АҚШ-тағы АҚҚ туралы заңдарының хронологиялық жүйе-лігін қарастырайық: - 1831 ж. статут – баспа басылымның қорғанышы;
- 1832 ж. статут – суреттер мен фотографиялар қорғанышы;
- 1870 ж. статут – көріністер, суреттер, мүсіншелер, мүсін мен бейнелеу өнерінің туындыларының авторлық құқықтарын қорғау;
- 1912 ж. статут – киносуреттемелер;
- 1971 ж. статут – дыбыс жазулар;
- 1980 ж. статут – компьютерлік бағдарламалар.
- Компьютер технологиясы мен Интернеттің дамуымен интеллектуалдық меншік институты кезекті күйзеліске ұрынды.
ИМ құқығын материалды объектілердің құқығы ретінде ұғынылуы - «ой мен объекті» теңестіруге болмайды
- интеллектуалдық меншікті интеллектуалдық іс-әрекеттің объективті түрде көрсетілген нәтиже ретінде, сондай нәтиженің материалды иеленуші ретінде қарастырудың принципті мүмкіндігі
Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтас құқықтары туралы» заңында - «Интеллектуалдық меншік – шығармашылық іс-әрекеттің объективтендірілген нәтижелеріне меншіктері».
ИМ Әлемдік ұйымын құрайтын Конвенцияға» сай 1967 жылының 17 шілдесінен бастап - негізінде шығармаларға, өнеркәсіп үлгілеріне, тауар белгілеріне және тауар өндірілген орнын атауына ерекше көңіл бөлетін өнеркәсіп меншігі; әдеби, музыкалық, бейнелеу, суреттер және аудиовизуалды шығармалар құқығы деп түсінілетін авторлық құқық
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес - им объектілері болып иш нәтижелері және азаматтық айналымның қатысушыларын, тауарларын, жұмыстар мен қызметтерін жекелеу құралдары да жатады. Сонымен бірге ондай нәтижелерге: ғылыми, әдеби, өнер шығармаларын; орындаулар, фонограммалар және де мәлімдеу бірлестіктерінің хабарларын; өнімдер, өнеркәсіп модельдерін, маңызды үлгілерін; селекциондық жетістіктерін; интегралды микрокесте топологиясын, ашылмаған ақпарат, соның ішінде өндіріс құпияларын жатқыза аламыз.
- Өнеркәсіп атаулары, тауар белгілері, тауардың пайда болған жерінің атауы және де жекелеудің басқа да әдістері азаматтық айналымның қатысушыларын, тауарларын, жұмыстар мен қызметтерін жекелеу құралдарының құрамында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |