Образования


Кілт сөздер: өсімдік, қант құмайы, сорт, іріктеу, вегетациялық кезең, жерсіндіру, өнімділік, сапа Кіріспе



бет31/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248
Кілт сөздер: өсімдік, қант құмайы, сорт, іріктеу, вегетациялық кезең, жерсіндіру, өнімділік, сапа


Кіріспе. Аграрлық секторлардағы жүргізілген реформалардың нәтижесінде мемлекеттік меншіктегі нысанды басқарудың құқықтық негізі басқа формаларына көшті. Сондықтан аграрлық секторлардағы өндірістік қатынастар түбегейлі өзгерді. Агроөнеркәсіп кешені саласында экономикалық қатынастар майдаланған шаруашылықтар мен фермерлердің экономикалық ахуалдары төмендегені байқалады. Соңғы жылдары жекешелендіру нәтижесінде ауыспалы егістіктерде агрохимиялық картограмма жасалмау себептеріне байланысты, егіс алқаптарының құнарлығы төмендеуінен, сондай-ақ отандық селекциялық жұмыстарының жүргізілмеу салдарынан алынатын өнім мен сапаға соңғы жылдарда ауылшаруашылық дақылдарының өнімдері елеулі түрде төмендеп кетті. Қазіргі кезде ауылшаруашылығының кеңейтілген өндірісін былай қойғанда, қаржы тапшылығына сай өндірісті дамыту көптеген қиындықтарға әкеліп соғуда. Барлық дамыған мемлекеттерде әр саланың даму қарқыны ғылыми түрде дәлелденген теориялық қағидалары, принциптері мен әдіс-тәсілдері нарық әлемінде қолданылып, өзінің өміршеңдігін көрсетті.
Оған нәтижесінде бүкіл әлемдік сауда ұйымына өркениетті деңгейіне қарай, өсе түскен өмірлік қажеттіліктен өндіру ғана емес, сонымен қатар тұтыну арасындағы өңдеу (сапа), орамдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Бұл биік межеге біршама қысқа мерзімде орнықты білім, нақты ғылым мен озық шаруашылық тәжірибе нәтижелерін қолдана отырып, ауылшаруашылық салаларын ұтымды ұйымдастыру арқасында ғана қол жеткізіледі. Осы бағытта өңір басшысы ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру мәселесі жөнінде Ауыл шаруашылық басқармасына үлкен талаптар қойып отыр. Осы түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу бағытында арнайы күріш ауыспалы егістіктерінде негізгі дақыл күріштің үлес салмағын азайта отырып, өнімділігі мен қаржылық қайтарылымы тең, суды аз талап ететін дақылдарды жедел түрде зерттеп, зерделеу жұмыстары тапсырылды. Осы бағытта «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ұжымының ғалымдары суды аз талап ететін қант құмайы дақылын өндірістік жағдайда егіп, оған біршама зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қант құмайының дәнін өңдеу арқылы жарма, ұн, крахмал және спирт өндірісінде пайдалану мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ көк балаусасы мен дәндері малдарға жем-шөп, сондай-ақ сүрлемдік бағытта қолданылады. Құрғақ массасынан адам қолданысына қажетті қызыл бояулар алынады. Олардың сабақтарынан қағаз, сыпырғы, сондай-ақ құрылыс материалдары ретінде де пайдаланылады. Ауылшарауышылқ сала басшылары міндетті түрде өндіріске салған қаржының қайтуын бірінші кезекке қояды. «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары қант құмайын арнайы күріш ауыспалы егістігіне орналастырып, өнімділігіне әсерлі факторларды зерттеуді басшылыққа алды. Барлық облыс аудандарында қант құмайының дәндік, сүрлемдік массасының өнімділігі егу мен күтіп-баптау жұмыстарын механизациялауға және ондағы жүргізілетін операциялардың агротехникалық талаптарымен жергілікті жерге бейімделген репродукциялы сорттарды таңдау, т.б. технологиялық процестердің жүргізілу тәртіптерін айқындады. Бұл дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өте құрғақшылық аудандарда да жоғарғы өнімділікке ие. Сондай-ақ суды үнемдеумен қатар, шығыны аз, өнімі жоғары, мықты дамыған тамыр жүйелері айдалмалы қабаттың физикалық құрамын жақсартып, негізгі тамырлары 2-3 метр тереңдікке бойлап, жердің беткі және астыңғы қабаттарындағы айналым процестерін жақсартады. Мал шаруашылығының берік жем-шөп қорын жасауда аса қажетті дақыл ретінде өңіріміздегі ауыспалы егіс құрамына енгізуге толық мүмкіндігі бар дақыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет