетін.Солардың бірде-бірін қудалап, бірде-біріне ол кісі қысымкөрсеткен емес. Кеңдігі ме, кешірімділігі ме әлде олардыңұсақтығына биіктен қарағаны ма - өзі біледі. Өзі жақсылық жасаған адамдар өзіне қарсы болып жатқанның өзінде кек сақтамайтын. Жұрт та, сірә, о кісінің сондай дара мінезін дәл байқап жақсы көретін болу керек.
Дінмұхамед Ахметұлының ғылымға деген талпынысы мен құштарлығы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғауына әкелді. Кандидаттық диссертацияның негізінде оның бірнеше ғылыми еңбектері баспадан шығады. Олардың қатарында "Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-жару жұмыстары" (1949), "Қоңырат мыс кенін қазу" (1949) т.б. жұмыстары бар. Үш жылдан кейін, 1952 жылы сәуірде Д.А. Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және президенті болып сайланады. Дінмұхамед Ахметұлының қайтадан бірінші хатшы болуы кездейсоқ әдеттегі қызмет ауыстыру емес. Ол КОКП жүйесінде аса белгілі тұлға болды. Д.А. Қонаев 1966 жылы КОКП ОК Саяси Бюросы мүшелігіне кандидат, бес жылдан кейін оның толық мүшесі болып сайланды, 21 жыл үздіксіз саяси бюро құрамында болды. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (екінші сайлауынан бастап және КСРО Жоғарғы Кеңесінің үшінші сайлауынан бастап) депутаты болып әлденеше рет сайланды. Қазақстан Компартиясының IV және одан кейінгі барлықсъездерінің делегаты болды. V съезден бастап Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. КОКП ХX съезінен бастап (1956) Қазакстан Компартиясының бірінші хатшылығынан босатылганга дейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы ОК мүшесі болып сайланып келді. Сонымен бірге Д.А. Қонаев 1962 жылдан бастап КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Кенес мемлекеті мен КОПК Орталық Комитетіндегі аса жоғары мәртебесі Д. Конаевка Республиканың сан кырлы мәселелерін негурлым қыска мерзімде тым жедел шешуіне мүмкіндік берді. Мүмкіңдікті халық мүддесіне және игілігіне шеберлікпен барынша пайдалана білді. 60-шы жылдардың ортасында ел экономикасының мазмұны мен басты бағытын анықтау кең көлемде түбегейлі шаруашылық реформасын жүзеге асыруға тікелей байланысты болды.
Республикамыз жалпылама орта, кәсіби орта және жоғары білім салаларын, ғылымды дамытуда, мәдениетті өркендетуде бұрын-соңды болмаған сапалы табысқа жетті. Аталған жетістіктерді ұйымдастырып, аяғына дейін жеткізген Қонаев екендігі даусыз. 60-жылдың соңында, 70-жылдың басында Мәскеу мен Пекин арасындағы қатынас өте қарама-қайшылық жағдайға тап болды. Сөйтіп КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының шешімі бойынша Қазақстанда өте ірі Орталық Азия әскери округі құрылды. Осының 20 салдарынан Қазақстанда осы мекемеге қарайтын әскери бөлімдер, олардың қатарында ядролық қару-жарақпен мұздай қаруланғандар көптеп орналастырылды. Осы өкругтің әскери кеңесінің мүшесі әрі Республиканың жетекшісі ретінде Д.А. Қонаев оның қабылдаған саяси, стратегиялық және тактикалық шешімдеріне саяси тұрғыдан баға беру ісіне араласты. 60-70-ші жылдары Республикада өндірілетін ұлттық табыстың қомақты үлесі Қазақстанға орналастырылған осы алпауыт әскери округтің талап-мұқтаждарын өтеуге кетіп жатты. Жағдайдың осылай қалыптасуында Д.А. Қонаевтын жеке басының кінәсі емес, сол орталықтың озбырлық саясатынан туындаған Қазакстан қасіретінің көрінісі еді. Д.А. Қонаев өзінің қызмет жағдайына орай саясаттағы әдебиет пен өнердегі ұлттық және интернационалдық мәселелерге үлкен мән беріп, олармен шындап айналысып, халықтың талантты өкілдеріне қажет болғанда көмек беріп, оларды қорғап отырған. Бұған жарқын мысал ретінде Д. Қонаевтың Олжас Сүлейменовтың "Аз и Я" кітабы үшін тағылған саяси айыптардан қорғап қалғандығын келтіруге болады. Ұзақ жылдар Республика басшылығында болған Д.А. Қонаев халқына барынша адал қызмет еткен, жан-жақты әрі терең білімді, көп қырлы талант иесі, үлкен тұлға болған, Д.А. Қонаев өзінің келешекті дәл болжағыш, есте сақтау қабілетінің зор болуына сай Орталықтың әрбір қадамын алдын ала сезіп, дәлдікпен жұмыс жасап отырған.
Д.А. Қонаев Республикамыздың территориясының біртұтас бүтіндігін сақтап қалуға бар күшін сарқа жұмсайды. Сөйтіп кезінде Өзбекстанға берген жерлерді қайтарып алады, Орталық Қазақстанда неміс автономиясын және Маңғыстауды Түркменстанға беру жөніндегі шешімге үзілді-кесілді қарсы шығып, дариядай ақылмен оңтайлы іс-әрекет жасап, дуалы сөзімен көсем мінез көрсетіп, елі үшін осындай игі жұмыс жасағандығын атап айтуымыз міндет. Д.А. Қонаевтың Алматыны қазіргі заман қаласына айналдырудағы сіңірген еңбегі ерекше. Оның кезінде Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы, Медеу спорт кешені, сол жердегі шатқалдарда су тасқынына қарсы құрылыс, Үлкен Алматы каналы, 25 қабатты "Қазақстан" мейманханасы, М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Үлттық кітапхана, "Арман кинотеатры, Алматы мақта-мата комбинаты Мәдениет сарайы, Достық даңғылындағы көп қабатты үйлер, кокбазар кешені, тоғыз кабатты Баспасөз үйі, Көркемсурет колледжі бірінші және екінші Алматы теміржол, Әуежай вокзалдары, жаңа әуежай ғимараты, Пионерлер үйі салынын ел игілигіне айналды. Қонаев жан-жақты, әртекті мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызмет бабын, жемісті ғылыми зерттеу және ғылымды ұйымдастырып басқаруды асқан шеберлікпен ұштастыра білді.
Д.А. Қонаев Министрлер Кенесінің төрағасы, ҚазақстанКомпартиясынын ОК бірінші хатшысы болған кезінде Ғылым академиясын назардан тыс қалдырмай, үнемі материалдық және қажетті каржы бөлгізіп, жаңа ғылыми-зерттеу орталыктары мен институттарды ұйымдастырып, академия қызметкерлеріне тұрғын үй салғызған. Осы жылдары география, сейсмология, ұйғыртану, молекулярлық биология және биохимия, органикалық синтез және көмірқышқыл химия ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылып, Қарағандыда академияның Орталық-Қазақстан бөлімшесі құрылады.Ол өзінің соңына аса үлкен шығармашылық мұра қалдырды, оның 450-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік және публицистикалық жұмыстары жарияланды. Техника ғылымдарының докторы, академик Д.А. Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен қазу теориясы мен практикасының көкейтесті буынды мәселелеріне арналған, сонымен бірге кен қопарудың тиімді әдістерін 23 ғылыми жан-жақты зерттеп, тікелей өндіріске енгізді.
Д.Қонаев қандай адам болған.
«Түбін білмеген түгін білмейді» деп халық даналығында айтылғандай, атамыз қазақтың ата-тегін, тіптен жеті атасының арғы аталарына дейін ажырата алатын асыл қасиеттері басқа ұлттарға қарағанда өте бір артықшылық қасиеті екендігінде дау жоқ. Өкінішке орай, осындай халқымызға тән артықшылық қасиеттерге кейінгі жастар мән бермей, оны рушылдыққа, жершілдікке апарып телиді. Өткен XХ ғасырда қазақ халқын әлемге танытқан, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда жарты ғасырға жуық республика басшылығында, ширек ғасыр мемлекетінің бірінші басшысы болған, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ата-тегі, тәрбие алған ортасы жайлы ел арасында алуан-алуан «әңгімелер» айтылып, кейде кейбір «білгішсымақтардың» тисе - торғайға, тимесе - бұтаққа дегендей, «Димекеңнің ұлты қазақ емес екен» деген сияқты асыра сілтеп жіберетіні бар. Осындайда «Ит үреді, керуен көшеді» деген қазақтың керемет мақалы ойға оралады. Біз мерзімді басылымдардан, сондай-ақ Д.А. Қонаевтың өзінің көзі тірісінде жазған «Өтті дәурен осылай» аты естелік еңбегінен Димекеңнің 26 өз әкесі Меңліахмет және ата-тегі жайлы айтқан біраз естелігін, замандастарының айткан деректерін білеміз. Ал, әкесі Меңліахметтің арғы ата-бабалары туралы деректерді көпшілігіміз біле бермейміз.
Қонайдың шыққан тегі кім болған? Енді әңгіме тізгінін сол жаққа бұрайық. Қонай ата туралы қолда бар деректерді айтпай тұрып, реті келгенде аз ғана шегініс жасай отырып, мына бір жайға назар аудара кетейік. Қазақтың белгілі сатирик ақыны, казақтың тілі үшін жанын шүберекке түйіп күресіп, бүкіл елімізде қазақ мектептерін ашуға мұрындық болған, өмірден ерте кеткен ағамыз Шона Смаханұлы кезінде проза саласында да қалам тартқан. Оның 1984 жылы (мүмкін одан да бұрынырақ жазған болар) жарық көрген «Үміт жұлдызы» атты деректі повесін оқысаңыз, сондағы басты кейіпкер - Жанайдың (прототипі-Қонай), оның арғы атасы Қазынабай (Азынабай), Қазынабайдың туған ұлы Жанайдың, одан туған ұл Жұмабайдың бастан кешкен қилы-қилы тағдырлары Дінмұхамед Ахметұлының (дұрысында Меңліахметұлының) ата-тегі мен үрім-бұтақтарының өмірбаяндық деректерімен сәйкес келеді. Повесте баяндалатын Беймембет атаның екі әйелі - Сары кемпір мен Қара кемпірдің, Нұрм мбет, Жетібай мен Балтабайдың бастан кешкен хикаялары да Қонай ата жайлы көптеген деректерден мағлұмат береді. Шығармадағы Қазынабай әулетінің жер дауы мен ел дауы, жесір дауына байланысты 70, 80 түтіннің Жетісу жерінен Арқадағы Тобықты еліне үдере көшуі, одан арада жиырма жыл өткенде ата жұртына қайта оралуы, повестегі басты кейіпкер Жанайдың (Қонайдың) ерлік істері, оның Сұраншы батыр бастаған сарбаздарымен бірге Қоқан басқыншыларына қарсы күреске қатысқандығы, жау жүректілігі, қазақтың жігіттеріне тән сегіз қырлы, бір сырлы болуы, елім деп, жерім деп, ата қонысы - Жетісуға қайта көшіп келгенде бұрын Жанайды жан- тәнімен сүйген қызы Ұлдарға деген қызғаныштан кек алу үшін Жанайға қанжар сұғын алып, қапыда мерт қылуы Дінмұхамед Ахметұлының «Өтті дәурен осылай» атты өмірбаяндық кітабындағы деректермен сәйкес келеді, Ондағы жер мен су, атақоныс, ру атаулары да Дінмұхамед Ахметұлының арғы атасы Қонайдың өмір-тарихынан қаз қалпында сыр шертеді.
Қылышынан қан тамған кеңес өкіметінің тұсында ел ағаларының басты арманы — ұлтын сақтап қалу болды. Олар тәуелсіздік үшін күрес жолында жан алысып-жан берісті. Дәл осындай азаматтардың бірі Дінмұхамед Қонаев еді. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқы үшін қалай аянбай еңбек етсе, елі де оны дәл солай ұлықтап, төбесіне көтерді. Осы күнге дейін барлық жасағанын ескеріп, Димаш Ахметұлының өмір жолы бірізді болды деп айту қиын. Марқұмның өзі де өсиет естеліктерінде ғұмырында қуаныш пен қайғының қатар жүргені туралы айтып кеткен-ді.
Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.
1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарының алғашқы кезеңінде, яғни 1941–1942 жылдары, неміс-фашист басқыншылары КСРО-ның Мəскеуге дейінгі батыс аудандарын басып алған болатын. Сондықтан Сталин басқарған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қазақстаннан вольфрам мен молибден концентратын күрт көбейтуді талап етті. Себебі танкілердің сауытының мықтылығы оның құрамындағы вольфрам мен молибденнің пайыздық мөлшерде жеткілікті болуына тікелей байланысты болатын. Сондықтан да Д.А.Қонаевқа Ақшатаудағы вольфрам комбинатының салынуын жеделдету міндеті тапсырылды. Сонан кейін Балқашқа барып, Қоңыраттың қалайы руда кендерінен алынатын молибден концентратының құрамын тексеріп жақсарту ісі тұрған еді. Бұл үшін ең алдымен кен көзінің бар-жоқтығын тексеруге барлау жасап, өндіріс орнын тұрғызу міндеті тұрды.
Аңызға айналған тұлғаның бір ерекше қасиеті - қарапайымдылығы. Еңбек жолын тау-кен инженері болып бастап, елағасы, яғни Қазақстан басшысы қызметімен аяқтаған. Димаш Ахметұлы зейнеттік демалысқа шыққаннан кейін өзіне жаңа визитка жасатса керек. Сөйтіп оған аты жөнінен басқа "тау-кен инженері" деген жалғыз ауыз сөз жазғызған. Оны көрген жақындары: "бұл қалай? Докторлық дәрежеңіз бен академиялық атағыңызды неліктен қоспадыңыз ?" таңдана сұрайды.1959 жылы Қазақстанда 2 млн 787 мың қазақ болса, 1987 жылы 7 миллионға жетті. 1976-1986 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде жүздеген елді мекен, 68 жұмысшы поселкасы, 43 қала бой көтерді. 1916 жылы қазақ жерінде 18 миллион 364 мың қой болған екен. Тек 1955 жылы шамамен 17 миллионға жуықтаған. Ал 1986 жылы Қазақстанда қой 36 миллионнан , ірі қара 9 миллионнан асқан. Д.Қонаев басқарған кезде елімізде құрылыс та қарқынды жүрді.
Желтоқсан көтерілісінен басталып, 90-жылдарға дейін жалғасқан орынсыз қаралаулар мен байбаламдар Дінмұхамед Ахметұлының елін көркейтуге бағытталған үзақ жылғы еңбегін әп-сәтте желге үшқандай етті, Бірақ үлкен жүректі азамат табиғатына тән сабырмен, кең мінезбен бәріне көнді, бәрін көтерді.Еңбегін бұлдап, ешкімге кінә артқан жоқ. Кеңес Аухадиевше айтсақ "Көзі жұмылғанша "Қалың орманда тек биік қарағайдың басын ғана жел шайқайды, халқыма өкпем жоқ" деуден танбай кетті". Яғни өз арының ақтығына сенімі кәміл болған ұлы тұлға әділеттің түбі салтанат құрарын білді және қателескен жоқ. Егер бүгін қалың қазақ Димаш Ахметұлының кісілік келбетін, қайраткерлігін,тазалығын, әділдігін, басқа да толып жатқан ізгі қасиеттерін жыр қылып айтудан танбай келе жатқан болса, оның бәрі - үлтын шексіз сүйген және оған қалтқысыз қызмет еткен тұлғаны сағынғандығынан, ең бастысы,бағасын білгендігінен!…

Қолданылған әдебиеттер:


“Мұхиттан өткен қайық” Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады. Ұлы тұлғалар атты ғылыми ғұмырнамалық сериясы – Орталық ғылыми кітапхана,2011
“Елу жыл ел ағасы” Серік Әбдірайымұлы , Алматы, 2002

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет