МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ КƏСІБИ ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ДЕНСАУЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ТАЛАПТАРЫН ҚР СТ OHSAS 18001-2008 СТАНДАРТЫ БОЙЫНША БАҒАЛАУ
Таңжарықов П., профессор, т.ғ.к.,
pan_19600214@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-6490-9972
Сарабекова Ұ., PhD, қауымд. профессор м.а,
ulbolsyn.sar@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-9548-8333
Төлеген А., магистрант,
aiym-tolegen@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-1610-7104
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
Андатпа. Мақалада мұнай-газ саласындағы шикізатты өндіру, пайдалану және тасымалдау кезінде болатын қауіпті жағдайлар келтірілген. Мұнай-газ кешендерінде еңбекті қорғаудың басты мақсаты - қызметкерлердің қауіпсіз еңбек қызметін құру, сондай-ақ персоналдың ауруларын болдырмау болып табылады. Осыған байланысты еңбек қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау және бағалау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі жұмыс жасайды. Мұнай-газ саласындағы кəсіби қауіпсіздік жəне денсаулық менеджменті жүйесі талаптары ҚР стандарттары талаптарына сәйкес жүргізіліп отырады. OH&S саласындағы қызмет менеджменті мəселелерін қамтитын OHSAS стандарттары ұйымға талаптары менеджмент жөніндегі басқа талаптармен біріктіріле алатын OH&S нəтижелі менеджмент жүйесінің элементтері туралы ақпарат беруге жəне ұйымдарға OH&S саласындағы мақсаттарына жəне экономикалық мақсаттарына жетуге көмектесуге арналған. Жалпы жұмыс барысында өндірістік тәуекел көрсеткіштерін есептеу арқылы еңбекті қорғау жағдайына баға беру жолдары ұсынылды. Бұл кәсіпорын ішінде еңбек қорғау жұмыстарын жетілдіреді. Еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін құру нәтижесінде ұйым - әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздікті басқарудың тиімді жүйесі есебінен инвесторлар өзінің тартымдылығын қамтамасыз ете алады. Авариялар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар салдарынан туындайтын жоспардан тыс экономикалық шығындарды төмендетіп, өзінің имиджін жақсартып, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.