Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия,
камзол, кәзекей,
кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа
арналып тігіледі. Олар қыз киімдері,
келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен
бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі
кестелі,
әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола
түседі.
XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда
XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста
киетін негізгі аяқ
киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты
саптама етік болды.
Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең
жібек шапандар болған.
Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың
және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз
болмаған.
Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай
олардың бас киімдері да
ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген,
төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас
киімі–сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен,
асыл тастармен, аң
терілерімен барынша сәнделетін еді.
Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ матадан дайындалған.
Қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй. Ол
ағаш пен киізден жасалып, шаңырақ, уық,
керегеден тұрады. Киіз үй көлемі кереге
қанаттарының санына байланысты болды. Алты,
сегіз, он, тіпті отыз қанатты киіз үйлер болған.
Киіз үйлер бірнеше түрге бөлінді:
салтанатты
киіз үйлер, қарапайым баспана түріндегі киіз
үйлер, шаруашылық мақсатта пайдаланылған киіз
үйлер және жорық киіз үйлері. Киіз үйдің
ортасында ошақ, кіреберіске қарсы құрметті
орын төр орналасты. Киіз үй жиһазы ағаш пен
тері, киізден жасалған бұйымдардан тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: