7. Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза қопарып, көптің көз алдына — көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
8. Фантастикалық образ — қиялдан туған -каһарман, өмірде бол-маған және жоқ, тек адамның акиқатқа ұқсас арманында ғана бедерленген бейне;
9. Трагедиялық образ - адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы күрестен, қайшылықтан, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең, шебер жинақтаудан туады.
10. Геройлық образ—ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Образдың жасалу тəсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы əдемілік туралы ілімінде бірнеше (комедия жəне
трагедия,фантастика дегендер тəрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі
күлкілі жайлардан туса, трагедиябұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны, фантастика асыңқы, асқақ əрекеттерден туатыны мəлім. Міне, осы тəсілдерді əр қайсысына лайық,
трагедиялық,фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тəсіл
арқылы көркем образдардың юморлық жəне сатиралық түрлері жасалады.
Əрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы
юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің əрқайсысындағы күлкінің сипаты əр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады.
- Романтикалық образ: Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады.
- Реалистік образ: Т. Ахтановтың “Дала сырындағы” Қоспан образын алып қарайық. Қоспанды образ ретінде байыптасақ, оның өмірдегі сымбаты да, өнердегі шынайылығы да, міне, дәл осындай таза, табиғи шыншылдығында жатыр.
- Эпикалық образ: Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында. Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
- Лирикалық образ: Қ. Аманжолов әзірбайжан қызының әдемі образын жасайды. Ақынның субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.
- Драмалық образ: Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле - бәрі де драмалық образдар, өйткені бұларды біз тек қана сахнадан, актерлердің ойындары арқылы жүзбе-жүз көріп, таныдық.
- Юморлық образ: Ғабиден Мұстафин Олжабектің (“Шығанақ” романында) оспадар қылықтарына, оқшау мінездеріне қанша күлгенмен, бұл адамды іштей ұнатып, оның адалдығына оқырманның да ықыласын аудара отырады. Себебі, автордағы мақсат — Олжабектерді құрту емес, түзеу.
- Сатиралық образ: Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” көп сөйлемей аз айтып, қайталамай бір айтып, көздеген нысанасына дәл тигізіп отыратын ирониясында, сарказмінде адам мінезін аз суретпен жарқ еткізіп ашып кетіп отыратын ұтымды астар бар.
- Фантастикалық образ: Фантастикалық қаһарман ретінде қазақ ауыз әдебиетінің де өз келесінде туғызған кереметтердің бірі — Ер Төстік.
- Трагедиялық образ: “Қыз Жібек” жырындағы Төлеген Бекежан қарақшының жауыздық құрбаны ғана емес, әкесі Базарбайдың батасын аттап, әке мен бала арасындағы) көне тәртіпті бұзғаны үшін де жолы болмаған жан секілді.
- Геройлық образ: Төлеген Тоқтаров пен Александр Матросовтың, Мәншүк Мәметова мені Зоя Космодемьянская-ның өлімдері де өлмес өмірге, қайғылы қазалары қаһармандыққа ұласқаны мәлім. Мұның өзі, юмор мен сатираның арасы секілді, өнерде өмірде де трагедия мен геройлықтың арасында да “қытай қорғаны” жоқ екеніне дәлел.
- З. Қабдолов «Реалисттік образ - нанымды образ: оның мінез-құлқы, іс-әреткеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға... бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі. Өйткені, суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады» деп анықтама береді.
- «Әр сөз» – дейді Потебня, – қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма қалпын бастан кешіреді». Бұған қарағанда, әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Мыс: қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес, шынында да, біздің көз алдымызға образ, сурет болып елестейді. Осындай түп-төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Қорытынды - Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес.
Пайдаланылған әдебиеттер: - Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш, Алматы, 1989ж.
- Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
- Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
- Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе, Қарағанды, 2004ж.
Достарыңызбен бөлісу: |