Образования



бет95/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   248
Кілт сөздер: термопара, температура, түрлендіргіштер, термоэлектродтар, термопаралық кабель.


Кіріспе. Қазіргі таңда өндірістегі, энергетикадағы (әсіресе атом энергетикасында) және ғылымда технологиялық үрдістердің параметрлерін өлшеуде, соның ішінде температураның мәнін нақты өлшеуде өте қатаң талаптар қойылуда. Шетелдік және еліміздің мамандары заманауи өндірістік кәсіпорындардағы технологиялық үрдістерді бақылау және реттеу бойынша жүргізген сараптамаға сәйкес кәсіпорындардағы барлық өлшеулердің 40—50% жұмыс ортасының, сондай-ақ технологиялық агрегаттардың негізгі түйіндерінің температурасын өлшеуге және реттеуге байланысты болып табылады.
Технологиялық үрдістің температурасын нақты, әрі дәл өлшеуге қойылатын талаптар күн сайын артып келеді, өйткені температуралар өндірістің тиімділігіне және соңғы алынған өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Бұл көптеген өнімдер өндірісінде және үрдістерде байқалады, мысалы автомобиль жанар майларынан, металды құюдан, жылумен қамтамасыз ету станцияларындағы жылуды есептеуден бастап азық – түлік өндірісіне дейін. Сонымен қатар температура мәнінің нақты болуы көптеген технологиялық процестердің қауіпсіздік дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты термопаралардың мәндерді нақты көрсету мәселесі күннен күнге артып келеді.
Зерттеу материалдары мен әдістемесі. Орташа температураларды өлшеуде қолданылатын көптеген құралдарының арасында ең көп тарағаны температураны жанас-палы (контактный) әдіспен өлшеу. Өндірістегі және ғылыми зерттеулерде қолданылатын барлық температура өлшегіштердің басым көпшілігі термоэлектрлік түрлендіргіштер болып табылады, олардың сезімтал элементтері болып термопаралар саналады.
Термоэлектрлік түрлендіргіштердің көп таралуы олардың бірқатар артықшылықта-рына байланысты: өлшенетін температуралар диапазонының кеңдігі; монтаждау және техникалық қызмет көрсету ыңғайлылығы (термопараны июге және оған кез-келген пішінді беруге болады, термопараны екінші ретті аспаптан алыс жерге орнатуға болады); ықшам т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет