Көлем тұрақты болғанда термодинмикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изохоралық
деп атайды. Күй теңдеуінен газдың көлемі өзгермеген кездегі кез келген күйінде газ
қысымының температураға қатынасы тұрақты болатыны шығады. Егер газ көлемі
өзгермесе, онда массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатынасы
тұрақты болады. Изохоралық процессті көлемі өзгермейтін герметикалық
(тұмшаланған) ыдыстағы газдар мен сұйықтықтарда жүзеге асыруға болады. Дене
көлемінің өзгеруіне ішкі энергиясының өзгеруі жылудың жұтылуы не шығуы есебінен
атқарылады. Температураның өзгеруіне байланысты газдың (сұйықтықтың) қысымы да
өзгереді. Изохоралық процесс кезінде идеал газдың қысымы температураға
пропорционал (Шарль заңы) болады. Нақты (идеал емес) газда Шарль заңы
орындалмайды. Өйткені газға берілген жылудың белгілі бір бөлігі бөлшектердің өзара
әсерлесу энергиясын арттыруға жұмсалады. Ал қатты денедегі изохоралық процессті
атқару техникалық жағынан едәуір күрделі болып келеді. Сығылғыштығы өте аз қатты
денедегі кез келген изотермалық процесті, бірнеше ондаған килобар қысымға дейін,
изохоралық процесс деп есептеуге болады.а қатынасы тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: