Температура тұрақты болғанда макроскопиялық денелердің термодинамикалық жүйесі
күйінің өзгеру процесін изотермиялық деп атайды. Идеал газ күйінің теңдеуіне сәйкес
тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне
көбейтіндісіне тұрақты болады, яғни T = const pV=const. Егер газдың температурасы
өзгермесе , онда оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі
тұрақты болады. Изотермалық процессті жүзеге асыру үшін жүйе, термостатқа
орналастырылады. Бұл жағдайда термостаттың жылу өткізгіштігі өте үлкен болып келеді
де, жүйе температурасының іс жүзінде термостат температурасынан айырмашылығы
болмайды. Изотермалық процесстің мысалына тұрақты температурадағы сұйықтықтың
қайнауы не қатты дененің балқуы жатады. Изотермалық процесс кезіндегі идеал газда
қысым мен көлемнің көбейтіндісі тұрақты болады. Изотермалық процесс кезінде жүйеге
белгілі бір жылу мөлшері беріледі (не одан белгілі бір жылу мөлшері алынады) және
оның есебінен сыртқы жұмыс жасалады. Егер фазалық ауысу болмаса, онда изотермалық
процесс кезінде қатты дененің және көптеген сұйықтықтардың көлемі өте аз өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: